Көксарай су реттегішіне су жинау жұмыстары жүргізілуде


Декабрь 14, 2022
Көксарай су реттегішіне су жинау жұмыстары жүргізілуде


Сырдария өзені арқылы судың көп келуіне байланысты,
бүгін, (13.12.2022ж.) «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Шардара су қоймасынан болжамдық кестеге сәйкес, Сырдария өзенінің төменгі ағысына су босатылып, Арыс қаласы аумағында орналасқан, Көксарай су реттегішінің пайдалану ережесіне сәйкес су жинау басталуда.


Осыған орай Түркістан облысы Арыс ауданында орналасқан «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Көксарай су реттегішіне Шардара су қоймасынан 2022 жылы 13-шы желтоқсаннан қосымша су қорын жинау кезінде, су келу мен толу аумағында орналасқан елді мекендер сондай-ақ, Көксарай су реттегішінің ішінде шаруашылығын жүргізушілердің (мал шаруашылығы) техникалар және мүліктерді көшіру бойынша жұмыстарын жүргізуді жоспарлаудамыз.


Мәлімет үшін:
Сырдария өзеніндегі 2022 - 2023 жылдар аралығындағы қысқы және көктемгі кезеңдегі өтетін тасқын суларды қауіпсіз өткізу мақсатында, Көксарай су реттегіші кешенінде алдын ала жоспарланған ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан кешені ықпал ету аумағындағы Сырдария өзеніндегі су ағынын оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге дайын.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise