Хабарландыру


Февраль 24, 2021

Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы келесі лауазымға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының (бұдан былай – Филиал) Белағаш топтық су құбырын пайдалану жөніндегі өндірістік учаскесінің бастығы.

Белағаш топтық су құбырын пайдалану жөніндегі өндірістік учаскесінің бастығы лауазымына қойылатын функционалдық міндеттер:

Өндірістік учаскелер бірліктерінің жұмысы мен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін жоғары тиімділік көрсеткіштеріне жетуге, су ресурстарын тиімді пайдалануға бағыттайды.

Суды сату жоспарын уақытында және сапалы орындау бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.

Су шаруашылығы құрылыстарын техникалық пайдалану, пайдаланудың техникалық деңгейін көтеру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Ауыз суды жеткізу бойынша ақылы қызметтерді көрсету шарттарына сәйкес, филиалдың балансында су шаруашылығы құрылыстарын күтіп ұстау және уақытылы, үздіксіз сумен қамтамасыз ету.

Учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметін нормативтік материалдар, қаржылық және еңбек шығындары негізінде ұйымдастырады.

Учаскені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың жұмысы үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдайды.

Ұжымдық шарттың жасалуын, қорытындылауын және орындалуын қамтамасыз етеді.

Барлық мәселелерді өзіне берілген құқықтар шеңберінде шешеді және белгілі өндірістік-шаруашылық функцияларды орындауды басқа лауазымды адамдарға, инженерге, бригадирге жүктейді.

Филиал мен басқа қызметкерлердің мүлкіне мұқият күтім жасауға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, филиал мүлкінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай туралы дереу басшысына хабарлауға міндетті.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптар: жоғары техникалық немесе инженерлік-экономикалық білімі және тиісті профильдегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.

 

 

 

         Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау ережелері негізінде өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынылуы керек: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1, анықтамалар үшін телефон № 8/7232/527252, түйіндеме voda_2004@mail.ru электронды поштаға жіберу тиіс.

 

 

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise