Жаңалықтар


ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі алқа отырысы
Қаңтар 1, 1970
ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі алқа отырысы
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда Елбасының Жолдауда айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру жолдарымен АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талқыланды. Елбасы жаңа Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді болашағы зор салалардың бірі ретінде кезекті рет атап көрсетті. Министрліктің алдында АӨК-ті Қазақстан экономикасының жаңа драйверіне айналдыру жөнінде нақты міндеттер қойылып отыр. Бүгінде, Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында өз орнын алуы және ең алдымен, экологиялық таза тағам өнімі арқылы бірінші орынды иеленуі еліміздің басты мақсаты болып саналады. Алға қойған мақсаттарға толығымен қол жеткізу үшін Елбасымыз ағымдағы жылдың 14-ақпанында АӨК-ті дамытуда жаңа Мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Бағдарламаның басты артықшылықтары: ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, ауылшаруашылық кооперациясына шағын және орта шаруашылықтарды тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаның тапсырмаларын орындау және жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында 28-ақпандағы Үкімет отырысында мақұлданған келесідей іс-шаралар жоспары жасалды. Бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі тәсілдің бірі – шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперациясына тарту болып табылады. Елбасының тапсырмасымен өткен жылдан бері аталған жоба іске асырыла бастаған болатын. 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден аса сүт қабылдайтын пункт және жеті мың отбасылық мал жемдеу орындары ұйымдастырылды. 2017 жылы әкімдіктер 410 кооператив құруды туралы жоспарлауда (Мемлекеттік бағдарлама аясында 326 АШК). Ішкі нарықты толтыру мен отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту және мемлекеттік көмектің қаржылық шараларын тиімді пайдалану үшін сезімтал тауарлар импортының орнын алмастыруда нақты индикаторлар белгіленді, экспортты ұлғайту және мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылды. Субсидияның 11 тиімсіз түрін қолданыстан алды, субсидияның 39 түрінің нормативіне өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, сол бюджет көлемінде мемлекеттік қолдау шараларының өндірушілерді қамтуы 7,5 есеге ұлғаяды (67-ден 500 мыңға дейін) және ең алдымен, шағын шаруашылықтар мен кооперативтер қамтылады. Соған қоса, жаңа механизмдер соңғы нәтижеге бағытталған. Яғни, өнімділік, салмақ өсімі мен өндірушілік қуатын толықтай жұмыс істету. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеуді цифрлық технологияларға көшіру көзделуде. Нақты тоқталсақ, субсидияларды автоматтандыру процесі енгізіледі. Бүгінгі күні субсидиялардың 17 бағытының екеуі – асыл тұқымды мал шаруашылығы, тыңайтқыштар бойынша ғана өтінім Электрондық үкімет порталы арқылы беріледі. Ағымдағы жылы үш бағыт – пайыздық мөл¬шерлеме, тыңайтқыштар, гербицидтер бой-ынша толық автоматтандыру іске асырылады. Келесі жылы барлық субсидияларды беру процесін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл өтінімдерді қарау мерзімін орташа есеппен 2,5 есеге – 18 күннен 7 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл шара субсидия беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. . 2021 жылға дейін азық-түлік өнімдерін экспорттауды 40%-ға ұлғайтуды міндеттейтін нақты тапсырмалар бар. Осы тапсырмаларды орындау үшін әр жылға шағылған нақты индикаторлар белгіленген. Ағымдағы жылда экспортты 10% ұлғайту көзделіп отыр. Су және жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмалар аясында: 41 апаттық жағдайдағы су шаруашылық жүйесін және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау, 22 жаңа су қоймасын салу, жер суару инфрақұрылымын және дренаждық жүйе құрылысын қалпына келтіру бойынша шаралар жүзеге асады. Жоғарыда белгіленген шаралар Елбасының 600 мың гектардан аса жерді тұрақты суландыра отырып, 2021 жылы оның көлемін 2 млн. гектарға жеткізу туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемелекеттік бағдарлама аясында, тыңайтқыштарды субсидиялау механизмін қарастыру тыңайту көлемін 376 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. ҚР АШМ Баспасөз қызметі
ОҚО-ның миллионнан астам тұрғынына таза ауыз су жеткізіледі
Қаңтар 1, 1970
ОҚО-ның миллионнан астам тұрғынына таза ауыз су жеткізіледі
Бүгін елордада «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары Эрик Якубаев пен Германияның «WIND POWER GmbH» компаниясының басшысы Роберт Густав Оңтүстік Қазақстан облысының 1 миллионнан астам халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. [gallery link="file" columns="4" ids="249,250,251,252,253,254,255"] Қол қою рәсімі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасыИслам Әбіш меморандумға қатысты жайттармен бөлісті. «Оңтүстік Қазақстан облысының Сарағаш ауданында 360 мыңнан астам халық тұрып жатыр. Халықтың табиғи өсімі өте жоғары. Оған қоса Өзбекстаннан көшіп келіп жатқан қандастарымыздың қарасы да қалың. Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара аудандарында да дәл осындай жағдай орын алып отыр. Бірақ, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында ауыз су ретінде пайдаланатын жерасты суы жоқ. Сондықтан халық Келес өзенінің суын пайдалануға мәжбүр. Мақтарал мен Шардарада да осындай жағдай», - деді ол. Комитет басшысының атап өтуінше, енді 10-15 жылдан кейін аталған аудандардың халқын сумен қамтамасы ету проблемасы туындайды. Сондықтан Бөген өзенінен аталған аудандардың миллионнан астам халқына су тартып беру жұмыстары жоспарланып отыр. «Таудан су тартқаннан кейін әр жерлерде тоғандар салынады. Сол тоғандарға су электр стансасын салуға болады. Бұл коммерциялық тұрғыда кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырып отыр. Қазіргі уақытта Германияның «WIND POWER GmbH» компаниясы біздің аталған жобамызға атсалысуға келісім берді. Бүгін міне, арнайы меморандумға қол қойдық. Аталған меморандумға сәйкес, біз жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасауымыз қажет. Оған инвестор өз қаржысын салмақшы. Биыл біз техникалық-экономикалық негіздемесін дайындайтын болсақ, келесі жылдың ортасына дейін жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Келесі жылдың екінші жартысынан құрылыс жұмыстары басталады. Менің ойымша, 2021 жылы құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс»,- деді Ислам Әбіш.
«Кооперация – ауыл болашағы» атты журналистер байқауы жарияланды
Қаңтар 1, 1970
«Кооперация – ауыл болашағы» атты журналистер байқауы жарияланды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «кооперация» тақырыбын насихаттауға арналған «Кооперация – ауыл болашағы» атты журналистер байқауын жариялайды. Байқау Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілерінің кооперацияға бірігіп, жұмыс жүргізуінің артықшылықтары мен оңды жақтарын халыққа ұғынықты түсіндіріп таратуға және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамаларын қоғамдық санада ілгерілетуге үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау мақсатында өткізіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері республиканың барлық өңірлерінде іске асырылып жатқан кооперация үдерістері туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру, ауыл шаруашылығы тақырыбына маманданған журналистердің қызметін көрсетіп, көтермелеу және ынталандыру, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жасампаз образын БАҚ кеңістігіне орнықтырып, осы салаға маманданған журналистердің кәсіби денгейін дамыту. Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ-тың кәсіби журналистері, штаттық және штаттан тыс журналистер, сондай-ақ Интернет-БАҚ өкілдері қатыса алады. Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі: Баспасөз (газеттер, журналдар), Радио, Теледидар, Интернет – БАҚ (оның ішінде жаңалықтар агенттіктері). Қатысуға өтінімді және конкурстық материалдарды беру 2017 жылғы 10 маусымға (осы күнгі сағат 18.00) дейінpressminagri@gmail.com электронды пошта арқылы қабылданады. Салмағы 25 мегабайтқа жуық материалдар Google Drive, Облако.Mail.ru, Yandex.Диск және т.б. бұлтты сервистері арқылы жолданады. Байқауға а.ж. 1 қаңтары мен 10 маусым аралығындағы кезең ішінде нақты шыққан немесе жарияланған жұмыстар қабылданады. Байқау ережесі мен ұсынылу формасын mgov.kz сайтынан табуға болады.
Әрбір ауыл азаматы ауыл шаруашылығы кооперациялары негіздері бойынша оқытылады
Қаңтар 1, 1970
Әрбір ауыл азаматы ауыл шаруашылығы кооперациялары негіздері бойынша оқытылады
Мемлекет басшысы ҚР АШМ алдына ауыл азаматтарын ауыл шаруашылығы кооперацияларын кең ауқымда құруға ынталандыру және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда ЖҚШ әлеуетін пайдалану бойынша бірқатар міндеттер қойды. Қазіргі таңда, бұл бағыттағы насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу үшін Министрлікте ведомства қызметкерлері мен ғылыми ұйымдар өкілдерінен құрылған сарапшылар тобы құрылды. Айталық, а.ж. 23 қаңтарынан бастап «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы мен «Қазақ агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ» ЖШС біріге отырып ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша бес күндік оқыту курстарын бастап кетті. Аталған курстардың қорытындысы мен емтихандардан соң өңірлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізетін сарапшы топтар таңдап алынады. Сондай-ақ, бұл үдеріске пилоттық мәртебеде жұмыс жүргізіп жатқан Нұра ауданының 12 кооперативі мен өзге де құрылымдар қатысады. Айта кетейік, АШМ аталған жұмыстар үшін өз қызметкерлерін даярлау үстінде.   Алға қойылған міндеттердің үдесінен шығу үшін а.ж. 30 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аймақтарында ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша тренингтер өткізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, жер жерлерде жүргізілетін оқыту барысында бұған дейін құрылған кооперативтердің мониторингі жүргізіледі. Яғни, тиісті инфрақұрылымының барлығы мен қайта өңдеуші кәсіпорындармен өзара байланысы, өткізу нарығы мен өзге де мәселелері сарапталады. Тағы бір айта кетерлік жайт, мұның нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мәліметтер базасын құру және олармен ұдайы байланыста болу жүйесін жолға қою көзделуде. Анықтамалық: Қазіргі таңда ел аумағында 800-ден аса ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. 2016 жылы сүт өнімдері және ірі қара мал етін әзірлеу бағыттары бойынша 157 кооператив құрылған. Ағымдағы жылы өзге де бағыттарды қамти отырып 250-ге жуық кооператив құру жоспарлануда.
А.Мырзахметов: Кооперация – ауыл болашағы
Қаңтар 1, 1970
А.Мырзахметов: Кооперация – ауыл болашағы
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты басымдықтарын баяндай отырып, кооперацияға баса мән беріліп отырғанын жеткізді. 2016 жылы 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден астам сүт қабылдау пункті мен жеті мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы құрылатын кооперативтер саны екі есе артады. Жалпы алғанда, алдағы бес жылда кооперативтер көрсететін қызметтермен жарты миллион жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруашылық қамтылатын болады.
2021 жылға дейін 610 мың га суармалы жер айналымға түседі
Қаңтар 1, 1970
2021 жылға дейін 610 мың га суармалы жер айналымға түседі
Бүгін ОКҚ-де Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 610 мың га суармалы жерді айналымға түсіру мен жер қатынастарын жетілдіруге арналған баспасөз конференциясы болып өтті.Шараға ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, «Қазсушар» РМК директорының орынбасары Э.Якубаев қатысты. «Алдағы 5 жылда 610 мың га аумақтағы тұрақты суғарылатын жердің ирригациялық жүйесін қалпына келтіру жоспарлануда. Атап айтқанда, Алматы облысында – 127 мың га, ОҚО – 99 мың га, ШҚО – 92 мың га, Жамбыл облысы – 86 мың га, БҚО – 40 мың га, Павлодар облысы – 30 мың га, Ақтөбе облысы – 29 мың га, Қызылорда облысы – 29 мың га, Қарағанды облысы – 28 мың га, СҚО – 28 мың га және Атырау облысы – 22 мың га», – деп хабарлады И.Әбішев. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында 368 мың га аумақтағы көлдетіп суару жерін қалпына келтіру жоспарлануда. Атап айтқанда, БҚО-да 163 мың га, ШҚО-да 56 мың га, Ақмола облысында 44 мың га, Ақтөбе облысы – 41мың га, Атырау облысы – 36 мың га, Павлодар облысы – 24 мың га және Қарағанды облысы – 4 мың га. Бұдан бөлек, ескірген коллекторлық-дренаждық желілерді қалпына келтіру жоспарлануда. Оның жалпы ұзындығы 13,2 мың шақырым, вертикальды-дренажды саңылау 955 дана болмақ.   610 тыс. га орошаемых земель будут вовлечены в оборот до 2021 года В Службе центральных коммуникаций прошла пресс-конференция, посвященная вводу в оборот 610 тыс. га орошаемых земель и совершенствованию земельных отношений в рамках Государственной программы развития АПК на 2017-2021 годы. В мероприятии приняли участие председатель Комитета по водным ресурсам МСХ РК И. Абишев, заместитель директора РГП «Казводхоз» Э. Якубаев. «В ближайшие 5 лет планируется восстановить ирригационные системы земель регулярного орошения на площади 610 тысяч гектаров, в том числе в Алматинской области – 127 тысяч гектаров, Южно-Казахстанской – 99 тысяч гектаров, Восточно-Казахстанской – 92 тысячи гектаров, Жамбылской – 86 тысяч гектаров, Западно-Казахстанской – 40 тысяч гектаров, Павлодарской – 30 тысяч гектаров, Актюбинской – 29 тысяч гектаров, Кызылординской – 29 тысяч гектаров, Карагандинской – 28 тысяч гектаров, Северо-Казахстанской – 28 тысяч гектаров и Атырауской – 22 тысячи гектаров», — проинформировал Ислам Абишев. Также в рамках госпрограммы планируется восстановить земли лиманного орошения общей площадью 368 тыс.га, в том числе 163 тыс.га – в Западно-Казахстанской, 56 тыс.га — Восточно-Казахстанской, 44 тыс.га — в Акмолинской области, 41тыс.га — в Актюбинской, 36 тыс.га – в Атырауской, 24 тыс.га – Павлодарской и 4 тыс.га – в Карагандинской областях.Кроме восстановления ирригационных систем планируется восстановление изношенной коллекторно-дренажной сети, общей протяженностью 13,2 тыс.км, скважин вертикального дренажа в количестве 955 единиц.
Қамыстысайда зерттеу жұмыстары жүргізілді
Қаңтар 1, 1970
Қамыстысайда зерттеу жұмыстары жүргізілді
СҚО ТЖ Департаментінің Комиссиясы 31 тамыздан 3 қыркүйекке дейін Есіл мен Аққайың аудандарының аумағындағы Үлкен Таранкөл көлінен Талдыарал көлі аралығында орналасқан байланыстырушы канал мен айдында зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты деп, хабарлайды "Мой город" порталы. Комиссия құрамына Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясыны, облыстың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» ШЖҚ РМК өкілдері, СҚО ТЖД қызметкерлері кірді. Тексеру нәтижелері бойынша, Қамыстысай округінде орналасқан айдындарда үлкен аумаққа судың жайылуы анықталды. Сондай-ақ, қауіпсіз деңгейге дейін Үлкен Таранкөл көлінде су деңгейін тұрақты төмендетуді қамтамасыз ету, республикалық, облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының су асып құйылатын жерлерінде жол төсемінинертті материалмен күшейту жөнінде қауіпті учаскелерде күні бұрын жұмыстар жүргізу қажеттілігі атап өтілді.
"Қазсушар" РМК қызметкерлері жалпыхалықтық сенбілікке қатысты
Қаңтар 1, 1970
"Қазсушар" РМК қызметкерлері жалпыхалықтық сенбілікке қатысты
2016 жылғы 24 қыркүйек күні Астанада өткен жалпықалалық сенбілікке "Қазсушар" РМК қызметкерлері де қатысып, Есіл ауданына қарасты «Хан Шатыр» СОО айналасына ағаштар отырғызды. Деректерге сүйенсек, тазалық жұмыстарына 429 арнайы техника тартылып, 89 мыңнан астам адам үлес қосқан. Олардың арасында қалалық кәсіпорындар мен ұйымдар, медицина және білім мекемелерінің қызметкерлері бар.   [gallery link="file" ids="121,115,120"]
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды
Қаңтар 1, 1970
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды
Ол – бұдан әрі су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін Серік Салауатұлы Қожаниязов.
Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Кузбас политехникалық институтын, 2002 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 
Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механикалық зауытында инженер-технолог болып бастады. Әр жылдары жеке секторда жұмыс істеген. 1999-2000 жылдары – Инвестиция тарту және қор нарығын дамыту орталығының директоры. 
2001-2005 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі. 2005-2007 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары – Қызылорда қаласының әкімі. 
2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 
2014-2019 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі. 
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
Серік Қожаниязов «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен және 2 мерейтой медалімен марапатталған.

Managed by Immediate XRise