Хабарландыру


Январь 28, 2021
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы Панфилов өндірістік учаскесі барахудзир магистральдық каналының инженер-гидрометрі (бұдан әрі – Филиал); 2) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы Алакөл өндірістік учаскесінің бастығы (бұдан әрі – Филиал); 3) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы филиалының (бұдан әрі-Филиал) 1-дәрежелі инженер – гидротехнигі); 1) Панфилов өндірістік учаскесі барахудзир магистральдық каналының инженер-гидрометр лауазымына функционалдық міндеттері: өндірістік учаскесі бастығының тікелей басшылығымен жұмысты жүзеге асырады, су шаруашылығы объектілерін, машиналар мен мехенизмдерді дұрыс пайдалануды бақылайды, профилактикалық тексерулер жүргізеді, Жекелеген тораптар мен бөлшектерді жұмысқа дайындайды, жөндейді және ретке келтіреді, Су шаруашылығы және басқа да негізгі қорлар жұмысының есебін жүргізеді, тоқтап қалу себептерін белгілейді, жөндеу үшін қажетті құрылыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, бөлшектер мен құралдарды алуға өтінімдер жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік техникалық (мүмкіндігінше гидротехникалық немесе су ресурстары және суды пайдалану), жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 2) "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалы Алакөл өндірістік учаскесінің бастығы лауазымына функционалдық міндеттері: өндірістік учаскенің барлық қызметіне басшылық жасайды, жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болады, барлық құрылымдық желілік бөлімшелердің, өндірістік бірліктердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін өндірістік учаскені дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Өзіне заңнамамен берілген құқықтар шегінде өндірістік учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді, қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды тұлғаларға, бөлімшелер мен желілік құрылымдардың басшыларына тапсырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік (техникалық немесе инженерлік-экономикалық) білім және сала кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 3) "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалының 1-дәрежелі инженер-гидротехнигі лауазымына функционалдық міндеттері: Өндірістік учаске бастығының тікелей басшылығымен жұмысты жүзеге асырады, су шаруашылығы объектілерін, машиналар мен мехенизмдерді пайдаланудың дұрыстығын бақылайды, профилактикалық тексерулер жүргізеді, Жекелеген тораптар мен бөлшектерді жұмысқа дайындайды, жөндейді және ретке келтіреді, Су шаруашылығы және басқа да негізгі қорлар жұмысының есебін жүргізеді, тоқтап қалу себептерін белгілейді, жөндеу үшін қажетті құрылыс материалдарын, қосалқы бөлшектерді, бөлшектер мен құралдарды алуға өтінімдер жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік техникалық (мүмкіндігінше гидротехникалық немесе су ресурстары және суды пайдалану), жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы № Ө-588 бұйрығымен бекітілген "Қазсушар" РМК персоналын іріктеу және жалдау туралы Қағидалары негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Талдықорған қаласы, Рақышев көшесі, 17 мекен-жайына ұсынылуға тиіс анықтама телефоны: 8 (728) 2309244 Кадрлар және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Абдрахманов Д. Ж.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise