Хабарландыру


Февраль 18, 2021

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе филиалы (бұдан әрі-Филиал) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе филиалының Директор орынбасары

 

Ақтөбе филиалы директоры орынбасарының функционалдық міндеттері:

1. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын техникалық пайдалану жөніндегі жұмысты, оларды тасқын суларды апатсыз жіберуге уақтылы дайындауды ұйымдастырады.

2. Өнімді босатуды есепке алу көрсеткіштерінің дұрыстығын бақылауды ұйымдастырады, есепке алу құрылғыларын уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді.

3.Ведомстволық бағынысты қызметтердің суды алу және пайдалану бойынша белгіленген жедел және статистикалық есептілікті; өндірістік қуаттың болуы және пайдаланылуы туралы; пайдалану жөніндегі жылдық есепті және талап ету орны бойынша басқа да мәліметтер мен ақпаратты уақтылы жасауын және ұсынуын бақылайды.

4. Су тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес кәсіпорынның су шаруашылығы жүйелері бойынша су беруді ұйымдастырады.

5. Су шаруашылығы объектілерін пайдалану процесінде табиғат қорғау ұйымдарымен және табиғат пайдаланушылармен, ТЖ қызметімен өзара іс-қимыл мәселелерін шешеді.

6. Су ысырабын есепке алу және оған қарсы күрес, Су шаруашылығы жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентін арттыру және алынатын суды тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды дайындауды және орындауды жүзеге асырады.

7. Өндірісті қажетті жабдықтармен, аспаптармен, қосалқы бөлшектермен, материалдармен, электр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады.

8. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылықты жүзеге асырады.

9. Барлық қажетті Шығыс нормаларының, жылдық нормалар мен қажеттіліктердің, лимиттердің, шығындардың, нормативтік техникалық ысыраптардың, қызмет көрсетуші персоналдың нормативтік санының, инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың, еңбек жөніндегі жоспарлардың, штаттық кестелердің, күрделі жөндеу жүргізу және оларды қорғау жоспарларының есептерін ұйымдастырады және тексереді, белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде уәкілетті органда келісу және бекіту.

10. Су шаруашылығы объектілерін қорғаудың жай-күйіне бақылауды жүзеге

асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары кәсіби техникалық және/немесе экономикалық білім,басшылық

лауазымдағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы № Ө-588 бұйрығымен бекітілген "Қазсушар" РМК персоналын іріктеу және жалдау туралы Қағидасына және "Қазсушар" РМК АФ-ң 14.01.2021 жылғы № 15/п бұйрығы негізінде жүргізіледі.

        

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс:

Ақтөбеқаласы, Ибатовкөшесі ,53А; анықтама телефоны: 8/7132/51-59-36.

 

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise