Хабарландыру


Февраль 18, 2021

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе филиалы (бұдан әрі-Филиал) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра кентінің "Нұра-Мамыр" ӨУ Учаске басшысы.

 

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Нұра кентінің "Нұра-Мамыр" ӨУ Учаске басшысының функционалдық міндеттері:

- су қоймалардың, магистральдардың және су бұру арналарының, шлюз-реттеуіштердіңжәне суармалау жүйелерінің, өндірістік база объектілерінің гидротехникалық құрылыстары кешенін техникалық жарамды күйде ұстау және дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;

- су тасқыны кезеңінде гидротехникалық құрылыстардың қалыпты жұмысын және тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету;

- жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, ақау актілерін құра отырып, объектінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу;

     - материалдар мен жабдықтарға өтінімдер жасау;

- бекітілген жылдық бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу;

- сеніп тапсырылған учаскеде еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету. Учаске қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы ұсыныстар және жұмыс және міндеттерді орындау нәтижелері бойынша оларды көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар беру;

- учаскедегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз ету;

-су беруді жүзеге асырылатын су қоймаларында, бас шлюз-реттеуіштерде, магистральдық және су бұру арналарында су шығындарын өлшеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

- гидротехникалық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және бұзушылықтар мен ауытқулар туралы филиал басшылығына уақтылы хабарлау;

- гидротехникалық құрылысты күзетуді жүзеге асыруға (объектіге бөгде адамдарды жібермеуге), сондай-ақ төтенше жағдай (су тасқыны, террористік акт қатері және т.б.) туындаған кезде шұғыл түрде филиал басшылығын, жергілікті атқарушы билік органдарын хабардар етуге міндетті.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Учаске бастығы лауазымына гидромелиорация немесе су ресурстары және суды пайдалану, гидромелиорациялық жұмыстарды механикаландыру мамандығы бойынша жоғары техникалық немесе орта-техникалық білімі бар, жұмыс өтілі, кемінде 3 жыл болуы тиіс.Ерекшежағдайларда, мамандығынемесежұмысөтілікемінде 3 жыл.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы № Ө-588 бұйрығымен бекітілген "Қазсушар" РМК персоналын іріктеу және жалдау туралы Қағидасына және "Қазсушар" РМК АФ-ң 14.01.2021 жылғы № 15/п бұйрығы негізінде жүргізіледі.

        

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс:

Ақтөбеқаласы, Ибатовкөшесі ,53А; анықтама телефоны: 8/7132/51-59-36.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise