Жаңалықтар
1 мамырдан бастап Қазақстанда арналар арқылы су берудің орташа өткізу тарифі 1,826 теңге/м3-тен 2,057 теңге/м3-ге дейін, оның ішінде өздігінен ағатын су беретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 0,376 теңге/м3-ден 0,66 теңге/м3-ге дейін ұлғаяды.
Алдағы вегетациялық маусымға дайындықты бағалау және магистральдық арналарды цифрландыру жөніндегі жұмыстармен танысу үшін Түркістан облысына ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев келді. Ведомство басшысы жергілікті тұрғындармен, фермерлермен, су мамандарымен кездесті. Министр суармалы суды ұтымды пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды.
Ауа-райының күрт жылынуына орай еліміздің кей өңірлерінде су басу қаупі орын алуы мүмкін. Осыған байланысты барлық су қоймаларында қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте баяндады.
Фермерлерді жеткілікті суармалы сумен қамтамасыз ету - вегетациялық кезеңдегі жыл сайынғы басым міндет. Маусымның сәттілігі алдын ала қабылданған шараларға байланысты. Әр өңірдің өз дайындығы бар. Алматы облысында сумен қамтамасыз етудің стратегиялық міндеті қалай жүргізілетіні туралы «Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры Саят Құдайбергенов айтып берді.
Managed by Immediate XRise