Хабарландыру


Январь 28, 2021
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын ваканттық лауазымға конкурс жариялайды: Кәсіпорынның негізгі қызметкері бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші сарапшысы лауазымына. Кәсіпорынның жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші сарапшы лауазымына функционалдық міндеттері: кәсіпорында бухгалтерлік есептің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады; ай сайынғы қаржылық есептілікті жасайды; қызмет түрлері және құрамдас бөліктері бойынша кірістер мен шығыстар бойынша ақпарат дайындайды;«Банк-клиент» жүйесінде төлем тапсырмаларын қалыптастырады; барлық учаскелер бойынша «1С - Кәсіпорын (Облако)» бағдарламасымен жұмыс бойынша күн сайынғы бақылауды жүргізеді; бастапқы құжаттардың сақталуына, оларды мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдеуге бақылауды жүзеге асырады; Жетекші сарапшы (бухгалтер) білуге тиіс: ҚР Салық заңнамасы - Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң - Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі заңнамалық актілер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдар; - кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп нысандары мен әдістері; - шоттардың жоспары және хат-хабарлары; - бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру; - бухгалтерлік есеп шоттарында құжаттамалық ресімдеу және көрсету тәртібі - есептеу техникасын пайдалану ережелері; - Экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару; - еңбек туралы заңнама; - еңбекті қорғау ережелері мен нормалары Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік (бухгалтерлік, экономикалық) білім, қаржы – бухгалтерлік қызмет саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы № Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК персоналын іріктеу және жалдау туралы Қағидалары негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел 4, «Алтын Орда» БО мекенжайына ұсынылуы тиіс; анықтама телефоны: 8(7172)72-52-70 ішкі 117.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise