Хабарландыру


Май 28, 2021

Онлайн-брифингтің өтуі туралы 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының 10-Жалпыұлттық басымдығының ,,Жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау" атты 7-міндетін, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының II тарауын, су үнемдеу технологиялары мен су есептеудің цифрлық жүйелері туралы Премьер-Министр отырысының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 46 хаттамасының 4-тармағын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 22 қазандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау үшін ,,Қазсушар" РМК суару желісін автоматтандырудың 5 жылдық жоспарын іске асыруға кіріседі.

 

Жобаның мақсаты Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында жалпы ұзындығы 2 830 км және 6 км3 жиынтық су қабылдағышы бар 119 негізгі магистральдық және шаруашылықаралық арналарда су есептеуді автоматтандыруды енгізу болып табылады.

 

Биылғы жылы 4 облыста 23 арнада жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы жұмыстар шеңберінде геология, гидрология, геодезия және автоматтандыру бөлігінде зерттеулер жүргізілетін болады, оның нәтижесінде арналарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады, оған гидробекеттерді қайта жаңарту, тіркелген арнаны ұйымдастыру және оларда суды есепке алудың автоматтандырылған құралдарын орнату кіреді.

 

Осыған байланысты, 2021 жылғы 3 маусымда сағат 11.00-де ,,Қазсушар" РМК онлайн-брифингі өтеді, онда егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. Брифингке барлық мүдделі компаниялар қатыса алады. Қатысу үшін өтінімдерді компанияның атауы, қатысушының аты-жөні, ұялы телефон нөмірін көрсете отырып, akhmetov.zh@qazsu.kz электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз.

Возврат к списку

Managed by Immediate XRise