Хабарландыру


Март 10, 2021

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан филиалы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бос лауазымға конкурс жариялайды:

 

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалының (бұдан әрі - Филиал) қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инженері;

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер лауазымының функционалдық міндеттері:

 

1.     «Сумен қамтамасыз етуге байланысты емес трансшекаралық және республикалық су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану және еңбекті қорғау бабы бойынша олардың техникалық жағдайын бақылау» №101 шағын бағдарламасы бойынша пайдалану іс-шараларын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

2.     Су тасқыны мен тасқын судың қауіпсіз өтуін, су шаруашылығы құрылыстарын вегетациялық кезеңге, күзгі-қысқы кезеңге дайындауды қамтамасыз етеді.

3.     Құрылымдарды жөндеу немесе жұмысын жақсарту қажеттілігін анықтау мақсатында тексеру комиссияларының жұмысына тікелей қатысады.

4.     Орындалған жөндеу жұмыстары түрлерінің ағымдағы және атқарушылық құжаттамаларын толтырады.

5.     Стратегиялық объектілерді мемлекеттік қорғаумен байланысты жұмыстарды орындайды.

6.     Ұйым бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының қадағалануына, қызметкерлерге еңбек жағдайлары үшін белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуіне бақылау жасайды.

7.     Өндірістік оқуға немесе тағылымдамаға келген барлық жаңа қызметкерлермен, іссапарға келушілермен, оқушылармен және студенттермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулықтар өткізеді.

8.     Ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімінің жобасын жасауға, өндірістік жарақаттарды, өндірістік және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысады, олардың орын алу себептерін зерттейді, олардың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігіне талдау жасайды.

9.     Өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына аттестаттауды ұйымдастырады.

10. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша есептерді белгіленген үлгілерге сәйкес және тиісті мерзімде дайындайды.

 

Білуі тиіс:

1.     еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;

2.     ұйымда қолданылатын жабдықтың жұмыс ерекшеліктері;

3.     қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептер жасау тәртібі мен мерзімдері;

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жұмыс тәжірибесіне немесе техникалық және кәсіптік талаптарға сәйкес кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта (орта арнайы, орта кәсіптік) білімнен кейін және кемінде 3 жыл еңбек өтілі. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын оқыту бағдарламасын аяқтағандығы туралы сертификаты болуы керек.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау Ережелері негізінде өткізіледі.

 

        Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (түйіндеме, диплом) осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к. 99/1 мекенжайы бойынша ұсынылуы керек. Анықтама телефондары: 8/7232/527252, voda_2004@mail.ru.

 

 

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise