Хабарландыру


Апрель 20, 2021

Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалы келесі лауазымға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының (бұдан былай – Филиал Тасөткел су қоймасы өндірістік бөлімшесінің бастығы.

Тасөткел су қоймасы өндірістік бөлімшесінің бастығы.лауазымына қойылатын функционалдық міндеттер:

- су қоймалардың, магистральдардың және су бұру арналарының, шлюз-реттеуіштердің, гидротехникалық құрылыстары кешенін техникалық жарамды күйде ұстау және дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;

- су тасқыны кезеңінде гидротехникалық құрылыстардың қалыпты жұмысын және тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету;

- жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, ақау актілерін құра отырып, объектінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу;

    - материалдар мен жабдықтарға өтінімдер жасау;

- бекітілген жылдық бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуге қатысу;

- сеніп тапсырылған учаскеде еңбек және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету. Учаске қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы ұсыныстар және жұмыс және міндеттерді орындау нәтижелері бойынша оларды көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар беру;

- учаскедегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының орындалуын қамтамасыз ету;

-су беруді жүзеге асырылатын су қоймаларында, бас шлюз-реттеуіштерде, магистральдық және су бұру арналарында су шығындарын өлшеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

- гидротехникалық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және бұзушылықтар мен ауытқулар туралы филиал басшылығына уақтылы хабарлау;

- гидротехникалық құрылысты күзетуді жүзеге асыруға (объектіге бөгде адамдарды жібермеуге), сондай-ақ төтенше жағдай (су тасқыны, террористік акт қатері және т.б.) туындаған кезде шұғыл түрде филиал басшылығын, жергілікті атқарушы билік органдарын хабардар етуге міндетті.

Конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптар: жоғары техникалық немесе инженерлік-экономикалық білімі және тиісті басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес тұлға тағайындалады.

          Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау ережелері негізінде өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынылуы керек: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жауғаш батыр көшесі, 1а, анықтамалар үшін телефон № 8/7262/427210, түйіндеме rgp_tarvod@mail.ru    электронды поштаға жіберу тиіс.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise