Жаңалықтар


Солтүстік Қазақстан облысындағы топтық су құбырлардың апатты учаскелерін қайта жаңғыртуға қатысу үшін хабарландару
Қаңтар 1, 1970
Солтүстік Қазақстан облысындағы топтық су құбырлардың апатты учаскелерін қайта жаңғыртуға қатысу үшін хабарландару
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалы жалпы ұзақтығы 70 км және құбырлар ені – 560 мм, 450 мм және 315 мм Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл және Булаев топтық су құбырланың апатты учаскелерін қайта жаңғыртуға қатысу үшін барлық құрылыс-монтаждау ұйымдарын шақырады. Жиналыс 2017 жылғы 4 қыркүйекте, индекс -150 004, Петропавл қаласы, Кеңшінбаев көш., 9 үй, ҚР АШМ СРК «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының мәжіліс залында өткізіледі, электрондық пошта: esilsu@esilsu.kz   Байланыс телефондары: Какелеев Марат Ескендирович Ұялы телефондар: +7-777-084-17-77 +7-701-430-44-10
Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігі сарапшыларының Қазақстанға сапары
Қаңтар 1, 1970
Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігі сарапшыларының Қазақстанға сапары
2017 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасына Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігінің сарапшылары іс-сапармен келген болатын. Қазақстаннан Сауд Арабиясына жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін олардың тарапынан қолданыстағы шектеулердің алуының мүмкіндігі мақсатында еліміздегі ветеринарлық қызметтің жүйесімен және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарының жұмысымен таныспақ. Сарапшылардың Іс-сапары осы жылдың 8 шілдесіне дейін жалғасады. Осы іс-шара Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Продкорпорация» ҰК» Экспорттық орталығы АҚ және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың ассоциацияссымен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен ынтымақтастық шаралары бойынша сыртқы нарықтарға қазақстандық органикалық экспортқа бағдарланған өнімдерді жылжыту мақсатныда ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сауд сарапшыларының іс-сапар бағдарламасы бойынша Алматы қаласында және Алматы облысында орналасқан өндірістік объектілерге және Қазақстандағы ветеринариялық қызметінің инфрақұрылымы объектілеріне сапарлары күтілуде Сауд Арабия патшалығының қоршаған орта, су ресурстары және ауыл шаруашылығы Министрлігінің сарапшыларының келуі Қазақстанға өте тиімді әрі стартегиялық маңызды, себебі оның нәтижелері қазақстандық экспорттаушыларға Сауд Арабиясы нарығына шығуға мүмкіндік береді, өз кезегінде, бұл басқа да Парсы шығанағы елдеріне экспорттық әлеуетін кеңейтуге жасауға мүмкіндік береді. ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады
Қаңтар 1, 1970
Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады
Кездесуде су ресурстарын дамыту және ауылдық жерлердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Астананы және өзге де өңірлерді су деңгейінің көтерілуі мен су тасқынынан қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. – Судың көптігі су деңгейінің көтерілу қаупін тудырады. Бір жағынан, оны ұтымды, әсіресе ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Осыған орай әр елді-мекенде шағын су қоймаларын салуды қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президентіне бөгеттердің қазіргі жағдайы және су деңгейінің көтерілуі мен су тасқыны болуы мүмкін өңірлерде жаңа су қоймаларын салу перспективалары жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ, Елбасы Астана маңындағы су қоймалары мен көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты. – Кеңбидайық су қоймасы қалаға жақын орналасқан. Бұл жер елорда тұрғындары демалатын орындардың біріне айналуға тиіс. Онда жағажай жасап, демалыс орындарын салу керек, – деді Мемлекет басшысы. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.
А. Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есептік кездесуі
Қаңтар 1, 1970
А. Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есептік кездесуі
Бүгін Қарағанды облысында еліміздің облыстық және аудандық әкімдіктерімен бейнебайланыс режимінде Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есептік кездесуі болып өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығы өндірушілері, салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болды. Кездесу барысында Министр ауыл шаруашылығы саласының 2016 жылдағы даму қорытындыларын әңгімелеп, ведомствоның алдында тұрған жаңа міндеттерді тізбеледі. Министрдің хабарлауынща, өткен жыл экономиканың аграрлық секторы үшін аса табысты жыл болды. Айталық, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылы 3,6 трлн. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 5,5%-ға жоғары. Айта кетерлік бір жайт, өндіріс көлемінің өсімін соңғы 10 жылда алғаш рет барлық облыстар қамтамасыз етіп отыр. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 164 млрд. теңгеден 253 млрд. теңгеге дейін 1,5 есе өсті Елбасы жаңа Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді басымдық берілген сала ретінде кезекті рет атап өтті. Министрлік алдына нақты міндеттер қойылды. Яғни, аграрлық сектор ел экономикасының драйверіне айналуға тиіс. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ағымдағы жылдың ақпанында АӨК-ті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның басты басымдықтары – ішкі нарықты қамтамасыз етіп, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы кооперациясына шағын және орта шаруашылықтарды барынша тарту, су ресурстарын тиімді пайдаланып, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Аталған міндеттерді іске асыру мен Мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Іс-шаралар жоспары бекітілді. Субсидияның 65 түрі қайта қаралып, нәтижесінде 11 тиімсіз түрі алынып тасталды. Оның ішінде 40-ның критерийлері өзгеріске түсіп, қалған 14-і өзгеріссіз қалды. Мұның нәтижесінде жыл сайын 25 млрд. теңге үнемделетін болады. Ал өзгертілген критерийлер сол бюджеттің аясында ауыл шаруашылығы өндірісі көлемін орта есеппен 29%-ға арттырмақ. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында егіс алқаптарының диверсификациясы басталды. Бұл үшін министрліктер мен әкімдіктер арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Яғни, оның аясында майлы және жемдік дақылдардың аумақтары кеңейтіліп, жарма мен мал азықтық дақылдары, сондай-ақ, қант қызылшасы аумағын 930 мың га арттыру қарастырылған. Сонымен қатар, көктемгі далалық жұмыстар үшін несиелердың ақырғы бағамы тұңғыш рет 6%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш былтыр 9%-ды құраған болатын. Өз кезегінде, бұл жағдай несие беру құрылымдары сатыларының қысқаруы арқылы мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, несиелер бойынша талап етілетін құжаттар саны азайды. Биыл бірегей және асыл тұқымдарды субсидиялау қайта қалпына келтірілді. Тұқым шаруашылығына бөлінетін бюджет көлемінің былтырғы жылдың көлемінен 3 есе артық екендігін атап өткен жөн. Минималды нормалар тоқтатылды. Бұл фермерлерді субсидия алуға ынталандырады. Ал бұрынғы схема бойынша тұқымның аз ғана көлемі субсидияланатын. Соңғы жылдары тұңғыш рет тыңайтқыштар қажеттіліктен 14% артық. Бұған дейінгі енгізілім 10% болатын. Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау механизмдерінің қайта қарастырылуы оның енгізу көлемін 1,5 есеге ұлғайтты. Тыңайтқыштарды субсиядиялау механизмдері өзгерді. Бұған дейін субсидия нормасы пайыздық негізде түзілсе, ал биылдан бастап нақты сандармен көрсетіледі. Бұл да фермерлерге тыңайтқышты сапасы мен бағасына қарай қай елде жасалғандығына қарамастан, еркін таңдау жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, тыңайтқыш ассортименті ұлғаяды. Биыл тыңайтқыштарды субсидиялау түрлері 156-ны құрап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 85 болған. Мал шаруашылығындағы крийтерийлердің өзгеруі сол қаражаттың аясында субсидия алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Егер бұрын сиыр еті бойынша субсидияны 175 шаруашылық алса, бүгінгі таңда субсидиямен қамту 522 шаруашылықты немесе 100 пайызды құрайды, сүт бойынша субсидия алушылар 2 есеге, яғни 269-дан 532 шаруашылыққа дейін, қой еті бойынша субсидия алушылар 1,3 есеге, яғни 180-нен 234 шаруашылыққа дейін, жүн бойынша субсидия алушылар 3,6 есеге, яғни 50-ден 180 шаруашылыққа дейін ұлғайды. Сондай-ақ қой етін субсидиялау сұранысқа көбірек ие қозы етімен алмастырылды. Жұмыс істеп тұрған жүн өңдеу кәсіпорындарының жүктемесінің аз болуына байланысты тек жұқа ғана емес, жартылай жұқа жүндерді де субсидиялау қарастырылды. Бұрын құс еті бойынша субсидия 3 деңгейге байланысты норматив бойынша төленсе, қазір ондай деңгей бесеу. Бірақ, талаптар азайған. Егер бұрын кұс фабрикалары 1,5 мың тонна өндірісі қуатымен субсидия алып келсе, қазір талап 1,0 мың тоннаға дейін төмендетілді. Ал 15,0 мың тоннадан аса құс етін өндіретін ірі құс фабрикаларында норматив бір келі үшін 70 теңгеден 80 теңгеге артты. Мемлекеттік бағдараламаларды жүзеге асырудың негізгі қадамдарының бірі – шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперацияларына тарту. «АӨК-тің ел экономикасының жаңа қозғаушы күші болып қалыптасуына байланысты ауыл шаруашылығы кооперативтері зор мәнге ие. Өйткені, онда аграрлық саланы және ауылдарды дамытудың үлкен әлеуеті бар. Кооперация – бұл ауылдың болашағы», – деді А.Мырзахметов. Барлық 160 ауылдық аймақтағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді біріктіру үшін семинарлар өткізіліп, 224 ауылдық окург әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары білім алды, бірыңғай тегін Call-Center және кооперация мәселесі бойынша кеңес алу үшін fermers.kz порталы құрылды, ауылшаруашылық кооперативтері үшін кепілсіз және бастапқы жарнасыз модулді сүт қабылдау және қасап пунктерінің сызбасы енгізілді, сондай-ақ кооператив мүшелері үшін несиелерді кепілдендіру механизмі қарастырылды. Ауыл шаруашылығы кооперацияларын қолдау үшін биылғы жылы 52 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 27 млрд. теңге және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 млрд. теңге. Егер Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2017-жылы 326 кооператив құру жоспарланған болса, енді оның санын 467-ге жеткізу жоспарланып отыр. 30 мамырға дейін 286 бірлік тіркелсе, оның 102-сі сүт дайындау бойынша, 181-і ет өндіру және дайындау бойынша тіркелді. 20136 бас ірі қараға арналған отбасылық мал бордақылау алаңдары мен 51 жылыжай салынды. Ауылшаруашылық өнімдерінің тауар өндірісіне 40 мыңнан аса ЖҚШ мен шағын фермерлік шаруашылықтар тартылды. Ветеринария мен фитосанитария қауіпсіздігі мәселелеріне де баса мән берілуде. Айталық, Қазақстан ағымдағы жылғы 25 мамырда қалған 5 облыс (ШҚО, ОҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда) үшін аусылдан таза аймақ мәртебесін алды. Осы шешімге Халықаралық эпизоотиялық бюроға мүше 180 елдің делегаттары дауыс берді. Халықаралық эпизотикалық бюро, бұл мал және өсімдік өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Фитосанитария саласы бойынша ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өңделетін болжамды көлем 48,8 млн. гектарды құрады, оның ішінде үйірлі шегіртке қарсы өңделетін алаң 1,6 млн. гектар. Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында 500 мың гектар алаң марокколық шегірткеге қарсы өңделді, бұл ағымдағы жоспардан 180 мың гектарға немесе 55%-ға артық. Елбасының АӨК өнімдерінің экспорт көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Министрлікпен келесідей жұмыстар атқарылды. Иран еліне салқындатылған қой еті мен тірі қойларды тасымалдауға арналған ветеринариялық сертификаттар жобалары келісілді және салқындатылған қой етінің экспорты бойынша жұмыс жүргізілуде. Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі қара мал мен ұсақ малды, тауық жұмыртқасын тасымалдауға арналған ветеринариялық сертификаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, Израил және Сауд Арабиясының ветеринария қызметтерімен қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспортына жол ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде Қытай нарығына қазақстандық балық пен балық өнімдерін, асыл тұқымды жылқы тұқымдас жануарларды, бал мен бал ара шаруашылығы өнімдерін экспорттауға болады. Маусым айында мұздатылған қой етінің экспорты бойынша хаттамаға қол қою жоспарланып отыр, сонымен бірге аталған елге тауарлы жылқыларды тасымалдау шарттары келісілуде. Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір міндеті – су қорларын пайдаланудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар, тұрақты және жайылма суармалы ауылшаруашылық жерлерінің дамуына қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету, жер өңдеу жағдайын жақсарту және өнеркәсіптегі су тұтыну тиімділігін арттыра отырып суармалы инфрақұрылымды қалпына келтіру. Суармалы жерлерді қалпына келтіру мақсатында Ислам даму банкімен және Еуропалық қайта құру және даму банкімен 205 мың гектар жерді қалпына келтіру және айналымға тарту үшін 103,4 млрд. теңге сомасына келісімге қой қойылды. Есеп беру кездесуі кезінде Министр тұрғындарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Мұндай ашық сұхбатқа негізделген кездесулер қатысушылардың өз мәселелерін, ұсыныстарын ведомства басшысына тікелей айта алуымен тиімді әрі сындарлы. Сонымен қатар фермерлер жүргізіліп отырған саясатқа, шағын шаруашылықтарды қолдауға, ауыл экономикасын көтеруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламаға өз алғыстарын білдірді. Былтыр Ауыл шаруашылығы министрінің есеп беру кездесуінде тұрғындардан 1200-ден аса сұрақ келіп түскен. Биыл Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануымен жүйелі сұрақтар мен мәселелер өз шешімін табуда.
Ислам даму банкі өкілдері үлкен миссиямен келе жатыр
Қаңтар 1, 1970
Ислам даму банкі өкілдері үлкен миссиямен келе жатыр
600 мың га алаңында ирригация мен кәрізді қалпына келтіру бөліміндегі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті қаржыландыру көздерін іздестіру жұмысын жүргізуде. Бірінші кезеңде екі халықаралық банктің Ислам даму банкі мен Еуропалық даму банктерінің қарыздарын тарту жоспарлануда. Осы банктердің есебінен Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 135 мың га қалпына келтіріледі және Оңтүстік Қазақстан облысында 101 мың га алаңдағы жердің жай-күйі жақсартылатын болады. Ағымдағы жылдың 17-23 сәуір аралығында Қазақстанға Ислам даму банкінің комиссиясы келеді, олар ирригация мен кәріз бойынша бірінші қарыздың пысықталуын аяқтауға, қол қояр алдында құжаттарды соңына дейін жеткізуге тиіс. Әрі қарай Ислам даму банкінің несиелері есебінен Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 8 топтық су құбырдың құрылысын, сондай-ақ Қызылорда қаласының арық суландыру жүйесін  аяқтау жоспарлануда. Осы жобаны орындау шеңберінде су көздеріне қосу, 200 мыңға жуық адамды (с.і. Қызылорда облысы – 115 мың адам, СҚО 85 мың адам) сапасы жоғары сумен 24 сағат бойы қамтамасыз ету, 103 ауылдық елді мекеннің сумен жабдықталуын жақсарту жоспарлануда. «Қазсушар» РМК тартылудағы қарыздардың қайтарымдығы, негізі қызмет есебінен: тариф мен субсидияларды ұлғайтусыз тариф бойынша төлем алу арқылы жүзеге асырылатындығын белгілеу қажет.  
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің Израиль мемлекетіне жұмыс сапарының екінші күні
Қаңтар 1, 1970
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің Израиль мемлекетіне жұмыс сапарының екінші күні
ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Израиль мемлекетіне жұмыс сапарының екінші күнінде «Gevat-Haviva Rezervoir» атты су ресурстарын басқару және қорғау компаниясының жұмысымен танысты. Аталған компания суды тазартып, оны суармалы жерлерге пайдаланады. Әрі қарай, Вице-Премьер «Мошав Нитсаней Оз» деп аталатын сүт және сыр өндірумен айналысатын ферма жұмысымен танысты.«Мошав Нитсаней Оз» фермасы сүт және сүт өнімдерін өндірумен айналысады. ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі тағайындалды
Қаңтар 1, 1970
ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі тағайындалды
ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі болып Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы тағайындалды. Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «машина жөндеу технологиясын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашалығы өнімдерін қайта өңдеу басқармасының басшысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және стратегия департаменті, ауыл аумақтарының және агро-өнеркәсіп кешенінің дамуын талдау және мемлекеттік реттеу департаментінің, ДСҰ және ауылшаруашылық өнімің қайта өндеу департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, «КазАгроИнновация» АҚ президенті, Қарағанды облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Жаңғыру 3.0 аясында Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді
Қаңтар 1, 1970
Жаңғыру 3.0 аясында Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді
Елбасы тапсырмасына сәйкес ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Қытай Халық Республикасының астанасы – Бейжің қаласында бірнеше маңызды кездесулер өткізді. Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлердің салалық басқармаларының, «ҚазАгро» холдингі мен еншілес ұйымдарының басшылары, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлері және ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер бар. Жұмыс сапарының басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АӨК-ке шетелден инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу. Мемлекет басшылары – Н.Назарбаев пен Синь Цзяньпиннің деңгейінде «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту бойынша аса маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ең алдымен, бұл ауыл шаруашылығы кешеніне қатысты. Елбасы атап өткендей, біздің көптеген позициялар бойынша әлемдегі ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің біріне айналуға толық мүмкіндігіміз бар, әсіресе, органикалық таза өнімдер шығара аламыз. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың жұмыс сапары аясында қытайлық әріптестермен бірге аталған келісімдердің жүзеге асырылуы қарастырылатын болады. Айталық, ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы төрағасы Чжи Шупинмен өткен кездесуде Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көршілес елдермен экспорттық әлеуетті арттыру бағытының кеңінен қамтылғанын атап өтілді. «Қазақстанның географиялық орналасуын, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының сыйымдылығын, көліктік қолжетімділігін талдау негізінде ЕАЭО, ТМД елдері, Иран, Ауғанстан және БАӘ мен қатар Қытайдың ірі әлеуетті өткізу нарығы бола алатынына көз жеткіздік. Біздің бұл тұрғыдағы байланысымыз мемлекетаралық қарым-қатынастың тиімді үлгісі бола алады. Ендігі мәселе – екі арадағы түйткілдерді шешіп, аграрлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруіміз керек», – деді А.Мырзахметов. Бұл орайда, тараптар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына кіруі мен шектеулерді алу мәселелерінің бірқатарын талқылады. Атап айтқанда, Қытай тарапы ҚХР-дың жеткізуші компаниялар реестріне енгізу үшін а.ж. сәуірде қой етінің өндірісі жүйесін және ет өңдеуші кәсіпорындарды инспекциялайтынын растады. Екі жақ та Қазақстаннан Қытайға экспортталатын 34 өнімге қатысты ветеринарлық және фитосанитарлық талаптар Хаттамалары жобаларын келісімдеу үдерісін жылдамдататын болды. Сондай-ақ, Қазақстан тарапы ел аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған біріккен лаборатория құру және оны тіркеу бастамасын көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша көршілес елге экспортталатын бидай кебегі партияларына қойылатын инспекция, карантин және санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылды. Аталған келісімнің арқасында қазақстандық бизнесмендер тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін экспорттауға қол жеткізді және де бұл үрдісті алғашқылардың бірі болып жүзеге асыру мүмкіндігі «HUOERGUOSI IRBIS INTERNATIONAL TRADING CO LTD» қазақ-қытай біріккен қайта өңдеу кәсіпорынының үлесіне тиіп отыр. Өз кезегінде, бұл компанияның бас директоры Марат Дәулетқалиев осындай тиімді шешімдердің астық өңдеу саласының экспортына серпін беретінін атай отырып, сындарлы келісім үшін кәсіпкерлер атынан Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді. Мұнан соң делегация ҚХР Ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфумен кездесіп, 2016 жылы қол қойылған ҚР АШМ мен ҚХР АШМ арасындағы біріккен іс-қимыл жөніндегі Жоспарды іске асыру, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық септестік және «Оңтүстік-Оңтүстік» халықаралық бағдарламасы аясында өзара ынтымақтасу мәселелерін ортаға салды. Осы қатарда ауыл шаруашылығы технологиясы трансферті мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі ведомствалар аралық жұмыс тобын жасақтау мен Орталық Азия аймағы үшін селекциялық-генетикалық орталық құру мәселелері де назарға алынды. Бұдан әрі А.Мырзахметов бастаған топ ҚХР-дың бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Жібек жолы қорымен «ҚазАгро» холдингінің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру бойынша өзара байланысы, «CCIC «China Certification & Inspection Group» тобының ауыл шаруашылығы өнімдері мен кәсіпорындарын сертификаттауы мәселелері қаралды. Wilmart, CITIC және COFCO сынды трансұлттық 8 қытайлық компания өкілдерімен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруды талқылау барысында А.Мырзахметов АӨК-ке қатысты мемлекет саясатының басым бағыттарын және Қазақстандағы инвестициялық ортаны жақсартудың жаңа әдістемесін түсіндірді. Сонымен қатар, «China National Machinery IMP&EXP Corp» корпорациясымен а.ж. мамырда Алматыда ауыл шаруашылығы машиналарына арналған көрме ұйымдастыру және ел аумағында машина жасау және жабдықтау зауыттарын салу бойынша келіссөздер жүргізілді. Қытайлық кәсіпкерлермен кездесу соңында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамымен «Asia Pacific Food Capital Co., Ltd.» және «Wilmart» компаниялары арасында өзара ынтымақтастық және сауда бойынша келісімшартқа қол қою салтанаты болып өтті. Айта кетейік, жұмыс сапарының екінші күні қазақстандық делегация инвестициялық ынтымақтастық пен қазақстандық бидай жеткізу квотасын арттыру мәселелері бойынша ҚХР Коммерция министрі Чжун Шанмен кездеседі деп күтілуде. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП – мен бірге ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа атсалысу комитеті басшылығы және қытайлық 34 компаниямен кездесу өтеді. Онда Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және қазақстандық азық-түлікті ҚХР-ға экспорттаудың инвестициялық жобалары таныстырылмақ. ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Ақтөбе суармалы жерлерді іске қосуда көш бастап тұр
Қаңтар 1, 1970
Ақтөбе суармалы жерлерді іске қосуда көш бастап тұр
Бұл туралы Су ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Ислам Әбішев айттыОблыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткізген суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру мәселесін қараған жиынға Ақтөбеге іссапармен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қатысты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес облыста жерді пайдалану тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жалғасуда. 2015 жылы суармалы жерлерге түгендеу жүргізіліп,  28 мың гектар суармалы жердің 43 пайызы ғана пайдаланылғаны анықталды. Су ресурстарын басқару комитетімен бірігіп жүргізген жұмыс нәтижесінде 2016 жылы өңірдегі суармалы жерлер аумағы 12 мың гектардан 18,3 мың гектарға дейін кеңейтілді. 2017 жылы ауыл шаруашылығын қалыптастыру қаражаты есебінен тағы да 3,2 мың гектар жер айналымға енгізілмек. 2018 жылы Ақтөбе облысының қолданыстағы суармалы жерлер алаңы 40 мың гектардан кем болмайды деп жоспарлануда. — Суармалы жерлер аумағын 40,0 мың гектарға дейін жеткізе отырып, «Қазсушар» РМК балансындағы жұмыс жасап тұрған үш ірі су қоймасының әлеуеті 100 пайыз қолданылатын болады, — деп хабарлады РМК-ның Ақтөбедегі бөлімшесінің  директоры Бекзат Нәметов жиында. Осыған байланысты облыс әкімінің ұсынысы бойынша 2017-2021 жылдары агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына 600  миллион текше метр суды реттеп, 30 мың гектар суармалы жерлерді айналымға енгізетін 10 су қоймасын салу бойынша іс-шаралар енгізілді. Сонымен қатар,  келешекте 10 мың гектар жерді суару үшін судың жалпы көлемі 130 миллион текше метр болатын 22 шағын су қоймасын салу ұсынылды. Аталған жобаларды жүзеге асыру суармалы жерлерді 80 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік береді. — Су және жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша тапсырманы жүзеге асыру аясында республикада 22 жаңа су қоймасы салынбақшы. Оның ішінде 10 су қоймасын Ақтөбе облысында салу жоспарлануда. Бұл – ең алдымен 2016 жылы жасалған үлкен еңбектің нәтижесі. Елбасы аграрлық секторды отандық экономиканың жаңа драйвері ету тапсырмасын алға қойды. Комитеттің Президент тапсырмасын орындауға бағытталған жобасы бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Қазіргі таңда республика бойынша осы жобаны жүзеге асыруда сіздің облыс көш бастап тұр деп сенімді айта аламын, — деді жиналысқа қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ислам Әбішев. Бердібек Сапарбаев сонымен бірге, Су ресурстарын басқару комитеті төрағасына жан-жақты қолдауы үшін алғыс айтты. — Өткен жылы Су ресурстарын басқару комитетімен бірлесе отырып суармалы жерлерді тиімді түрде айналымға енгізуге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Елбасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Біз суармалы жерлер алаңын барынша кеңейтуіміз қажет. Бұл азық-түлік өндірісінің көлемін өсіріп, малды жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аудандардың және облыс орталығының әкімдері суды сақтаумен жұмыстанып, жаңа су сақтау ғимараттарын салу қажеттігін қарастырулары тиіс. Әсіресе, бұл Ойыл, Байғанин және Ырғыз сияқты жерлері қуаң аудандар үшін өзекті, — деп тапсырды облыс әкімі. Жиын барысында сонымен қатар, Ақтөбе су қоймасындағы су Сазды өзенінің арнасын толтырып, суармалы жерлер алаңын арттыру және Ақтөбе қаласындағы көгалдарды ауызсуды шығындамай, үнемі суарып тұруды реттеуге мүмкіндік беретін су таратқыштың құрылысы бойынша жобаның жүзеге асырылу барысы да сөз болды. Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда Ақтөбе су қоймасының әлеуеті қолданылмай тұрғанын айтты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Оңтүстік Қазақстан облысын ауыз сумен қамтамасыз ету және су шаруашылығы объектілерінің жай-күйі
Қаңтар 1, 1970
Оңтүстік Қазақстан облысын ауыз сумен қамтамасыз ету және су шаруашылығы объектілерінің жай-күйі
Бүгін ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы – И.Әбішев брифингте гидротехникалық құрылыстардың және су қоймаларының тасқын суға дайындығы туралы сұхбат берді. Сонымен, бүгінгі күні Комитеттің Бассейндік инспекциялары әкімдіктермен және ТЖ аумақтық органдарымен бірлесіп 859 гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізді. Гидротехникалық құрылыстарды тексеру жұмыстарын Су ресурстары комитетінің Инспекциялары жалғастыруда. Сондай-ақ, гидротеникалық құрылыстардың барлық меншік иелеріне тасқын суды қауіпсіз өткізу бойынша шараларды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хат жолданған. Сонымен бірге, республикалық меншіктегі барлық су шаруашылығы объектілерінде құрылыстар арқылы тасқын суды апатсыз өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес көтергіш механизмдер мен электрмеханикалық қондырғыларды тексеру және сынамалау өткізілген және 2017 жылғы 10 ақпаннан бастап тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған, тұрақты байланыс қамтамасыз етілген. Тасқын су құбырларына байланысты төтенше жағдайда «Қазсушар» РМК-да инерттік материалдардың, ЖЖМ апатты қоры құрылған, арнайы техника дайындалған және су шаруашылығы объектілеріндегі электр желілерінің апаты болған жағдайда дизелдік электрстанциялары дайындалған. «Жалпы, бүгінгі күні республикадағы су қоймаларында су шаруашылығы жай-күйі тұрақты және үнемі бақылауға алынған», – деп атап өтті И. Әбішев. Анықтамалық: 01.03.2017ж. жағдай бойынша республикада 1665 гидротехникалық құрылыс есепке алынған, оның ішінде 464 ГТҚ республикалық меншікте, 929 ГТҚ коммуналдық меншікте, 212 ГТҚ жеке меншікте. И. Әбішев сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысын ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде атап өтті. Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті мен «WIND POWER GmbH» Герман фирмасының арасында екі жақты Меморандумға қол қойылды. Құжатпен электрэнергияны өндіру бойынша қуаттылықты құру арқылы ОҚО халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бар күшті біріктіру, сондай-ақ жаңа генерациялық қуатты құру мүмкіншілігімен жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағыларды қайта жаңартуға қатысу көзделген. Бұл келісім, атап айтсақ – Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара аудандарының елді мекендерін және Шымкент қаласын ауыз сумен жабдықтауда үлкен бастама болып табылады. ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Managed by Immediate XRise