Хабарландыру


Февраль 10, 2021
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалы:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалының (бұдан әрі – Филиал) экономист лауазымына конкурс жариялайды;
Экономистің функционалдық міндеттері:
Филиалдың еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігі мен табыстылығын арттыруға, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ең аз шығындары кезінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған экономикалық қызметін жетілдіру;
Негізге алынған қажетті негіздемелермен және есептермен жоспарларды, сондай-ақ, шаруашылық тетігін, экономикалық жұмысты жетілдіру, өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуді жүзеге асыру;
Өз құзыреті шеңберінде орта мерзімді кезеңге арналған болжамды қаржы-экономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;
Филиал қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру, олардың негізділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, жоспарлауды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, айналым қаражатын жұмсау нормаларын жақсарту және өндірістік қуаттарды пайдалану бойынша жұмыс жүргізу;
Кәсіпорында қолданылатын жоспарлы, есептік және есептік құжаттаманың ұтымды нысандарын әзірлеу, сондай-ақ, шаруашылық қызметті жоспарлау, есепке алу және талдау саласында экономикалық есептеулер жүргізу үшін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу;
Филиалдың және оның учаскелерінің қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау жасау және қаржылық қызметінің нәтижелерін бағалау;
Филиал жұмысының көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізу, экономикалық жұмыс саласында озық тәжірибені енгізу;
Жоғары тұрған органдарға экономикалық қызмет нәтижелері туралы есептілікті уақтылы ұсыну;
Мемлекеттік органдардың сұраныстары бойынша ақпарат дайындау;
Филиалдың қаржылық қызметінің барлық учаскелерінде әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығындар сметаларын, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеуді қатаң сақтау;
Еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды (разрядтар, бағалар, тарифтік кестелер және бастапқы құжаттарды ресімдеу кезіндегі ставкалар) дұрыс қолдануды әзірлеу және қатаң сақтау;
Жұмыскерлерге ақы төлеу және сыйлықақы беру туралы Ережені, Ұжымдық шартты әзірлеуге қатысу, еңбек дауларын шешу жөніндегі комиссияға қатысу;
Табиғи монополиялар субъектілері персоналы санының нормативін әзірлеу, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің нормативтерді бекіту қағидаларында белгіленген мерзімдерде бекітуі үшін оларды бас кәсіпорынға ұсыну;
Каналдар бойынша суармалы су беру, гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер бетіндегі ағынды реттеу жөніндегі қызметтерге тарифтерді әзірлеуді, оларды заңнамада белгіленген мерзімде уәкілетті органға бекітуге ұсынуды қамтамасыз ету;
Уәкілетті органға реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті уақтылы және белгіленген мерзімде ұсыну.
«ҚР Еңбек кодексіне» сәйкес еңбекақы төлеу қорының жұмсалуына, тарифтік ставкалар мен бағалардың, лауазымдық айлықақылар мен басқа да төлемдердің дұрыс қолданылуына, еңбек және демалыс режимдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Статистика органдары белгілеген мерзімде кезеңділіктің тиісті нысандары бойынша есептер жасау және тапсыру;
Су шаруашылығы нысандарында пайдалану іс-шаралары бойынша перспективалық және жылдық жоспарларды қалыптастыруға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
жоғары экономикалық білімі, экономист, есепші ретінде 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы шарт.
Экономист:
ҚР Үкіметінің Қаулыларын, экономиканың су секторын дамыту және экономикалық жұмыс мәселелері бойынша басқа министрліктер мен ведомстволардың басшылық және нормативтік актілерін;
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Су ресурстары комитетінің бұйрықтары мен басқа да басшылық және нормативтік актілері және экономикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
ҚР Еңбек кодексінің негіздерін;
ҚР Табиғи монополиялар туралы Заңын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларын;
кәсіпорындарда экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдарды;
материалдық, еңбек және қаржы шығындарының нормативтерін әзірлеу тәртібін;
шаруашылық шарттарды жасау және орындау тәртібін, филиалдың шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістерін;
еңбекке ақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін;
жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамаларын және қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын;
ҚР нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауды;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларын;
Microsoft Office бағдарламалық жасақтамасының озық пайдаланушысы, 1С бухгалтериядағы жұмыс дағдыларын білуі керек.
Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы № Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК персоналды іріктеу және жалдау туралы Қағидалары және «Қазсушар» РМК БҚФ-ның 2021 жылғы 15 қаңтардағы №65-Ө бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Орал қаласы, Самар көшесі, 23Б үй мекен-жайына ұсынылуы тиіс; анықтама телефоны: 87112-308985.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise