Жаңалықтар


Жер жөндеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізгені үшін «Байтур КZ» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту
Қаңтар 1, 1970
Жер жөндеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізгені үшін «Байтур КZ» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) ТҚС-2513-ТҚС-2524 ҚС 10 кВ және екінші кабельдің сыртқы қабатын кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Байтур КZ» ЖШС 2022 жылдың 15 сәуірінде жер қазу жұмыстары кезінде ТҚС-2513-ТҚС-2524 ҚС 10 кВ және екінші кабельдің сыртқы қабаты кабельдік желілерін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 242 тармағын, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайлары қағидаларының 20-тармағын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, электр желілеріне жауапты ұйымның келісімінсіз электр желілерін қорғау аймақтарында жер жұмыстарын жүргізгені үшін «Байтур КZ» ЖШС-ті Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылды.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.


«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау
мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы
бойынша аумақтық департаменті» ММ
Жер жөндеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізгені үшін «Ansar Group Company» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту
Қаңтар 1, 1970
Жер жөндеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізгені үшін «Ansar Group Company» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) «Западная – Коктем» ӘЖ 110 кВ кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Ansar Group Company» ЖШС 2022 жылдың 04 сәуірінде жер қазу жұмыстары кезінде «Западная – Коктем» ӘЖ 110 кВ кабельдік желілерін зақымдады, бұл 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайлары қағидаларының 11-тармағының 5-тармақшасын, 20-тармағын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, электр желілеріне жауапты ұйымның келісімінсіз электр желілерін қорғау аймақтарында жер жұмыстарын жүргізгені үшін «Ansar Group Company» ЖШС-ті Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.
Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.


«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау
мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы
бойынша аумақтық департаменті» ММ
Электр желілерін зақымдағаны үшін «Байтур КZ» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту
Қаңтар 1, 1970
Электр желілерін зақымдағаны үшін «Байтур КZ» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) ТҚС-2513-ТҚС-2524 ҚС 10 кВ және екінші кабельдің сыртқы қабатын кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Байтур КZ» ЖШС 2022 жылдың 15 сәуірінде жер қазу жұмыстары кезінде ТҚС-2513-ТҚС-2524 ҚС 10 кВ күштік кабельдік желілерін зақымдады, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 243, 245 тармақтарын бұзу болып табылады. Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, 1000 вольттан жоғары электр желілерінің зақымдануы үшін «Байтур КZ» ЖШС-ті Кодекстің 302-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылды. Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ
Үкіметте су саясатының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды
Қаңтар 1, 1970
Үкіметте су саясатының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Су кеңесінің отырысын өткізді, онда бір мемлекеттік органға сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету функцияларын біріктіру мәселелері, сондай-ақ Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы қаралды.
Жаңа Су кодексінің консультативтік құжаттары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді
Қаңтар 1, 1970
Жаңа Су кодексінің консультативтік құжаттары бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде ҚР Су кодексінің (жаңа редакциясы) реттеу саясатының консультативтік құжаттары және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – Экология министрлігінің басым міндеттерінің бірі
Қаңтар 1, 1970
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – Экология министрлігінің басым міндеттерінің бірі

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері қаралды.

Жамбыл облысында вегетация маусымына дайындық туралы
Қаңтар 1, 1970
Жамбыл облысында вегетация маусымына дайындық туралы

Өңірде су тапшылығын алдын алу мақсатында салалық мекемелер барлық ықтимал шараларды қабылдауда. Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен "Қазсушар" РМК бас директоры Алтай Елжасов жұмыс сапары барысында танысты.

"Орталық Азия мемлекеттерінің су ынтымақтастығына 30 жыл: Болашаққа сеніммен қараймын" және мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 82-отырысы өтті
Қаңтар 1, 1970
"Орталық Азия мемлекеттерінің су ынтымақтастығына 30 жыл: Болашаққа сеніммен қараймын" және мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 82-отырысы өтті
2022 жылғы 26 сәуірде Түркістан қаласында "Орталық Азия мемлекеттерінің су ынтымақтастығына 30 жыл: Болашаққа сеніммен қарау" тақырыбында Орталық Азия халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінің, Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының атқарушы органдарының өкілдері, сондай-ақ су шаруашылығы ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың мамандары мен сарапшылары қатысты.

Алматы облысында вегетациялық кезеңге дайындық туралы
Қаңтар 1, 1970
Алматы облысында вегетациялық кезеңге дайындық туралы

Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алаңы 140 858,7 гектарды құрайды. Осыған байланысты "Қазсушар" РМК 1 072 113,7 мың м3 суармалы су жеткізуді жоспарлап отыр. Кәсіпорынның бас директоры Алтай Елжасов өңірге жұмыс сапары аясында вегетациялық кезеңге дайындық барысымен танысты.

Ақмола облысында су тасқыны кезеңінің өту ерекшеліктері туралы
Қаңтар 1, 1970
Ақмола облысында су тасқыны кезеңінің өту ерекшеліктері туралы

Осы көктемде өңірде су тасқыны кезеңі салыстырмалы түрде тыныш өтті. Су шаруашылығы объектілерінде үлкен ағындар байқалған жоқ. Көп жағдайда "Қазсушар" РМК Ақмола филиалының барлық қызметтерінің жоспарлы және үйлесімді жұмысының арқасында су басуды болдырмады. Алайда, Есіл өзенінің жайылмасындағы бірқатар елді мекендерде су басу қаупі бар. Оны жою үшін бірқатар маңызды шаралар қажет.


Managed by Immediate XRise