Жаңалықтар


Қаңтар 1, 1970
Найман каналы

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы “Найман” каналында қайта құру жұмыстары жалғасуда. Найман каналының ұзындығы 39 шақырым және канал Көктөбе, Қажымұқан, Қараспан, Батыр ата ауылдарының суармалы жерлерін ағын сумен қамтамасыз етеді.

Алдынғы постымызда жариялағандай бұл жобаның мақсаты “Найман” каналын қайта құру және аудандарды ағын сумен уақытылы қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда, каналдың 1.6 шақырымына бетонды қаптама жұмысы жүргізіліп, 1 шақырымына жер жұмыстары жүргізілді.

Қаңтар 1, 1970
«Тасөткел» су қоймасын сейсмикалық күшейту жұмыстары қарқынды жүруде

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданындағы «Тасөткел» су қоймасында болып, нысанды сейсмикалық күшейту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол жұмыстарды «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізуде.

Учаске басшысы Мұрат Есенбаевтың айтуынша, қазіргі таңда су қоймасының тоспасы салынуда. Құрылыс жұмысына 26 техника мен 38 құрылысшы жұмылдырылған. Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған.

Жалпы су қоймасындағы сейсмикалық күшейту жұмыстары алдағы жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталады деп жоспарланған десек, тоспаны осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделуде.

Облыс әкімі су қоймасының маңыздылығын еске салып, суды ертерек жинау керектігін айтты.

Басты мақсат – егістік жерлердің ауқымын ұлғайту. «Тасөткел» су қоймасына 620 миллион текшеметр су жиналады. Үш ауданның егістік алқаптары осы қойма суымен ылғалдандырылады.

Алдағы жылдың суару кезеңіне дейін су қоймасына тиісті көлемдегі суды жинап алуымыз керек. Сол үшін құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, суды ерте бастан жинауға күш салуға тиіспіз, – деді Нұржан Нұржігітов.

Қазіргі таңда тоспаның табанынан бастап, су ағар науаға дейінгі биіктікті бетондау жұмыстары жүргізілген. Ендігі жерде құрылысшылар су тоспасының ең жоғарғы бөлігі, қауіпсіздік тоспасының құрылыс жұмысына кірісіп кеткен. Ол қауіпсіздік тоспа су қоймасына сел, басқа да табиғи жағдайда бір миллиард текше метрге дейін су қабылдап, оның нысанға төндірер қауіпін азайтып, бес су науасы арқылы төменге ағып кетуіне мүмкіндік бермек.

Жалпы мұнда барлық қауіпсіздік шаралары назарға алынған.

Мұрат Есенбаев ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында бетондау жұмыстарын аяқтайтынын, сол күннен бастап су жинай беруге болатындығын айтты.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мердігер өкілдеріне құрылыс жұмысын сапалы, үздіксіз жүргізіп, жоспарға сай тапсыруды жүктеді.

Қаңтар 1, 1970
Көксарай су реттегішіне су жинау жұмыстары жүргізілуде


Сырдария өзені арқылы судың көп келуіне байланысты,
бүгін, (13.12.2022ж.) «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Шардара су қоймасынан болжамдық кестеге сәйкес, Сырдария өзенінің төменгі ағысына су босатылып, Арыс қаласы аумағында орналасқан, Көксарай су реттегішінің пайдалану ережесіне сәйкес су жинау басталуда.


Осыған орай Түркістан облысы Арыс ауданында орналасқан «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Көксарай су реттегішіне Шардара су қоймасынан 2022 жылы 13-шы желтоқсаннан қосымша су қорын жинау кезінде, су келу мен толу аумағында орналасқан елді мекендер сондай-ақ, Көксарай су реттегішінің ішінде шаруашылығын жүргізушілердің (мал шаруашылығы) техникалар және мүліктерді көшіру бойынша жұмыстарын жүргізуді жоспарлаудамыз.


Мәлімет үшін:
Сырдария өзеніндегі 2022 - 2023 жылдар аралығындағы қысқы және көктемгі кезеңдегі өтетін тасқын суларды қауіпсіз өткізу мақсатында, Көксарай су реттегіші кешенінде алдын ала жоспарланған ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, нысан кешені ықпал ету аумағындағы Сырдария өзеніндегі су ағынын оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге дайын.
Қаңтар 1, 1970
"Қазсушар" РМК Түркістан филиалының су пайдалану бөлімінің басшысы Бекмұратов Рүстембек “Хабар 24” телеарнасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында бөлім басшысы Түркістан облысы аймағындағы су ресурстарының қазіргі күйі жайлы баяндап берді. Ағымдағы жылы егіс алқаптарының құрылымында негізгі алаңды мақта және жемшөп дақылдары алып жатыр, сондай-ақ майлы дақылдар, көкөністер, бақша дақылдары, жүзімдіктер, жеміс ағаштары мен дәнді дақылдар біртіндеп өсуде. Ағымдағы жылы облыс бойынша сумен қамтамасыз ету тұрақты болды.

Түркістан облысы бойынша су шаруашылығындағы негізгі басымдық - елдің азық-түлік қауіпсіздігі. Түркістан облысы ішкі және сыртқы нарықтарға өнім беретін негізгі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады.
Суармалы су суару жүйелері арқылы су пайдаланушыларға жеткізіледі.

Бүкіл суару жүйесі кеңес заманында 1960-1980 жылдар аралығында салынған. Осы кезеңде 40 жылдан астам уақыт өтті, суару жүйесі гидротехникалық құрылыстарды жаңартуды және қайта құруды қажет етеді. Мемлекет тарапынан республикалық қаржыландыру есебінен және ірі қаржы банктері ұсынатын халықаралық инвестициялар есебінен суару желілерін реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражатына 2009-2022 жылдар аралығында Түркістан облысы бойынша объектілердің құрылысы жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде:
- каналдарға ілінген суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.
- Түркістан облысы аудандарының ауыл тұрғындарының әлеуметтік - экономикалық өмір сүру жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ететін өнім мен оның сапасы артады (бәсекеге қабілетті өнім алу үшін).

Биылғы жылы Ордабасы, Отырар және Түркістан дихандарының, суармалы су тапшылығы туралы айтылып, жетіспеушілік қандай себеппен болғаны, мәселенің шешіліп жатқандығы айтылды.

2022 жылы 2 желтоқсанда сағат 09:30-да ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Мұқатаевтың Алматы облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Қаңтар 1, 1970
2022 жылы 2 желтоқсанда сағат 09:30-да ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Мұқатаевтың Алматы облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесудің мекен жайы: Талғар қаласы, Промышленная 8 көшесі, РМК «Қазсушар» Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының ғимаратында өтеді.


Жамбыл облысында құрылысы келесі жылы басталатын «Ақмола» су қоймасы өңірдегі Байзақ, Талас аудандарындағы 6,5 мың гектар алқапты ағын сумен қамтамасыз ететін болады.Президент Жолдауынан туған міндетке сай облыс аумағында дәл осындай 3 су қоймасы салынады. Бұл туралы «Қазсушар» кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы мен өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында айтылды.
Қаңтар 1, 1970
Жамбыл облысында құрылысы келесі жылы басталатын «Ақмола» су қоймасы өңірдегі Байзақ, Талас аудандарындағы 6,5 мың гектар алқапты ағын сумен қамтамасыз ететін болады.Президент Жолдауынан туған міндетке сай облыс аумағында дәл осындай 3 су қоймасы салынады. Бұл туралы «Қазсушар» кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы мен өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында айтылды.
Жамбыл облысында құрылысы келесі жылы басталатын «Ақмола» су қоймасы өңірдегі Байзақ, Талас аудандарындағы 6,5 мың гектар алқапты ағын сумен қамтамасыз ететін болады.Президент Жолдауынан туған міндетке сай облыс аумағында дәл осындай 3 су қоймасы салынады. Бұл туралы «Қазсушар» кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалы мен өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында айтылды.
Алматы облысында вегетациялық кезең сәтті өтті
Қаңтар 1, 1970
Алматы облысында вегетациялық кезең сәтті өтті
Ағымдағы жылы Алматы облысында вегетациялық кезең сәтті өтті. Өңірдің фермерлері сумен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілді.
Су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғау – басты міндет
Қаңтар 1, 1970
Су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғау – басты міндет

Бүгін Қазақстан Республикасының Су кодексі жобасы тұжырымдамасының жобасы (жаңа редакция) және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы тұжырымдамасының жобасы бойынша қоғамдық талқылау вице-министрі Ә.Шалабекованың төрағалығымен өтті.

Жамбыл облысында вегетациялық кезең табысты өтуде
Қаңтар 1, 1970
Жамбыл облысында вегетациялық кезең табысты өтуде

Фермерлер сумен жеткілікті көлемде және уақытылы қамтамасыз етілуде, деп хабарлады "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев. Бұған көктемгі жауын-шашынның қажетті деңгейіне жету ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның тұрақты, жүйелі жұмысы да ықпал етеді.


Managed by Immediate XRise