
08.06.2026
«Қазсушар» РМК-ның Жетісу облыстық филиалы Алакөл ауданындағы Тентек гидроторабын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжат әзірледі. Жоба мемлекеттік сараптамаға жолданды. Құрылыс-монтаж жұмыстары сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін басталады деп жоспарланып отыр.
Реконструкция нәтижесінде нысандағы гидротехникалық құрылыстардың сенімділігі артып, су ресурстарының шығыны азаяды. Сондай-ақ суды бөлу тиімділігі жақсарып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тентек өзеніндегі су алу гидроторабы 1975 жылы пайдалануға берілген. Нысанның су өткізу қуаты секундына шамамен 1260 текше метр. Көп жылдар бойы бұл гидроторап Алакөл ауданындағы суару жүйесінің негізгі нысандарының біріне айналып, 31 мың гектардан астам суармалы жерді сумен қамтамасыз етіп келеді.
Филиал РГП «Казводхоз» по области Жетісу разработал проектно-сметную документацию на реконструкцию Тентекского гидроузла в Алакольском районе. Проект направлен на государственную экспертизу. Начать строительно-монтажные работы планируется после получения положительного заключения.
Реконструкция позволит повысить надежность.
https://www.instagram.com/reel/DZUnPpBNd4_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
06.06.2026
Бас прокуратура «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Астана қаласының прокуратурасымен бірлесіп, спортшы, janaМen әлеуметтік жобасының негізін қалаушы Айтым Жақыповтың қатысуымен алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы әлеуметтік ролик дайындады.
В рамках реализации Концепции «Закон и порядок» Генеральной прокуратурой совместно с прокуратурой г.Астаны, при участии спортсмена, основателя социального проекта JanaMen Айтыма Жакупова, подготовлен социальный ролик о распространённых способах мошенничества.
https://www.instagram.com/reel/DZMXBFLslUj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
21.05.2026
В Каратальском районе проводятся работы по механизированной очистке магистральных каналов "Кушук-Кальпе" и "Тас-Арық".
В рамках работ осуществляется удаление иловых отложений, наносов, растительности и мусора, а также восстановление пропускной способности каналов.
https://www.instagram.com/reel/DYmUFKKurF3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
18.05.2026
В Аксуском районе проводятся работы по механизированной очистке внутрихозяйственного канала "Шонды".
В рамках работ осуществляется удаление иловых отложений, наносов, растительности и мусора, а также восстановление пропускной способности каналов.
https://www.instagram.com/p/DYgp4QhFKqP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
15.05.2026
Жетісу облысының Ескелді ауданында ұзындығы 7 шақырым болатын «Жартоған» тарату каналы механикалық әдіспен тазартылып жатыр. Жұмыстар нысанның су өткізу қуатын арттыруға бағытталған. Бұл ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз етуді жақсартып, суару желісін пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
В Ескельдинском районе области Жетісу выполняется механизированная очистка распределительного канала «Жартоган» протяженностью 7 км. Работы направлены на повышение пропускной способности объекта. Это позволит улучшить водообеспечение сельскохозяйственных угодий и повысить эффективность эксплуатации оросительной сети.
https://www.instagram.com/reel/DYWyBqXs-DK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
13.05.2026
2026 жылғы 12 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің ұйымдастыруымен түлектерге арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Жәрмеңке мақсаты – жоғары оқу орны түлектерін жұмыспен қамтуға ықпал ету, олардың еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасау және жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тікелей байланыс орнату.
Іс-шара студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеуге және олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.
Жәрмеңкеге еліміздің жетекші кәсіпорындары мен мекемелері қатысты. Атап айтқанда, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары, Балқаш-Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Алакөл бассейндік инспекциясы, UMAG, Jet Power Bank, «Алматы Су» МКК, «Институт Казгипроводхоз» ЖШС, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазгидрогеология» КеАҚ Алматы филиалы және басқа да ұйымдар болды.
Жәрмеңке аясында қатысушылар арасында ашық диалог орнап, бірқатар студенттер тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу бойынша алдын ала ұсыныстар алды.
https://www.instagram.com/p/DYRS4k_lKuU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
06.05.2026
Бүгін ұжымымызда 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай ер-азаматтарды құттықтау шарасы өтті 🇰🇿
Салтанатты кеш барысында марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, еңбегімен ерекшеленген азаматтарымыз алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мерекелік көңіл-күйді концерттік бағдарлама жалғастырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Барша ер-азаматтарды Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын және еңбектеріңізге табыс тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DX_QNRCMA1v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
04.05.2026
Ақсу ауданында суару желілерін реконструкциялау жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында 37,8 шақырым канал жаңартылып, 170 гидротехникалық нысан салу көзделген. Нәтижесінде 11 548 гектар ауыл шаруашылығы алқабына су жеткізу жақсарады деп жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен сегіз каналда жүргізілуде: КРХ-1-1-1, «Ойтоған», «Қаратоған», «Алтынарық», «Сол жағалау», 1РХ, «Танеке» және ВРХ-1.
Көксу ауданында да суару жүйелерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба 15 537 гектар суармалы жерге су жеткізуді жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба аясында 266,4 шақырым канал қайта жөнделіп, 1 099 гидротехникалық нысан салу қарастырылған. Қазіргі уақытта жұмыстар Р-1-1, «Жекмет», Р-3-4, «Ақшатоған», «Нұрабай», «Орта Арық», «Мәмбет» және «Бақытжан» каналдарында жүргізіліп жатыр. Көксу ауданындағы жоба екі кезеңде жүзеге асырылуда. Бірінші кезең бойынша жұмыстарды биыл аяқтау жоспарланған.
«Бұл жобаларды іске асыру су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту арқылы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бұрын ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған жерлерді қалпына келтіріп, оларды қайтадан экономикалық айналымға енгізу қарастырылған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыруға, шаруалар табысын арттыруға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді деп күтіліп отыр», - деді «Қазсушар» РМК-ның Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Медет Керімжанов.
https://www.instagram.com/p/DX6gm0NDNa0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
30.04.2026
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевпен кездесу өтті. Шараға білім ордасының офлайн форматта 150, онлайн форматта 1000-нан астам студенті қатысты.
Кездесуді әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізді. Ол өз сөзінде аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бүгінгі күннің өзекті бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді.
Арсен Жақанбаев студенттерге «Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» тақырыбында дәріс оқып, еліміздегі су ресурстарын басқару саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
«Су – тіршілік көзі. Оны үнемдеу – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Қазіргі таңда елімізде су ресурстарын тиімді басқару бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, ескірген су қоймаларын жаңарту, су ағынын реттеу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру және суды үнемдеу технологияларын енгізу қолға алынған», – деді комитет төрағасы.
Сондай-ақ, комитет төрағасы су тапшылығы қаупінің артып келе жатқанын атап өтіп, суды үнемдеу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Шара соңында су ресурстарын ұқыпты пайдалану мәдениетін насихаттауға және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға үлес қосқан бірқатар қызметкерлер мен студенттерге ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Алғыс хаты табысталды.
Кездесу аясында Арсен Жақанбаев университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу орнының мұражайын аралады.
#ЦУР #SDG #ТДМ.
https://www.instagram.com/reel/DXvzkAeSkSj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
14.04.2026
Опыт, проверенный временем: профессиональный путь Германа Ивановича Кима.
Ким Герман Иванович — инженер-гидротехник с многолетним опытом работы в сфере водного хозяйства и проектирования гидротехнических сооружений. Его профессиональная деятельность является ярким примером преданности выбранной профессии и высокого уровня инженерной компетенции.
За последние два года, в условиях создания Министерства водных ресурсов Республики Казахстан, в стране существенно изменился подход к развитию водного хозяйства в целом. Усилено внимание к вопросам рационального использования водных ресурсов, модернизации инфраструктуры и повышению эффективности управления отраслью. Эти преобразования подчёркивают особую значимость накопленного практического опыта специалистов, посвятивших свою жизнь развитию водохозяйственной системы.
Герман Иванович родился 9 июня 1943 года в Кызылординской области. В 1966 году он окончил Новочеркасский инженерно-мелиоративный институт по специальности «Гидромелиорация», получив квалификацию инженера-гидротехника. Уже с первых лет своей трудовой деятельности он принимал участие в реализации значимых строительных и водохозяйственных проектов.
Свою карьеру он начал в должности прораба в тресте «Чардарастрой», где приобрёл практический опыт в строительстве гидротехнических объектов. В дальнейшем работал в различных организациях, в том числе в проектных и строительных структурах, занимая ответственные должности — от прораба до руководителя группы в проектном институте.
Особое место в его профессиональной биографии занимает работа в системе Филиала Жетісу РГП «Казводхоз», где он успешно трудился в качестве инженера-сметчика и инженера проекта, внося значительный вклад в развитие водохозяйственной инфраструктуры региона.
