Жаңалықтар


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі COVID-19 құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды
Қаңтар 1, 1970
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі COVID-19 құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды
Баспасөз хабарламасы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі COVID-19 құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде - коронавирус құрбандарын еске алу мақсатында аза тұту күні деп жариялауына байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығы бір минут үнсіздік жариялады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, жауапты хатшы Сәбит Нұрлыбай, вице-министрлер Сергей Громов, Серікқали Берекешев, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков министрлік ғимаратының алдына шығып марқұмдарды құрметпен еске алды. Айта кетейік, індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймақтарында бір сәтте өтті. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетті.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі су шаруашылығы қызметкерлерін құттықтады
Қаңтар 1, 1970
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі су шаруашылығы қызметкерлерін құттықтады
Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. "Су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл салада өзінің білімі мен тәжірибесін, кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық еңбек әулеті көптеп табылады. Сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді", - деп жазды М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында. "Мемлекет су шаруашылығын дамытуға баса назар аударады. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, маңызды міндеттер іске асырылуда. Барша сала қызметкерлеріне зор денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс тілеймін! Қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырамын!", - деді министр.
"Қазсушар" РМК қызметкері "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қаңтар 1, 1970
"Қазсушар" РМК қызметкері "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 3 шілдесіндегі жарлығы бойынша, қоғамдық келісімді нығайтуға және халықтың бірлігін арттыруға қосқан үлесі үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар минисирлігінің бірқатар қызметкері "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. Олардың қатарында ведмствоның вице-министрлері Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы, Громов Сергей Николаевич, стратегиялық жоспарлау және сараптау департаментінің директоры Ұлжан Ахметова, бас сарапшы Болож С.С., бас манан Кравец В.В., және "Қазсушар" РМК гидротехникалық ғимараттар департаментінің бас маманы Цай Ирина Вячеславовна марапатталды.
Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті
Қаңтар 1, 1970
Қазақтан мен Өзбекстан су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейтін құжатты бекітті
Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстанмен су қатынастары саласындағы маңызды құжаттың бекітілгені туралы хабарлады. "Ташкентке жұмыс сапары барысында бүгін Өзбекстан су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен екі ел арасындағы су саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Жол картасына қол қойдық", - деп жазды М.Мырзағалиев бейсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында. Оның айтуынша, қол қоюға "біздің ведомстволарымыздың ұзақ және үздіксіз келіссөздері себепші болған". "Құжат өте маңызды. Ол су саласындағы бірқатар мәселелерді реттейді. Атап айтқанда, 1991 жылдан бері салынған және қайта жөнделген су нысандарын бірлескен техникалық зерттеу мен мониторингілеуді; жоғары су қоймаларынан қосымша су тасталуын қамтамасыз етудің бірлескен шараларын қабылдауды көздейді", - деді министр. "Жол картасындағы тағы бір маңызды тұс - су ресурстарын бөлудегі айқындық", -дейді ол. Мырзағалиев өзбек тарапымен келіссөздер жалғасуда екенін, "күн тәртібінде тағы бірнеше стратегиялық мәселелер бар" екенін хабарлады.

Managed by Immediate XRise