Хабарландыру


Апрель 9, 2021

«Қазсушар» РМК орталық аппаратының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші сарапшысы бос лауазымына орналасуға конкурс

 

Міндеттері:

 

- Ақпаратты жинаумен және өңдеумен айналысу;

-Кәсіпорын қызметі туралы материалдар дайындауда бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;

- Кәсіпорын қызметі туралы телерадио арналары мен ақпараттық агенттіктердің материалдарын жедел жинауды жүзеге асыру және талдау жүргізу;

-Кәсіпорынға қатысты шаралар туралы баспасөз хабарламаларын және басқа да ақпараттық материалдарды дайындау;

-Баспасөз конференцияларын, жұмыс ұжымдарымен, халықпен кездесулерді, кәсіпорын басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуін ұйымдастыру;

-Басқа кәсіпорындардың тиісті баспасөз қызметтерімен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Талаптар:

 

       - Жоғары білім;

- Қазақ тілін білу;

- Фото және бейнтүсірілім жасау дағдыларының болуы;

- Жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларының болуы, өз ойларын ғана емес, сонымен қатар өз басшылығының ойларын да «жеткізе» білу;

      - Интеллектуалды негізі және сөздік қорының бай болуы;

       - Камераның алдында өзін жақсы ұстап, дикциясының жақсы болуы және камера алдында түрінің тартымды болуы;

       - Күнделікті жұмысты орындауға дайын болу - БАҚ мониторингі, аналитикалық есептерді дайындау, мәтіндерді редакциялау, талдау және құрылымын жасау;

        - Аналитикалық және ұйымдастырушылық қабілеттері;

       - Өз жұмысын және ұжымның жұмысын тиімді ұйымдастыру қабілеті;

      - Жақсы қарым-қатынас дағдылары;

     - Дербестік және жауапкершілік.

 

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise