Құрылу тарихы


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны “Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 196 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен құрылды және олардың табыстау актілеріне сәйкес берілген барлық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

Жарғы негізінде «Қазсушар» РМК басты қызметі республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін ұстау, пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Кәсіпорын теңгеріміндегі гидротехникалық құрылыстар мен кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистралдық су құбырлары мен өзге су шаруашылығы объектілерін ұстау, пайдалану және қалпына келтіру болып табылады.

Managed by Immediate XRise