
"Таза Қазақстан" акциясының қорытындысы: 10,45 км канал тазартылды
Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында, Талғар ауданы әкімдігімен бірлесіп, 11 сәуір күні «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы ауқымды сенбілік жұмыстарын өткізді.
Талғар, Еңбекшіқазақ, Шелек, Бартоғай, Таусүгір өндірістік учаскелері ҮАК бойында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Күрті өндірістік учаскесі Оң жақ Күрті магистралды каналында тазалау жұмыстарын жүргізді. Жастар мен еріктілер белсенді атсалысты. Барлығы 299 адам жұмылдырылды. 9 арнайы техника тартылды.
Нәтижесінде:
Таза су арналары – қауіпсіз әрі тиімді су шаруашылығының негізі.
Жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Итоги акции «Таза Қазақстан»: на БАКе очищено 10,45 км каналов
В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан», совместно с акиматом Талгарского района, 11 апреля филиалом «Большой Алматинский канал им. Д. Кунаева» проведён масштабный субботник.
Производственные участки Талгарский, Енбекшиказахский, Шелекский, Бартогайский, Таусугурский провели субботник на БАКе. Куртинский производственный участок провёл работы по очистке Правобережного Куртинского магистрального канала. Активное участие приняли молодежь и волонтеры. Всего задействовано 299 человек. Привлечено 9 единиц спецтехники.
Результат:
1) Очищено 10,45 км каналов;
2) Вывезено 13 грузовых машин мусора;
3) Каналы очищены от камыша, древесной поросли и бытовых отходов;
4) Работы проведены во всех производственных участках филиала.
Чистые каналы — основа эффективного водоснабжения и безопасности.
Работы будут продолжены на системной основе.
Фермерлерді сумен қамтамасыз ету
2026 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Үлкен Алматы каналы арқылы су алатын Еңбекшіқазақ ауданы Ассы ауылдық округі Қызылшарық ауылының шаруалар тарапынан су беру жөнінде өтінімдер түспеген. 6 мамыр күні «Қазсушар» РМК-ның «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының мамандары Ассы ауылдық округінің әкімі мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Қызылшарық ауылында жиналыс өткізіп, суару суын беру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында су беру бойынша өтінімдер қабылдау ұйымдастырылды. Нәтижесінде жалпы аумағы 102,2 гектарды құрайтын 35 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта жасалған келісімшарттарға сәйкес магистральдық канал арқылы секундына 2 м³ көлемінде суару суы жіберілуде.
Водообеспечение фермеров
По состоянию на 5 мая фермеры села Кызылшарык Ассинского сельского округа Енбекшиказахского района, получающие воду через Большой Алматинский канал, не подавали заявок на подачу воды. 6 мая специалисты филиала РГП «Казводхоз» «Большой Алматинский канал им. Д. Кунаева» провели в селе Кызылшарык собрание с участием акима Ассинского сельского округа и сельхозтоваропроизводителей, где были даны разъяснения по порядку подачи поливной воды.
На месте был организован прием заявок на водоподачу. В результате было принято 35 заявок на общую площадь 102,2 га. В настоящее время в соответствии с заключенными договорами осуществляется подача поливной воды по магистральному каналу в объеме 2 м³/с.
06.05.2026
Жылдық метрологиялық жоспарға сәйкес және «Су шаруашылығы объектілеріндегі гидротехникалық құрылыстарды мемлекеттік метрологиялық аттестаттауға дайындау ережелері» негізінде «Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының маманыдарының біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Оқыту «Қазсушар” РМК-ның «Су метрологиясы» филиалының бас маманы Қуатов А. тарапынан жүргізілді. Жалпы көлемі 40 сағатты құраған оқу бағдарламасы аясында теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Қатысушылар су ағынының жылдамдығын өлшейтін гидрометриялық құралдармен (ИСВП) жұмыс жасау дағдыларын меңгерді.
Аталған оқу шарасы бес мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және су ресурстарын тиімді басқару сапасын жетілдіруге бағытталған.
Повышение квалификации
В соответствии с годовым метрологическим планом и на основании «Правил подготовки гидротехнических сооружений на водохозяйственных объектах к государственной метрологической аттестации» был организован курс повышения квалификации для специалистов филиала «Большой Алматинский канал им. Д.А. Кунаева».
Обучение проводил главный специалист филиала «Водная метрология» РГП «Казводхоз» Куатов А. В рамках учебной программы общим объемом 40 часов были проведены теоретические и практические занятия. Участники освоили навыки работы с гидрометрическими приборами для измерения скорости водного потока (ИСВП).
Данное обучающее мероприятие направлено на повышение профессиональной квалификации пяти специалистов и улучшение качества эффективного управления водными ресурсами.
14.05.2026
Маусым алдындағы жөндеу
Вегетациялық кезең алдында «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы Үлкен Алматы каналында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, жұмыстарды 1 мамыр күні толық аяқтады. Атап айтқанда, 86-87 ПК-нде каналдың бұзылған бетон еңістері геомембранадан сүзгіге қарсы қабат орната отырып қалпына келтіріліп, 20 м3 бетон құйылды. Сонымен қатар, 53-54 ПК-нде каналдың бетон еңістері мен табаны жөнделіп, 24 м3 бетондау жұмыстары орындалды. 173 ПК-нде де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар каналдың сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Предсезонный ремонт
Перед началом вегетационного сезона филиалом «Большой Алматинский канал имени Д. Кунаева» были проведены ремонтно-восстановительные работы на Большом Алматинском канале, которые полностью завершены 1 мая. В частности, на ПК 86-87 восстановлены разрушенные бетонные откосы канала с устройством противофильтрационного слоя из геомембраны, выполнено бетонирование объемом 20 м3. Также на ПК 53-54 восстановлены бетонные откосы и дно канала с объемом бетонирования 24 м3. На ПК 173 проведены ремонтные работы.
Данные работы направлены на обеспечение надежной и стабильной работы канала.



20.05.2026
Авариялық учаскелерді реконструкциялау
Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының апатты учаскелерін қайта жаңарту аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналында жалпы ұзындығы 1,53 шақырымды құрайтын апатты учаскелерді қайта жаңартуды аяқтады.
Жобаны іске асыру нысанның техникалық жағдайын жақсартуға, оның өткізу қабілетін арттыруға және су ысырабын азайтуға мүмкіндік берді, бұл Алматы облысының 33,3 мың гектар суармалы жерін сумен қамтамасыз етуді жақсартты.
«Қайта жаңарту аясында каналдың бұзылған учаскелерін бөлшектеу және монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді. Барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары мерзімінде аяқталды, бұл ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңін уақтылы бастауға мүмкіндік берді», - деді ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Реконструкция аварийных участков
Завершена реконструкция аварийных участков Большого Алматинского канала им. Д. Конаева. Комитет водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации завершил реконструкцию аварийных участков общей протяженностью 1,53 км на Большом Алматинском канале им. Д. Конаева.
Реализация проекта позволила улучшить техническое состояние объекта, повысить его пропускную способность и снизить потери воды, что улучшило водообеспечение 33,3 тыс. га орошаемых земель Алматинской области.
«В рамках реконструкции проведены работы по демонтажу разрушенных участков канала и облицовка монолитным железобетоном. Все строительно-монтажные работы завершены в срок, что позволило своевременно начать вегетационный период текущего года», - сообщил председатель Комитета водного хозяйства МВРИ РК Арсен Жаканбаев.



29.05.2026
Эко-экспедиция
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су ресурстары және мелиорация» факультетінің студенттері Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, «Таза су айдыны» экспедициясы аясында Күрті су қоймасы мен Тасқұтан су көтергіш бөгетінің маңында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, шамамен 60 қап қоқыс жиналып шығарылды.
Экспедицияның негізгі мақсаты:
Аталған іс-шараның нәтижесінде су қоймасы аумағы тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық жағдайы жақсарды. Сонымен қатар, студенттердің экологиялық сауаттылығы артып, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттауға және жастардың еріктілік белсенділігін дамытуға оң ықпал етті.
Табиғатты аялау – болашаққа деген жауапкершілік!
Эко-экспедиция
Студенты факультета «Водные ресурсы и мелиорация» Казахского национального аграрного исследовательского университета совместно с сотрудниками филиала «Большой Алматинский канал им. Д. Кунаева» в рамках экспедиции «Таза су айдыны» провели работы по санитарной очистке территории вокруг Куртинского водохранилища и водоподъемной плотины Таскутан.
В ходе мероприятия территория была очищена от бытовых отходов, собрано и вывезено около 60 мешков мусора.
Основная цель экспедиции:
1) очистка водоема и прибрежной территории от бытовых отходов;
2) формирование экологической культуры;
3) привлечение внимания общественности к охране окружающей среды;
4) повышение экологической ответственности студентов.
В результате данного мероприятия территория водохранилища была очищена, улучшилось санитарное состояние окружающей среды. Кроме того, повысилась экологическая грамотность студентов, что оказало положительное влияние на пропаганду культуры охраны природы и развитие волонтерской активности молодежи.
Бережное отношение к природе – ответственность за будущее!
03.06.2026
Кәсіптік бағдар және практика
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында су саласы үшін мамандар даярлау және студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Осы меморандумға сәйкес «Су ресурстары және су пайдалану» және «Гидрогеология және геоэкология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан 116 бірінші курс студенті «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалына қарасты Күрті су қоймасына таныстыру оқу экскурсиясымен келді.
Экскурсия барысында студенттер су қоймасының жұмысымен, оның негізгі гидротехникалық құрылыстарымен, су жинау және су бөлу жүйелерімен, сондай-ақ су ресурстарын басқару және пайдалану ерекшеліктерімен танысты. Филиал мамандары су шаруашылығы саласының маңыздылығы, гидротехникалық нысандарды пайдалану қағидалары және қазіргі таңда су саласында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Мұндай тәжірибелік іс-шаралар болашақ мамандардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, су шаруашылығы саласына деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Профориентация и практика
В рамках Меморандума о взаимопонимании и сотрудничестве между Министерством водных ресурсов и ирригации РК и «Казахский национальный научно-технический университет им. К.И. Сатбаева» проводится совместная работа по подготовке специалистов водного сектора и организации для студентов производственного опыта.
В соответствии с этим меморандумом на Куртинское водохранилище филиала «Большой Алматинский канал имени Д. Кунаева» прибыли 116 первокурсников, обучающихся по образовательным программам «Водные ресурсы и водопользование» и «Гидрогеология и геоэкология».
В ходе экскурсии учащихся познакомили с работой водохранилища, его основными гидротехническими конструкциями, системами сбора и водораспределения, а также с управлением и использованием водных ресурсов. Специалисты филиала представили исчерпывающую информацию о важности водного хозяйства, правилах использования гидротехнических сооружений и текущих работах, проводимых в данной сфере.
Такие практические мероприятия позволяют будущим специалистам применять свои теоретические знания на практике, повышать интерес к водному хозяйству и развивать свои профессиональные навыки.