Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі су қоймаларының жағдайы туралы есеп берілді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы жылдары су тапшылығын болдырмауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда көрші елдердің құзыретті органдарымен өзара ықпалдаса отырып, су нысандарын қайта қалпына келтіру, цифрландыру және шаруаларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынды.
2013 жылғы 30 мамырда елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілді.
Осы орайда бүгін Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE) атты БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Бұл туралы Түркістан облысында өткен ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша көшпелі отырысында белгілі болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңартылған нормалар "Қазсушар" РМК-да талқыланды. Су ресурстар комитеті басшысының орынбасары Айдар Тастеміровтың төрағалығымен өткен кездесуге кәсіпорынның бас директоры Алтай Елжасов, сондай-ақ бейне байланыс арқылы еліміздің барлық өндірістік филиалдары мен су арналарының өкілдері қатысты.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Варфоломей су қоймасының жағдайымен танысты. Өңірдегі сушылар ведомство басшысына егістіктерге судың жетіспеушілігі мәселесі мен су қоймаларының ахуалы туралы баяндадады.
Малайсары ауылындағы ауыз су барлық талапқа сәйкес келеді. Бұл туралы «Қазсушар» РМК-ны қызметкерлерінің аталған ауылға жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылындағы Май топтық су құбыры Су тазарту станциясының резервуарлары толықтай тазартылды. Еске сала кетейік, аталған ауыл тұрғындары ауыз суда ерекше дәм бар деп БАҚ өкілдеріне шағымданған болатын. Осы мәселе бойынша, Су ресурстар комитетінің өкілдері жұмыс сапарымен аталған ауылға барды. Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, далалық жүрмелі жиын өткен болатын. Жиын қорытындысымен, сала комитеті ауыл белсенділерін тарта отырып резервуарларды тазарту жөнінде шешімге келді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар толықтай жүргізілді.
«Су айдау станциясында екі резервуар бар. Біріншісіндегі суды түгелдей ағызып, гипохлоритпен тазаладық. Екінші резервуарды да дәл солай тазаладық. Ауылдың төрт жерінен артық су шығарылды. Содан кейін, тұрғындардың өздерін қатыстыра отырып тәуелсіз комиссия құрылды. Олар тазартылғандарды тексеріп, оң бағасын берді» -, деп атап өтті «Май-Сервис» МҚК-ның директоры Серік Құсайынов.
Бұдан бұрын хабарлағандай, комиссия құрамына Павлодар облыстық мәслихат депутаты, жергілікті тұрғындар мен ауыз суға жауапты мамандар кірді. Барлығы атқарылған жұмысқа оң қорытынды берді. Сөзге дәйек ретінде, Май аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауыз су барлық талапқа сәскес келеді деп хабарлады. Енді резервуарды тазарту жұмыстары жылына 2-4 рет жүргізілетін болады.
Managed by Immediate XRise