Жаңалықтар


Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Қаңтар 1, 1970
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі су қоймаларының жағдайы туралы есеп берілді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы жылдары су тапшылығын болдырмауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда көрші елдердің құзыретті органдарымен өзара ықпалдаса отырып, су нысандарын қайта қалпына келтіру, цифрландыру және шаруаларды сумен қамтамасыз ету мәселелері қолға алынды. 

Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

2013 жылғы 30 мамырда елімізде мемлекеттің инновациялық іскерлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы» бекітілді.

Осы орайда бүгін Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE) атты БҰҰ бағдарламасымен бірлесіп «Жасыл экономика – Қазақстанның инновациялық және тұрақты дамуының парадигмасы» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.

Суармалы жерлердің көлемі 3 млн гектарға ұлғаяды
Қаңтар 1, 1970
Суармалы жерлердің көлемі 3 млн гектарға ұлғаяды

Бұл туралы Түркістан облысында өткен ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша көшпелі отырысында белгілі болды.

Қазсушар мекемесінің барлық филиалдарында қызметтерін ОНЛАЙН төлеуге болады
Қаңтар 1, 1970
Қазсушар мекемесінің барлық филиалдарында қызметтерін ОНЛАЙН төлеуге болады
 Енді Қазсушар мекемесінің барлық  филиалдары көрсетілген қызмет үшін төлемдерді Homebank (Halyk Bank)  және Kaspi.kz  мобильді қосымша арқылы қабылдайды.  Қосымшаларды Play Market немесе App Store арқылы Homebank,  kaspi.kz  қосымшасын жүктеп алу қажет. Содан кейін төлеу алгоритмі бойынша тиісті қадамдар жүзеге асырылады. Нақтырақ айтсақ, төлеуші екі қосымшада көрсетілген  бас мәзірдегі «ТӨЛЕМДЕР» бөліміне өтуі тиіс.  Содан соң  іздеу баспасы арқылы «ҚАЗСУШАР» енгізіп, өзіңізге қызмет көрсеткен аумақтағы филиалды таңдау керек. Бұл қадамнан кейін, төлеушінің аты-жөнін мен ЖСН жазып, "Төлеу" сілтемесі арқылы төлем жүргізіледі.
Комплаенс- қызметтердің жұмысы тиімді ұйымдастырылуы тиіс - Су ресурстар комитеті
Қаңтар 1, 1970
Комплаенс- қызметтердің жұмысы тиімді ұйымдастырылуы тиіс - Су ресурстар комитеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңартылған нормалар "Қазсушар" РМК-да талқыланды. Су ресурстар комитеті басшысының орынбасары Айдар Тастеміровтың төрағалығымен өткен кездесуге кәсіпорынның бас директоры Алтай Елжасов, сондай-ақ бейне байланыс арқылы еліміздің барлық өндірістік филиалдары мен су арналарының өкілдері қатысты.

Экология министрі Батыс Қазақстандағы су каналдарының жұмысын тексерді
Қаңтар 1, 1970
Экология министрі Батыс Қазақстандағы су каналдарының жұмысын тексерді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Варфоломей су қоймасының жағдайымен танысты. Өңірдегі сушылар ведомство басшысына егістіктерге судың жетіспеушілігі мәселесі мен су қоймаларының ахуалы туралы баяндадады.

Қазсушар басшысы Павлодар облысындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысын жеделдетуді тапсырды
Қаңтар 1, 1970
Қазсушар басшысы Павлодар облысындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысын жеделдетуді тапсырды
«Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, 4 ауданда салынып жатқан жүйелі суармалы нысандардың құрылысымен танысты.
Павлодар облысы: Малайсары ауылындағы Май топтық су құбырының резервуары толықтай тазартылды
Қаңтар 1, 1970
Павлодар облысы: Малайсары ауылындағы Май топтық су құбырының резервуары толықтай тазартылды

Малайсары ауылындағы ауыз су барлық талапқа сәйкес келеді. Бұл туралы «Қазсушар» РМК-ны қызметкерлерінің аталған ауылға жұмыс сапары барысында белгілі болды.

 

Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылындағы Май топтық су құбыры Су тазарту станциясының резервуарлары толықтай тазартылды. Еске сала кетейік, аталған ауыл тұрғындары ауыз суда ерекше дәм бар деп БАҚ өкілдеріне шағымданған болатын. Осы мәселе бойынша, Су ресурстар комитетінің өкілдері жұмыс сапарымен аталған ауылға барды. Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, далалық жүрмелі жиын өткен болатын. Жиын қорытындысымен, сала комитеті ауыл белсенділерін тарта отырып резервуарларды тазарту жөнінде шешімге келді. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар толықтай жүргізілді.

 

«Су айдау станциясында екі резервуар бар. Біріншісіндегі суды түгелдей ағызып, гипохлоритпен тазаладық. Екінші резервуарды да дәл солай тазаладық. Ауылдың төрт жерінен артық су шығарылды. Содан кейін, тұрғындардың өздерін қатыстыра отырып тәуелсіз комиссия құрылды. Олар тазартылғандарды тексеріп, оң бағасын берді» -, деп атап өтті «Май-Сервис» МҚК-ның директоры Серік Құсайынов.

 

Бұдан бұрын хабарлағандай, комиссия құрамына Павлодар облыстық мәслихат депутаты, жергілікті тұрғындар мен ауыз суға жауапты мамандар кірді. Барлығы атқарылған жұмысқа оң қорытынды берді. Сөзге дәйек ретінде, Май аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауыз су барлық талапқа сәскес келеді деп хабарлады. Енді резервуарды тазарту жұмыстары жылына 2-4 рет жүргізілетін болады.

Қазақстанда 1 мамырдан бастап каналдар арқылы су берудің жаңа тарифтері бекітілді
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанда 1 мамырдан бастап каналдар арқылы су берудің жаңа тарифтері бекітілді
Қазір фермерлер 1 текше метр су үшін 74 тиын төлейді.
Біз фермерлерге суармалы суды арналардан тікелей беруге дайынбыз - экология министрлігі
Қаңтар 1, 1970
Біз фермерлерге суармалы суды арналардан тікелей беруге дайынбыз - экология министрлігі
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Бартоғай су қоймасының жұмысымен танысып, суармалы судың жаңа тарифін талқылау үшін жергілікті фермерлермен кездесті.

Managed by Immediate XRise