Несмотря на солидный профессиональный стаж, он и сегодня активно участвует в работе коллектива. В настоящее время Герман Иванович продолжает оказывать практическую помощь молодым специалистам, делясь своим богатым опытом в области проектирования и разработки проектно-сметной документации. Его знания и наставничество способствуют повышению качества проектов и профессиональному росту нового поколения инженеров.
https://www.instagram.com/p/DXI5uYjlGTY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
14.04.2026
2026 жылғы 1-сәуірден бастап “Қазсушар” РМК каналдары арқылы суармалы су жеткізу қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейінің көтерілуі және бірыңғай тарифтік сметаның бекітілуіне байланысты, “Қазсушар” РМК Жетісу филиалының директоры М. Керимжанов пен Қаратал ауданы әкімінің орынбасары С. Үсенов шаруа қожалықтары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында соңғы жылдары атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп, алдағы вегетациялық кезеңге арналған жұмыс жоспарлары таныстырылды. Жиынға шаруа қожалықтарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері және Қаратал өндірістік учаскесінің мамандары қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DXHS3gFAp79/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
13.04.2026
«Қазсушар» РМК-ның Жетісу облысындағы филиалы Ескелді ауданындағы «Алмалы» магистральдық каналында ұзындығы 2,8 км учаскеде темірбетон науаларды төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар су шығынын барынша азайтып, суды жеткізу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру каналдың техникалық жағдайын жақсартуға және ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Филиал РГП «Казводхоз» по области Жетісу проводит укладку железобетонных лотков на магистральном канале «Алмалы» в Ескельдинском районе, на участке длиной 2,8 км. Работы позволят значительно снизить потери воды и повысить эффективность ее подачи. Реализация проекта направлена на улучшение технического состояния канала и обеспечение стабильного водоснабжения сельскохозяйственных угодий.
https://www.instagram.com/reel/DXESKWzjGW3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
09.04.2026
В связи со стартом весеннего сева в Панфиловском районе состоялось масштабное совещание с участием глав крестьянских хозяйств и полеводов, посвященное самым острым вопросам сельскохозяйственной отрасли, передает корреспондент Vestnik19.kz
В работе мобильной группы участвовали руководители отделов управления сельского хозяйства области Жетісу — Аманбек Касымов, Ержан Шагылбаев, главный специалист Меруерт Бижигитова, а также представители регионального оператора по доставке дизельного топлива, акимы сельских округов и профильные специалисты.
Подробнее
https://vestnik19.kz/?p=71703&preview=true
Видео пресс-службы акимата Панфиловского района.
https://www.instagram.com/reel/DW535qyhyJf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
07.04.2026
В Ескельдинском районе на магистральном канале «Тас-Арык» проводятся работы по механизированной очистке внутрихозяйственного канала Р-5.
В рамках работ осуществляется удаление иловых отложений, наносов, растительности и мусора, а также восстановление пропускной способности каналов.
https://www.instagram.com/reel/DW0j55MDsn9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
31.03.2026
Көктемгі дала жұмыстары қарқын алып, жер жібіп, диқандар егін қамына кіріскен шақта су мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Осыған байланысты өңір басшысы мен Жетісу филиалы РМК "Қазсушар" Қаратал өндірістік учаскесінің басшысы Бақытжан Асқарбекұлы дамбаларды аралап, Қаратал өзенінің қазіргі жағдайын жіті бақылауға алды.
https://www.instagram.com/reel/DWk6JYaCgmK/?utm_source=ig_webcopy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
23.03.2026
Жетісу облысының аудандарында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.
Жетісу облысында бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шаралар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу және Панфилов аудандарындағы сегіз бұлақта өтті. Бұл бұлақ көздерінің суы ауызсу, емдік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылады.
Акцияға 600-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев, аудандық әкімдіктердің өкілдері, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының және «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» РММ мамандары және облыс зейнеткерлдерімен колледж студенттері бар.
Іс-шара қорытындысы бойынша бұлақтарға тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп және табиғи жер бетіне шығу көзі қалпына келтірілді.
«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары! Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Бүгінгі шараға белсенді қатысу арқылы біз келер ұрпаққа таза табиғатты аманат етеміз», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын іске қосқан болатын.
Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция елдің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақты қамтыды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысып, бұлақ көздері ашылып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар іргелес аумақтарды тазалау, абаттандыру, қоқыс жинау және көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі ел аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Қор және мұрағат материалдары негізінде 2772 бұлақты қамтитын карта жасақталған. Бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады.
https://www.instagram.com/p/DWOSJ10lJgQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
18.03.2026
18 наурыз – Ұлттық киім күні.
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Әр ою, әр өрнек – ата-бабамыздың аманаты, рухани мұрасы.
https://www.instagram.com/reel/DWBiP_7jDr_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D
04.03.2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Арыстан Асқар РМК «Казсушар» Жетісу филиалының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытындағы нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша түсіндіру семинар кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың қоғамға және мемлекеттік жүйеге тигізетін әсері, әділдік, ашықтық қағидаттары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту болып табылады.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау, сондай-ақ ұйым қызметінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілікті нығайту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және халыққа адал әрі жауапкершілікпен қызмет ету қағидаттары кеңінен түсіндірілді.
https://www.instagram.com/reel/DVeBjP2jETd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA%3D%3D