Жаңалықтар


Қазақстанның Экология министрлігі 2021 жылы Жаңа Су кодексін әзірлеуді жоспарлауда
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанның Экология министрлігі 2021 жылы Жаңа Су кодексін әзірлеуді жоспарлауда

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылы жаңа Су кодексін және «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта хабарлады.

«2021 жылға жаңа Су кодексінің және «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Заңның тұжырымдамаларын әзірлеу жоспарлануда», – деді М.Мырзағалиев Үкімет сағатында.

Оның дерегінше, министрлікте су ресурстарын ұлғайтудың балама жолдарын пайдалану мүмкіндігін, өнеркәсіпте, ауыл және коммуналдық шаруашылықта суды пайдалану тиімділігін арттыруды, сондай-ақ су ресурстарын елдің су тапшы өңірлеріне жіберуді зерттеуге бағытталған ғылыми блок қалыптастырған.

Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді.

«Қолданыстағы кодекске он жеті жыл ішінде 62 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (жылына орта есеппен 3 реттен сәл артық). Нәтижесінде құқық қолдану реттілігінің жоғалуы байқалады, бұл су шаруашылығының барлық деңгейлеріндегі жағдайдың нашарлауына әкеледі», – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, қолданыстағы Кодекс су шаруашылығы құрылыстарын жобалаудың, салудың және пайдаланудың техникалық мәселелерін регламенттемейді.

«Бұл мәселелер әртүрлі құрылыс нормаларымен, ережелерімен, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтарымен реттеледі, ал ГТҚ қауіпсіздік мәселелері ГТҚ қауіпсіздігі туралы арнайы заңмен регламенттелуі тиіс», – деп есептейді министр.







Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады

Қазақстанның бес облысында 500 мың гектарға жуық суармалы жер қалпына келтіріледі, бұл суармалы жерлердің жалпы көлемін 2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді деп хабарлады Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сенатта «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Министрдің мәліметінше, суармалы егіншілік республикадағы негізгі су тұтынушы болып табылады. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің ауданы 1,6 млн. га құрайды.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес бізге үш жылдың ішінде суармалы жерлердің көлемін 2 млн гектарға дейін жеткізу қажет. 2021-2023 жылдар аралығында Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 492 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады», – деді министр.

Осы жұмыстың нәтижесінде 88 мың жұмыс орны құрылады. Құрылыс кезеңінде 11 мың жұмыс орны ашылады.

«Ең бастысы, қалпына келтірілген суармалы жерлерді айналымға енгізу ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл сауда және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларында одан әрі мультипликативті әсер береді», – деп атап өтті Экология министрлігінің басшысы.

2023-2030 жылдар аралығында 1,0 млн.га суармалы жер айналымға енгізіледі. Нәтижесінде жыл сайын 570 млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімінің қосымша көлемі бар 500 мың жұмыс орны құрылады.

Қазақстанда 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанда 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған

Қазақстанның тоғыз өңірінде 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Сенаттағы үкіметтік сағатта хабарлады.

«9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд. м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Оларды жүзеге асыру үшін 115 млрд.теңге қажет», – деді М. Мырзағалиев Үкімет сағатында.

31 су қоймасы іске асырылу сатысында, оның ішінде: 1-уінде құрылыс жүргізілуде (Кеңсай-Қосқорған), 28-і бойынша ТЭН әзірленуде, 3-уінде ЖСҚ әзірленуде (Қараөзек, Күміскеткен, Бузулук).

Су қоймаларын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға; жаңа суармалы жерлерді – 394 мың га айналымға енгізуге; ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға; трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді: 30%-ға дейін – Қырғызстаннан, 25%-ға дейін – Өзбекстаннан, 15%-ға дейін – Ресейден.

Қазақстанның сушылары медальдармен марапатталды
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанның сушылары медальдармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қармағындағы “Қазсушар” республикалық мемлекеттік кәсіпорының 23 қызметкері Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін медальмен марапатталды.

Толқын Балпықов пен Жақыпбек Әбдіқасымға «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдары қайтыс болғаннан кейін берілгенін атап өту маңызды. Олар алғашқылардың қатарында Сардоба су қоймасының жарылысы салдарын жоюға аттанған болатын. Толқын Балпықов пен Жақыпбек Әбдіқасым бір айы бойы төтенше жағдай салдарымен күресті. Денсаулықтары нашарлап, коронавирустан қайтыс болды. Т. Балпықов су саласына өмірінің 27 жылын арнаса, Ж. Әбдіқасым салада 19 жыл қызмет етті.

Аталған азаматтармен бірге оқиға орнына Қазсушар РМК Түркістан облыстық филиалының басқа қызметкерлері де аттанған. Олар ТЖ салдарын жоюдағы табанды еңбек пен кәсібиліктері үшін «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгілерімен, грамота, алғыс хаттармен марапатталды.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды жоюға қатысқан «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының қызметкерлерінің тізімі:

  1. Денис Коновалов – филиал директоры, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі;
  2. Толқын Балпықов – бас инженер (қайтыс болғаннан кейін), «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі;
  3. Жақыпбек Әбдіқасым – директордың орынбасары (қайтыс болғаннан кейін), «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі;
  4. Бағлан Пирматов– эксплуатация бөлімінің бас маманы, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі;

Мақтаарал өндірістік учаскесінің жұмысшылары:

–              Олег Клунный – аға инженер-гидротехник, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісі;

–              Абдиашим Базаров – су тұтыну инженері, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

–              Асан Сатыбалдиев –  І санатты инженер-гидротехник, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

–              Қуатбек Қанаев   –  І санатты инженер-гидротехник, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

–              Сакен Шыназбеков – І санатты инженер-гидротехник, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі;

–              Ерлан Бозаев – ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ грамотасы;

–              Әбдіразақ Сыбанбаев  – ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ грамотасы;

–              Дінмұханбет Ерімбетов – ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ грамотасы;

–              Жұмабек Тілеумбетов – ІІ санатты инженер-гидрометр, ҚР ТЖМ  грамотасы;

–              Мырзалы Түзелов – су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ  грамотасы;

–              Мансур Кучкаров  – су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ  грамотасы;

–              Мұқағали Бөрібеков – су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ  грамотасы;

–              Досжан Бөрібеков – су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

–              Жарылқасын Әбдіқадыров – су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

–              Ермахан Болатов – су беру реттеушісі, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

«364 тік дренажды ұңғымаларды пайдалану» өндірістік бөлімше жұмысшылары

–              Серік Тойтанов – учаске бастығы, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

–              Ермек Баймаханов  – инженер-гидротехник, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

–              Бижан Алдабеков   – маман, ҚР ТЖМ алғыс хаты;

–              Тимур Атантаев – инженер-гидротехник, ҚР ТЖМ алғыс хаты.

Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі бірлескен шаралар Бағдарламасын қабылдайды
Қаңтар 1, 1970
Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі бірлескен шаралар Бағдарламасын қабылдайды

Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі бірлескен шаралардың 2021-2024 жылдарға арналған Бағдарламасын қабылдайды. Бағдарлама жобасы Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының екінші отырысында талқыланды.

Видеоконференцбайланыс форматында өткен кездесуде Қазақстан тарапын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, Ресей тарапын Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Сергей Ястребов басқарды. Жиналысқа сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік құрылымдар мен қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту және трансшекаралық ластануды болдырмау жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы айтылды.

Бұдан бөлек тараптар 2019 жылғы шілде айында халықаралық тәжірибені зерделеу және Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтаудың бірлескен институционалдық және экономикалық механизмі бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі семинарда айтылған ұсыныстарды талқылады.

Комиссия жиналысының қорытындысы бойынша Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасына 2020 жылғы 12-13 қарашада Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қою туралы шешім қабылданды.

Қазсушар кәсіпорнында комплаенс қызметі іске қосылады
Қаңтар 1, 1970
Қазсушар кәсіпорнында комплаенс қызметі іске қосылады

«Қазсушар» РМК-де жемқорлыққа қарсы тұруға, жұмыстың ашықтығы мен қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдануда. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін кәсіпорында ішкі бақылау қызметі іске қосылып, сенім телефон желісі құрылған (8-777-986-86-36). Сонымен бірге «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істеп тұр.

Қазақстанда комплаенс-қызметтерді дамыту және насихаттау жөніндегі Халықаралық онлайн-форумға қатысқан «Қазсушар» РМК бас директорының сөзінше, қазір жемқорлыққа қарсы шаралар саласы кеңейіп, жаңа тәсілдерді талап етуде. Еске салайық, ағымдағы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы заңнамаға түзетулер енгізген. Өзгеріс бойынша, квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтер құрылуы тиіс.

«Мемлекет басшысы комплаенс-қызметтерді құруға тапсырма берді. Оның функциясына қызмет барысының жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестігін ғана емес, жемқорлыққа қарсы стратегияны да, іс-шаралар жоспарының сәйкестігін де жан-жақты бақылау кіреді. Бір сөзбен айтқанда, тиімді комплаенс бақылау кәсіпорын қызметінің ашықтығын және оған деген сенімді қатынасты қамтамасыз ете алады. Бізде сонымен бірге қазан айында Нұр-Сұлтан қаласының Жемқорлыққа қарсы қызметімен кездесу өтіп, орталық аппарат пен өндірістік филиалдардың қызметкерлері жемқорлықпен күрестің жаңа әдістері туралы ақпарат алған», – деді Арман Қасенов.

Оның сөзінше, ішкі бақылау қызметіне комплаенс-функцияларының берілуі корпоративтік әдептің ажырамас бөлігіне айналады.

«Азаматтар бізге тікелей жүгіне алуы үшін сенім телефонын іске қостық, ол аптасына 7 күн тәулік бойы жұмыс істейді. Оған біздің қызметімізге қатысты кез келген сұрақпен, сонымен бірге жемқорлық фактілері бойынша да хабарласуға болады», – деп атап өтті «Қазсушар» РМК бас директоры.

Айта кетейік, Қазақстанда комплаенс-қызметтерді дамыту және насихаттау жөніндегі Халықаралық онлайн-форумға Қазақстанның және Ресей, Украина, Израиль, АҚШ-тың халықаралық сарапшылары қатысты.

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жөніндегі жұмысты талқылады
Қаңтар 1, 1970
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жөніндегі жұмысты талқылады

Халықты және экономика салаларын сумен қамту, ластануың алдын алу, трансшекаралық өзендер суының таусылуы және тағы басқа мәселелер Новосибирск қаласында өткен Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей Бірлескен комиссиясының отырысында талқыланды.

Кездесуге тараптардың тең төрағалары Қазақстан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен Ресей Федерациясы Су ресурстары Агенттігі басшысының орынбасары Вадим Никаноров қатысты.  Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының министрліктері, су шаруашылығы мекемелер, гидрометеорологиялық қызметі, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдарының өкілдері болды.

Айта кетейік, Бірлескен комиссия жұмысы Тараптардың тең төрағалығымен жүзеге асырылады.

Жиналыста екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің барлық бассейндері бойынша жұмыс топтары жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Тараптар биылғы көктемгі су тасқыны туралы, су қоймаларын толтыру және халық пен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жағдайлары, су ресурстарының ластануы мен сарқылуын болдырмау туралы ақпарат алмасты. Жайық өзенінің экологиялық жағдайы және гидрологиялық режимін жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысында Жайық, Ертіс және басқа ірі өзендер бассейндеріндегі зерттеулер жүргізуге ынтымақтастықты арттыру үшін Бірыңғай жол картасы бекітітілді.

Еске салайық, Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең ұзын ортақ құрлықтағы шекара арқылы ғана емес, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қараөзен және Сарыөзен, Қиғаш секілді ортақ трансшекаралық өзендер арқылы да байланысады.

Қос мемлекет арасындағы су қатынастары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2010 жылғы 7 қыркүйектегі трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім негізінде реттеледі. Осы Келісімге сәйкес трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей Бірлескен комиссиясы және Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Қараөзен және Сарыөзен, Қигаш өзендерінің бассейндері бойынша 6 жұмыс тобы жұмыс істейді.







“Қазсушар” РМК-де сенім телефоны іске қосылды – 8-777-986-86-36
Қаңтар 1, 1970
“Қазсушар” РМК-де сенім телефоны іске қосылды – 8-777-986-86-36

Қызмет азаматтардың құқығы тапталғанда, жемқорлық әрекеттері байқалғанда консультациялық көмек көрсету және халықты мазалайтын басқа сұрақтарға жауап беру мақсатында құрылды

Барлық қоңырау құпия сақталады

Сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді

“Қазсушар” РМК жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде
Қаңтар 1, 1970
“Қазсушар” РМК жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде

“Қазсушар” РМК-де жемқорлыққа қарсы күрес заңнаманың жаңартылған нормалары талқыланды. Шараға жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық Департаменті өкілдері, кәсіпорынның Бас директоры Арман Қасенов және бейнеконференц байланыс арқылы барлық өндірістік филиалдар мен су каналдары өкілдері қатысты.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қалалық Департаментінің жетекшісі Жазира Жылқышиеваның айтуынша, бүгінгі таңда 3 кодекс пен 10 Заңға өзгеріс енгізілген.

“Жемқорлыққа қарсы заңнамада маңызды нормалар қабылданды. Бірінші жетекшілердің жемқорлық туралы ескертпегені үшін жауапкершілігі күшейді. Бұл үшін дисциплинарлық жауапкершілік қарастырылған. Тұрақты түрде қызметкерлерге түсіндіру лекциялары мен семинарлар өткізіп тұру керек. Бұдан бөлек, жемқорлық тәуекелдері бойынша сараптамалар жүргізу қажет. Бұл профилактика үшін өте маңызды”,- деп атап өтті Жазира Жылқышиева.

Оның сөзі бойынша, жемқорлық шектеулерін қабылдаған тұлғаларға сыйлық алуға толық тыйым салынған. Спикер жемқорлық құқықбұзушылыққа жауапты тұлғалардың саны көбейгенін де жеткізді. Енді оған бірінші жетекшілерден бөлек, мемлекеттік сатып алуға жауапты құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері де кіреді.

“Қазсушар” РМК Бас директоры жиын барысында кәсіпорында жемқорлық профилактикасы бойынша өткізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

“Біздің кәсіпорынның қызмет аясы интенсивті және олар кең саланы қамтиды. Бүгінгі кездесуге ел аумағындағы барлық қызметкерлерімізді қатыстырып отырмыз. Себебі бұл шараны өте маңызды деп білеміз. Жемқорлыққа қарсы заңның жаңарған нормаларын бәрі білуі тиіс деп есептейміз. Біз профилактикалық шараларды күнделікті қабылдаймыз, аталған нормалардың орындалуын қатаң қадағалаймыз. Жалпы айтқанда, бұл бағыттағы жұмыс күшейеді”,- деді Арман Қасенов.

А. Қасеновтың пікірінше, аталған жұмысқа кәсіпорындағы ашықтықты қамтамасыз етіп, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесі оң әсерін тигізеді.

Шара соңында Жазира Жылқышиева барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жемқорлыққа қарсы күресте оң нәтижеге тек бірлесіп күш салғанда ғана жетуге болатынын атап өтті.








Managed by Immediate XRise