Хабарландыру


Март 19, 2021

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар филиалы бас инженер-директордың орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Павлодар филиалы бас инженер - директор орынбасарының функционалдық міндеттері:

1. Су шаруашылығыжүйелері мен құрылыстарын техникалық пайдалану жөніндегі жұмысты, оларды тасқынсуларды апатсыз жіберуге уақтылы дайындауды ұйымдастырады.

2.Ведомстволық бағынысты қызметтердің суды алу және пайдалану, өндірістік қуаттың болуы және пайдаланылуы туралы белгіленген жедел және статистикалық есептілікті уақтылы жасауын және ұсынуын бақылайды.

3. Су тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес кәсіпорынның су шаруашылығы жүйелері бойынша су беруді ұйымдастырады.

4. Су шаруашылығы объектілерін пайдалану процесінде табиғат қорғау ұйымдарымен және табиғат пайдаланушылармен, ТЖ қызметімен өзара іс-қимыл мәселелерін шешеді.

5. Өндірісті қажетті жабдықтармен, аспаптармен, қосалқы бөлшектермен, материалдармен, электр энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

6. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмыстарға тікелей басшылықты жүзеге асырады.

7. Барлық қажетті шығыс нормаларының, жылдық нормалар мен қажеттіліктердің, лимиттердің, шығындардың, нормативтік техникалық ысыраптардың, қызмет көрсетуші персоналдың нормативтік санының, инвестициялық бағдарламалар мен жобалардың, еңбек жөніндегі жоспарлардың, штаттық кестелердің, күрделі жөндеу жүргізу және оларды қорғау жоспарларының есептерін ұйымдастырады және тексереді, белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде уәкілетті органда келісу және бекіту жұмыстарын ұйымдастыру.

8. Су шаруашылығы объектілерін қорғаудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады.

9. Филиал объектілеріндегі құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бойынша мәселелерді шешу.

10. Жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеу үшін барлық қажетті материалдарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді.

11. Жұмыс өндірісі үшін жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттамалардың уақытылы берілуін бақылауды қамтамасыз етеді.

12. Құрылысы аяқталған объектілерді тапсыру, қабылдау және пайдалануға беру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

13. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары кәсіптік (техникалық) білім және сала кәсіпорнының бейініне сәйкес келетін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы № Ө-588 бұйрығымен бекітілген "Қазсушар" РМК персоналын іріктеу және жалдау туралы Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Павлодар қаласы, Астана көшесі, 174 мекен-жайына ұсынылуға тиіс анықтама телефоны: 8 (7182) 32-87-25

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise