Хабар 24 телеарнасына сұхбат


Декабрь 8, 2022
"Қазсушар" РМК Түркістан филиалының су пайдалану бөлімінің басшысы Бекмұратов Рүстембек “Хабар 24” телеарнасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында бөлім басшысы Түркістан облысы аймағындағы су ресурстарының қазіргі күйі жайлы баяндап берді. Ағымдағы жылы егіс алқаптарының құрылымында негізгі алаңды мақта және жемшөп дақылдары алып жатыр, сондай-ақ майлы дақылдар, көкөністер, бақша дақылдары, жүзімдіктер, жеміс ағаштары мен дәнді дақылдар біртіндеп өсуде. Ағымдағы жылы облыс бойынша сумен қамтамасыз ету тұрақты болды.

Түркістан облысы бойынша су шаруашылығындағы негізгі басымдық - елдің азық-түлік қауіпсіздігі. Түркістан облысы ішкі және сыртқы нарықтарға өнім беретін негізгі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады.
Суармалы су суару жүйелері арқылы су пайдаланушыларға жеткізіледі.

Бүкіл суару жүйесі кеңес заманында 1960-1980 жылдар аралығында салынған. Осы кезеңде 40 жылдан астам уақыт өтті, суару жүйесі гидротехникалық құрылыстарды жаңартуды және қайта құруды қажет етеді. Мемлекет тарапынан республикалық қаржыландыру есебінен және ірі қаржы банктері ұсынатын халықаралық инвестициялар есебінен суару желілерін реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражатына 2009-2022 жылдар аралығында Түркістан облысы бойынша объектілердің құрылысы жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде:
- каналдарға ілінген суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.
- Түркістан облысы аудандарының ауыл тұрғындарының әлеуметтік - экономикалық өмір сүру жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ететін өнім мен оның сапасы артады (бәсекеге қабілетті өнім алу үшін).

Биылғы жылы Ордабасы, Отырар және Түркістан дихандарының, суармалы су тапшылығы туралы айтылып, жетіспеушілік қандай себеппен болғаны, мәселенің шешіліп жатқандығы айтылды.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise