Жаңалықтар


Оңтүстік өңірлердегі егінді алқаптарға қажетті суармалы судың көбі трансшекаралық өзендерден алынады
Қаңтар 1, 1970
Оңтүстік өңірлердегі егінді алқаптарға қажетті суармалы судың көбі трансшекаралық өзендерден алынады

Мәселен, Жамбыл облысындағы алқаптардың басым бөлігі Қырғызстанның Шу, Талас және Асу өзендерінен алынып, Ақсай, Көксай, Қақпатас, Қарақоныз, Меркі, Аспара секілді ішкі өзендер арқылы суарады. Өңірдің шаруалары үшін жанымды жаңалық- енді Жамбыл облысының Байзақ ауданында 30 жылдан бері суармалы сусыз отырған Абай және Бірлік ауылдары келесі жылдан бастап сумен қамтылатын болды. Бұл 30 жылға жуық шешімін таппай келген мәселе болатын. Қазір ұзындығы 21 шақырым болатын “Өтеміс” темір-бетонды каналының кұрылысы басталды. Бұйырса келесі егін маусымында бұл ауылдың диқандары үшін су тапшылығы болмайды. Бұған қоса «Қазсушар» РМК өңірдегі ескі желілер мен су нысандарын жаңарту жұмыстары жүргізіп жатыр.







Жамбыл облысында 30 жылға жуық суармалы су алмаған ауылдарға су берілетін болды
Қаңтар 1, 1970
Жамбыл облысында 30 жылға жуық суармалы су алмаған ауылдарға су берілетін болды

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 30 жылдан бері суармалы сусыз отырған Абай және Бірлік ауылдары келесі жылдан бастап сумен қамтылатын болды. Бұл туралы  «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді.  Оның сөзінше, қазіргі таңда Байзақ ауданында ұзындығы 21 шықырым 800 метрлік темір-бетонды Өтеміс каналының арна салынуда.  “Бұл ұзақ жылдар бойы егінін суара алмай отырған шаруалардың мәселесін шешіп бермек”,- деді Қ. Бедебаев.

Қазыбек Бедебаевтың сөзінше, биылғы вегетациялық кезең сәуір айында басталған. Облыстың егінді алқабтарына келетін суармалы судың 82 проценті трансшекаралық өзендерден келеді. Алайда, биылғы жылғы су тапшылығы біраз қиындықтар тудырған. Дегенмен «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық бөлімшесі облыс бойынша  550 млн текше метрі шаруаларға үлестірілді.

«Бұл тек Жамбыл облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда, Орта Азия елдерінде орын алып жатқан жайт. Көрші елдерде де су аз. Дегенмен «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері күндіз-түні кезекшілік жасап, ауылдарға кезекпен су беру арқылы су айналымын жасап, шаруаларға қажетті суын берді. Ауыл шаруашылығы басқармасының дерег бойынша барлық шаруалар егіндерін жинап алды. Қурап қалған егін жоқ»,-  деді Қ.Бедебаев.

Сондай-ақ, өңірде ескі желілер мен су нысандары жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жамбыл ауданында «Инженерлі-дренаждарды басқару бағдарламасының» екінші толқыны аясында «Кейкі» каналынды бұған дейін су жерге қосылған арнамен ағып келсе, келесі вегетациялық кезеңде шаруалар лоток каналдар арқылы «техникалық жоғалтусыз» су алатын болады. Меркі ауданында да темір-бетонды арналар мен лоток каналдарының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Жалпы Жамбыл облысында 229,7 мың гектар суармалы жер бар.  “Қазсушар” РМК Жамбыл филиалы соның 169,6 мың гектарына қызмет көрсетеді.

Шу-Талас бассейндік инспекциясы 2020 жылы 3 637,639 млн шаршы метр су тұтынуға рұқсат берген. Оның ішінде 2054,913 млн. м3 суаруға және 1582,726 техникалық қажеттіліктерге қарастырылған.

Негізінен, су трансшекаралық Шу, Талас және Аса өзендерінен алынады. Соның ішінде 80 процентін көрші Қырғыз Республикасы береді. Сонымен қатар, ішкі кіші өзендер – Ақсай, Көксай, Қақпатас, Қараконыз, Меркі, Аспара секілді арқылы суарады.

2020 жылы “Қазсушар” РМК Жамбыл филиалы 2 475 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен су жеткізу бойынша шарт жасасты. Оған сай,  118,8 мың гектар суармалы жерге 1 025,0 млн. м3 сумен қамтуы тиіс болатын.

Алайда, сәуір мен қыркүйек аралығында, яғни вегетациялық кезеңде 79,66 мың га алаңға 550 млн. м3 көлемінде ғана су берілді.

Оның ішінде келесі ауыл шаруашылығы дақылдарына:

– дәнді дақылдар 18,331 мың га алаңға  39,557 млн. м3 су ;

– жүгері 12,099 мың га  алаңға 58,164 млн. м3 су;

– қант қызылшасы 2,888 мың га алаңға 24,909 млн. м3 су;

– картоп 0,793 мың га алаңға 3,464 млн. м3 су;

– көкөністер 9,721 мың га алаңға 108,271 млн. м3 су;

– бақша дақылдары 2,989 мың га алаңға 15,964 млн. м3 су;

– жоңышқа 29,596 мың га алаңға 274,243 млн. м3 су;

– күнбағыс 1,540 мың га алаңға 11,115 млн. м3 су;

– бақшалар 1,709 мың га алаңға 14,609 млн. м3 су:

«Қазгидромет» РМК биыл су аз болады деп пайымдаған еді.  Яғни судың мөлшері жылдағыдан 15-40% төмен деп болжам жасаған болатын.

Мәселені шешу үшін филиал вегетациялық кезең басталғанға дейін облыстық және аудандық әкімдіктерге, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне суармалы суды ұтымды пайдалану мен ылғал сүйетін дақылдарды аз егу және ылғал үнемдейтін технологияларды қолдану керектігін ескерткен. Бұдан бөлек, дақылдарды егу кезінде өндірістік алаңдарымен келісу туралы ұсыныс айтқан.

Суармалы су тапшылығының қазіргі жағдайын ескере келе, облыс және аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірге Қордай, Меркі, Жамбыл, Байзақ, Талас  және Жуалы аудандарындағы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Су айналымы, түнгі және суарудың басқа түрлері бойынша кестелер жасалды. Бұл суды мейлінші тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» РМК 2020 жылдың 1 қазанындағы (3 тоқсан) жағдай бойынша каналдар арқылы сумен жабдықтаудың бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат
Қаңтар 1, 1970
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» РМК 2020 жылдың 1 қазанындағы (3 тоқсан) жағдай бойынша каналдар арқылы сумен жабдықтаудың бекітілген инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат

«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстар комитетінің 2018 жылғы  №198 «2018 жылғы 1 тамыздан бастап 2023 жылғы 31 шілдеге дейінгі кезеңге каналдар арқылы су беру қызметіне инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 177-ОД бірлескен бұйрығымен әзірленді және бекітілді.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру негізгі қорларды жаңартуды, еңбек шығындарын оңтайландыруды, еңбек қауіпсіздігін жақсартуды, реттелетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жабдықтардың сенімділігін арттыруды және реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды қамтамасыз етті.

Инвестициялық бағдарламаның мақсаты – Филиалдардың негізгі құралдарын қалпына келтіруге және қолдауға, каналдар арқылы сумен жабдықтаудың тарифтік сметасында бекітілген амортизациялық аударымдарды қолдана отырып және несие тарта отырып, реттеліп көрсетілетін қызмет жүйесіндегі қондырғыларды ұстау бойынша техникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорынның өндірістік базаларын қайта құруға, жаңартуға және техникалық қайта жарақтандыруға арналған инвестициялық бағдарлама жобаның 1-ші жылында 43 156 407,32 мың теңге сомасында бекітілді, оның ішінде: меншікті қаражат – 976 803,63 мың теңге, қарыз қаражаты – 42 179 603,68 мың теңге.

Қарыз туралы келісім шарттарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу халықаралық ережелер мен ЕҚДБ, ИДБ ХҚҰ сатып алу процедураларына сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша бекітілген инвестициялық бағдарлама 5 480 286,94 мың теңге сомасында іске асырылды, оның 482 637,9 мың теңге жеке қаражаты есебінен, 4 997 649,04 мың теңге сомасында қарыз қаражаты есебінен.Өтелмеген сома 37 676 120,39 мың теңгені құрайды.

Өз қаражаты есебінен бекітілген іс-шаралар бойынша:

– техникалық және негізгі қадағалауды қоса есептегенде «Қаныш Сәтпаев атындағы Канал» филиалының №18 сорғы станциясының сыртқы электрмен жабдықтау үшін 110 кВ АТҚ қосалқы станциясының сыртқы тарату қондырғыларын қайта жаңарту, нақты шығындар 27 791,2 мың теңгені құрайды.

– Қарағанды ​​облысында орналасқан «Қаныш Сәтбаев атындағы Канал» филиалының №20,21,22 сорғы станцияларын сыртқы электрмен жабдықтауға арналған АТҚ 110 кВ қосалқы станциясының сыртқы тарату қондырғысын қайта жаңарту.

Қолданыстағы инвестициялық бағдарламада 636 148,14 мың теңге көлемінде бекітілген іс-шараның нақты шығындар сомасы 328 184,8 мың теңгені құрайды.

– Алматы облысының Ақсу ауданындағы ирригациялық желілерді қайта құру (II кезең) жоспары – 46 030,27 мың теңге, нақты шығындар сомасы 19 186,33 мың теңгені құрайды.

– Қармақшы ауданының Құрайлы каналын күрделі жөндеуден өткізу шығындар сомасы – 168 531,98 мың теңге, нақты шығындар 107 475,57 мың теңгені құрайды.

 ИДБ ХҚҰ несиесі бойынша

Суару және дренажды қалпына келтіру, инвестициялық бағдарлама бойынша бекітілген сома 16 240 102,69 мың теңгені құрады, іс жүзінде 553 426,0 мың теңге көлемінде шаралар орындалды, 15 686 676,69 мың теңге сомасында орындалмады.

ИДБ жобасының игерілмеуіне –Қарыз туралы келісімнің кеш күшіне енуі, яғни 2018 жылдың 3 қаңтарында күшіне енген Иджара қызметтеріне арналған несие (KHZ-0083), Истисна жұмыстарына арналған несие (KHZ-0082) 2018 жылдың 20 қаңтарында күшіне енуі, ИДБ тендерлік құжаттарын ұзақ мерзімді келісуі себеп болып табылады.

Сондай-ақ, төмен дамудың негізгі себептерінің бірі – барлық 6 жобалық объектінің сапасыз жобалық-сметалық құжаттамасы, барлық жобалар түзетуді қажет етеді және бұл мердігерге жұмыстарды сапалы жүргізуге және сәйкесінше төлемдерді уақытында жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, жобаларда мердігер толықтай жұмыс істей алмайтындығы және сәйкесінше қаражатты игере алмайтын 4-5 айлық вегетациялық кезеңдер есепке алынбаған.

ЕҚДБ ХҚҰ несиесі бойынша

Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстарының су шаруашылығы және ирригациялық-дренаждық жүйелерін қайта құру, инвестициялық бағдарлама бойынша бекітілген сома 25 939 501,0 мың теңгені құрады, іс жүзінде 4 444 223,04 мың теңге көлемінде іс-шаралар жүргізілді, 21 495 277,96 мың теңге сомасында орындалмады.

Игерілудің төмендігінің себептері болып табылатын  жағдайлар:

1) Несиенің кеш күшіне енуі, дәлірек айтсақ, 2018 жылдың 20 сәуірінде (кепілдік туралы келісім (ҚР ҚМ – ЕҚДБ) 2017 жылдың 15 мамырында, ал Қаржы келісімдері («Казводхоз» РМК – ЕҚДБ) 2017 жылдың 10 мамырда жасалған);

2) Қарыз келісімінің талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ЕҚДБ сатып алу ережелері мен рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Сәйкесінше тендерлік рәсімдердің барлық кезеңдері бастапқыда күтілгеннен ұзаққа созылды. Мысалы, жобалық менеджмент және дизайн бойынша кеңес беру қызметтерін сатып алу бір жылдан астам уақытты алды.

3) Ақтөбе облысындағы объектілер бойынша тапсырыс беруші Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылатын жобалық сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) сапасының төмендігі атап өтілді.

4) Түркістан және Жамбыл облыстарындағы объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу бастапқыда жоспарланғаннан ұзаққа созылды. Жобалық-сметалық құжаттардың алғашқы топтамалары 2019 жылдың басында ғана алынды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу 2020 жылдың басында аяқталды, яғни, бастапқы жоспарланғаннан 1 жыл кеш әзірленді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тендер жариялау үшін мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған жобалық-сметалық құжаттама болуы қажет. Тендерлік рәсімдер ЕҚДБ ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады (мөлшерлік құжаттама дайындау, техникалық шарттарды дайындау, барлық тендерлік құжаттарды ағылшын тіліне аудару, ЕҚДБ-мен келісу және т.б.), бұл да бастапқы жоспарланған мерзіммен салыстырғанда ұзақ уақытты алды.

Шардара су қоймасы толық жөндеуден өткеннен кейін 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін сейсмикалық төзімділікке ие болады
Қаңтар 1, 1970
Шардара су қоймасы толық жөндеуден өткеннен кейін 7 балдық жер сілкінісіне шыдас беретін сейсмикалық төзімділікке ие болады
Бұл туралы журналистерге арналған пресс-тур барысында су қоймасында сейсмикалық тұрақтылықты нығайту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылыс компаниясының учаске басшысы Ғалым Мырзабаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 1967 жылы «Шардара» су қоймасы ең көп дегенде алты балдық жер сілкінісіне төтеп беретіндей қуаттылықпен салынған. Алайда, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне қарасты «Қазсушар» РМК сақтық шараларын күшейту үшін құмнан көтерілген қабырғаларды қалыңдатып, жер асты суларының деңгейін төмендету үшін «Шардара» су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алған.
“1 млн 100 мың текше метр құм төселеді. Осылайша нысан қабырғасының артқы жағын толығымен нығайтатын боламыз. Жер сілкінісі бола қалса, су астындағы тектоникалық плиталар ойнауы мүмкін. Сонда судың бетінде алып толқындар пайда болады. Бұл – жұмыстардың барлығы соның алдын алу шарасы. Арнайы бұрғыланған тесіктердің санын көбейтіп жатырмыз. Ол жер асты суларының деңгейін төмендетеді,- дейді Ғалым Мырзабаев.
Ал, Қапшағай су қоймасының «Шардара» су қоймасы өндірістік бөлімшесінің басшысы Абай Мүтәлиевтің сөзінше, 2019 жылы су нысанының қабырғаларын нығайтуға республикалық бюджеттен 7 млрд 733 млн теңге қаражат бөлінген. Осылайша 56 жыл бұрын салынған су қоймасын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Су қоймасының құрылысы 2021 жылдың аяғында толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жаңғырту жұмыстарының шамамен 33 проценті аяқталып, құрылыс жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Осы уақытқа дейін Шардара су қоймасындағы ұңғымалардың саны 183 болатын. Қазір ол 600-ге көбейтілді.
Айта кетейік, Шардара су қоймасының жалпы сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метр. Қазір су нысанында 792 млн текше метр су бар. Осының нәтижесінде Шардара ауданы мен Қызылорда облысының біраз бөлігінде вегитациялық кезең сәтті өткен. Егін-терім науқаны кезінде Шардара ауданы мен Қызылорда облысына 7 млрд текше метр су берілген.
Алдағы уақытта «Шардара» су қоймасына сандық технологияларды енгізуді де жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін су бөлу және оны есептеу жұмыстары толығымен автоматтандырылмақ.
“Бұл жердің барлығына электронды есептеуіш құралдары қойылады. Бөгеттен шығып жатқан сулардың барлығы компьютер арқылы есептеліп отырады. Оны біздің мамандар бақылап отырады. Ал, бұрын гидротехниктеріміз платинаның барлығын аралап, судың деңгейін қолмен өлшейтін”,- деді Шардара су қоймасы өндірістік бөлімшесінің басшысы Абай Мүтәлиев.
“Бірге - Таза Қазақстан” экологиялық шарасы барлық аймақтарда өтті
Қаңтар 1, 1970
“Бірге - Таза Қазақстан” экологиялық шарасы барлық аймақтарда өтті
Бүгінгі  «World Сleanup Day»  экологиялық акциясына Экология министрлігінің  барлық өңірдегі құрылымдық бөлімшелері түгел қатысты. Жергілікті тұрғындармен бірге олар айналадағы қоқысты жинап, ағаштар отырғызды.   Экология министрлігі бастамашы болған акция бұл жылы бір уақытта барлық аймақта өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды. Сенбілікке Экология министрлігінің департаменттері, "Қазгидромет РМК, РОП, су, орман шаруашылығы кәсіпорындары, атап айтқанда "Казводхоз" РМК, ұлттық парктер мен басқа да органға қарасты мекемелер атсалысты.   Елордадағы тазалық акциясында Елордада ҚР ЭГТРМ министрі Мағзұм Мырзағалиев, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары болды. Олар триатлон-саябақта ағаштар отырғызып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстарды жинады.   "Қазіргі таңда экологиялық ахуалдың нашарлауы – бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Жер бетінде көптеген табиғи парктер, ормандар, өзен-көлдер, жағажайлар адамдардың салғырттығынан зардап шегуде. Сондықтан бәріміз бірлесе осындай акцияларға белсенді қатысуымыз керек", - деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.   "Бүгінгі шара Президенттің өз Жолдауында  орман алқаптарында 2 млрд,  елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуға байланысты берген тапсырмасын орындауға бағытталған жұмыстың бастамасы. Ағаштарды отырғызу бүкіл ел бойынша жалғасады, - деп пікір білдірді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Бірге - Таза Қазақстан
Қаңтар 1, 1970
Бірге - Таза Қазақстан
Бүкіләлемдік «World Сleanup Day» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ағаштар отырғызылды   Экология министрлігінің бастамасымен бұл жылы акция бір уақытта бүкіл өңірде өтіп жатыр. Шара аясында Елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Акция кезінде санитарлық-эпидемиологиялық сақталды.   "Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында берілген орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасын орындауға бағытталған бүкілхалықтық акцияның тек бастамасы. Ағаш отырғызу ел бойынша әлі жалғасын табады",- деді Экология, геология,геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.   "Негізінен осы жерде, Елорда орталығында жаңа парк болады. Болашақта бұл ағаштар спортшыларды желден қорғайды. Азаматтар жиі келетін, демалуға ыңғайлы, әрі әдемі орынға айналады. Қоршаған ортаның жақсаруына әсерін тигізеді"- деп айтты ол.   Сенбілікке сонымен бірге Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс Төрағасының орынбасары В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.   "Бірге-Таза Қазақстан" акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде волонтерлардың, эко-белсенділердің қатысуымен өтіп жатыр.
Бірге - Таза Қазақстан: Экология министрлігі «Бүкіләлемдік тазалық күні» азаматтық акциясына қатысуға шақырады
Қаңтар 1, 1970
Бірге - Таза Қазақстан: Экология министрлігі «Бүкіләлемдік тазалық күні» азаматтық акциясына қатысуға шақырады
«Жыл сайын 19 қыркүйек күні бүкіл әлемде "World cleanup Day" акциясы өтеді. Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр акция 169 елдің азаматтарын біріктірді. Барлық қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын», - деп жазды ол өз Twitter парақшасында. Министр шараға өз ауласын, айналасындағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы әркім де үлес қоса алатынын атап өтті. Айта кетейік, "World cleanup Day" акциясы 19 қыркүйек күні Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Қатысушыларға қажетті жабдықтар беріледі. Қатысамын деушілер +77017951730 арқылы хабарласуға болады.
«Қазсушр» РМК Бас директоры Солтүстік Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін тексерді.
Қаңтар 1, 1970
«Қазсушр» РМК Бас директоры Солтүстік Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін тексерді.
Жұмыс сапары барысында «Қазсушар» РМК Бас директоры А.Ғ. Қасенов кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан филиалындағы «Сергеев су торабы» өндірістік учаскесін аралады.
Филиал директорының м.а. Ш. Ибатуллин филиалдың гидротехникалық құрылыстарының жұмысы туралы толық айтып берді, ал «Қазсушар» СҚФ бас энергетигі С. Мерешков жылына 13 млн кВт көлемінде электр энергиясын өндіретін «Сергеев су торабы» ӨБ екі гидрогенераторының жұмысы бойынша баяндап берді.
Бас директор гидротехникалық құрылыстың қанағаттанарлық жағдайын атап өтті.
Қазақстанда барлық өңірдегі сулар сапасын онлайн режимде бақылауға болады
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанда барлық өңірдегі сулар сапасын онлайн режимде бақылауға болады
Қазақстанда жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
"Бүгін Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі",- деп жазды министр өз Twitter парақшасында.
Министрдің сөзінше, жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.
"Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі - суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын",- деген Мағзұм Мырзағалиев.

Орал өзенінің жағдайы Қазақстан мен Ресей шекаралық әріптестігі форумында кеңінен талқыланады
Қаңтар 1, 1970
Орал өзенінің жағдайы Қазақстан мен Ресей шекаралық әріптестігі форумында кеңінен талқыланады
Қараша айында Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресей елдері шекаралық әріптестігі форумы өтеді. Жиында негізгі басымдық Орал өзенінің жағдайын талқылауға беріледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысы жұртшылығымен болған онлайн-кездесуде мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының бастамасымен осы жылы қарашада Көкшетауда өтетін шекаралық әріптестік форумында басымдық Орал өзенінің жағдайына, Жайық өзеніндегі проблемаларға беріледі. Біз Ресей Федерациясына бірнеше рет барып, бұл мәселелерді көтергенбіз», - деді М.Мырзағалиев.
Онлайн-кездесуге қатысқан Экология министрлігі шекаралық өзендер департаментінің директоры Әлия Шалабекова өзенде гидрологиялық зерттеу жүргізу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты. Аталған зерттеуде гидротехникалық ғимараттардың өзенге әсері де ескеріледі.
Zoom-жүздесу барысында Батыс Қазақстан облысы тұрғындары министрлік өкілдерімен өңірдегі экологиялық проблемаларды шешуге арналған Жол картасы жобасын да талқылады. Жоспар экологияны жақсартуға негізделген жиырмаға жуық іс-шарадан тұрады. Оның ішінде мемлекеттік орман қорындағы жасыл алқаптар аумағын 2025 жылға дейін 782 гектардан 1200 гектарға жеткізу, жолаушылар көлігінде дизель отынын пайдалануға тыйым салу, өндіріске қалдықтар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және тағы басқа атқарылатын жұмыстар бар.
Жол картасы халықтың ұсыныстары ескеріліп, екі апта ішінде дайындалып бітеді.

Managed by Immediate XRise