Хабарландыру


Январь 22, 2021
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына: Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалының (бұдан әрі – Филиал) инженер-сметашы лауазымына конкурс жариялайды; Инженер-сметашының функционалдық міндеттері: Құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық түрлеріне арналған АВС4-KZ, SANA-2015 бағдарламасында сметалық құжаттама жасау, бағалар немесе жұмыстар көлемі өзгерген жағдайда, сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізу. Жобалау ұйымдарының сметалық шығыстарды жасауының дұрыстығын тексеру және олар бойынша қорытынды дайындайды. Бекітілген сметаларда көзделмеген жөндеу, құрылыс және монтаждау жұмыстарының құнын айқындауға, сондай-ақ, материалдар мен жабдықтарды ауыстыру кезінде қатысады. Жөндеу және қайта жаңарту нысандарына титулдық тізімдерді жасауға қатысады. Сметаларды мердігерлік ұйымдармен келісу және олардың шығыстар сметасына салынған нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру, орындалған жұмыстардың актілерін жасайды және материалдарды есептен шығарады (М-29 нысаны). Жобалық шешімдерге, ақаулы актілерге сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық түрлеріне сметалық құжаттама жасайды. Бағалар немесе жұмыс көлемі өзгерген жағдайда, сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізеді. Сметаларды мердігерлік ұйымдармен келіседі және олардың шығыстар сметасына салынған нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады, орындалған жұмыстардың актілерін жасайды. -Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеуге, жұмыс істеп тұрған су шаруашылығы нысандарын қайта жаңартуға сметалық-қаржылық құжаттаманы жасайды. - Жөндеу құнын талдау негізінде, жөндеу жұмыстарының барлық түрлерінің (құрылыс, монтаж, сантехникалық және т.б.) сметалық құнын анықтау үшін бастапқы деректерді дайындайды. -Жөндеу-құрылыс жұмыстарының құнын төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады. - қажетті қосалқы есептерді, есептеулерді орындау. - орындалған жұмыстардың құнын анықтау және атқарушылық құжаттарды дайындау; - белгіленген тәртіпте сметалық құжаттаманы ресімдеу, жинақтау және ұсыну. - Сметалық құжаттаманың есебін, жинақтау тізімдемесін жүргізеді. - Жұмыстың сметалық құны туралы қажетті анықтамаларды дайындайды. - Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының талаптарын сақтайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары техникалық білім; сметалық, жобалық және өзге де техникалық құжаттаманы әзірлеу бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт; Инженер-сметашы: Нормативтік құжаттарды, жобалау-сметалық және сметалық-қаржылық құжаттаманы жасау жөніндегі басқа да әдістемелік және басшылық материалдарды; жөндеу, монтаждау және құрылыс жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру технологиясын; қолданыстағы үлгілік сметаларды, МЕМСТ, жөндеу, монтаждау және құрылыс жұмыстарына бағалар мен түзету коэффициенттерін, оларды қаржыландыру және мердігерлік ұйымдармен есеп айырысу тәртібін; титулдық тізімдерді, ақаулық тізімдіктерін, жөндеу тізімдіктерін және басқа да техникалық құжаттаманы жасау тәртібін; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; есептеу техникасын, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану ережесін білуі тиіс. Негізгі дағдылар: ABS4, SANA-2015, AutoCAD, MS Office (кеңсе бағдарламаларының барлық стандартты пакеті) бағдарламаларын білу. Жобалармен (сызбалармен), жобалау-сметалық құжаттамалармен жұмыс. Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы № Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК персоналды іріктеу және жалдау туралы Қағидалары және «Қазсушар» РМК БҚФ-ның 2021 жылғы 15 қаңтардағы №65-Ө бұйрығы негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Орал қаласы, Самар көшесі, 23Б үй мекен-жайына ұсынылуы тиіс; анықтама телефоны: 87112-308985.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise