А. Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есептік кездесуі

  • 0

А. Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есептік кездесуі

Бүгін Қарағанды облысында еліміздің облыстық және аудандық әкімдіктерімен бейнебайланыс режимінде Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есептік кездесуі болып өтті.

Кездесуде ауыл шаруашылығы өндірушілері, салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болды.

Кездесу барысында Министр ауыл шаруашылығы саласының 2016 жылдағы даму қорытындыларын әңгімелеп, ведомствоның алдында тұрған жаңа міндеттерді тізбеледі.

Министрдің хабарлауынща, өткен жыл экономиканың аграрлық секторы үшін аса табысты жыл болды. Айталық, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылы 3,6 трлн. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 5,5%-ға жоғары. Айта кетерлік бір жайт, өндіріс көлемінің өсімін соңғы 10 жылда алғаш рет барлық облыстар қамтамасыз етіп отыр.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 164 млрд. теңгеден 253 млрд. теңгеге дейін 1,5 есе өсті

Елбасы жаңа Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді басымдық берілген сала ретінде кезекті рет атап өтті. Министрлік алдына нақты міндеттер қойылды. Яғни, аграрлық сектор ел экономикасының драйверіне айналуға тиіс.

Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ағымдағы жылдың ақпанында АӨК-ті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның басты басымдықтары – ішкі нарықты қамтамасыз етіп, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы кооперациясына шағын және орта шаруашылықтарды барынша тарту, су ресурстарын тиімді пайдаланып, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

Аталған міндеттерді іске асыру мен Мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін Іс-шаралар жоспары бекітілді.

Субсидияның 65 түрі қайта қаралып, нәтижесінде 11 тиімсіз түрі алынып тасталды. Оның ішінде 40-ның критерийлері өзгеріске түсіп, қалған 14-і өзгеріссіз қалды. Мұның нәтижесінде жыл сайын 25 млрд. теңге үнемделетін болады. Ал өзгертілген критерийлер сол бюджеттің аясында ауыл шаруашылығы өндірісі көлемін орта есеппен 29%-ға арттырмақ.
Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында егіс алқаптарының диверсификациясы басталды. Бұл үшін министрліктер мен әкімдіктер арасында арнайы меморандумға қол қойылды. Яғни, оның аясында майлы және жемдік дақылдардың аумақтары кеңейтіліп, жарма мен мал азықтық дақылдары, сондай-ақ, қант қызылшасы аумағын 930 мың га арттыру қарастырылған.
Сонымен қатар, көктемгі далалық жұмыстар үшін несиелердың ақырғы бағамы тұңғыш рет 6%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш былтыр 9%-ды құраған болатын. Өз кезегінде, бұл жағдай несие беру құрылымдары сатыларының қысқаруы арқылы мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, несиелер бойынша талап етілетін құжаттар саны азайды.

Биыл бірегей және асыл тұқымдарды субсидиялау қайта қалпына келтірілді. Тұқым шаруашылығына бөлінетін бюджет көлемінің былтырғы жылдың көлемінен 3 есе артық екендігін атап өткен жөн. Минималды нормалар тоқтатылды. Бұл фермерлерді субсидия алуға ынталандырады. Ал бұрынғы схема бойынша тұқымның аз ғана көлемі субсидияланатын. Соңғы жылдары тұңғыш рет тыңайтқыштар қажеттіліктен 14% артық. Бұған дейінгі енгізілім 10% болатын.

Минералды тыңайтқыштарды субсидиялау механизмдерінің қайта қарастырылуы оның енгізу көлемін 1,5 есеге ұлғайтты.
Тыңайтқыштарды субсиядиялау механизмдері өзгерді. Бұған дейін субсидия нормасы пайыздық негізде түзілсе, ал биылдан бастап нақты сандармен көрсетіледі. Бұл да фермерлерге тыңайтқышты сапасы мен бағасына қарай қай елде жасалғандығына қарамастан, еркін таңдау жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, тыңайтқыш ассортименті ұлғаяды. Биыл тыңайтқыштарды субсидиялау түрлері 156-ны құрап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 85 болған.

Мал шаруашылығындағы крийтерийлердің өзгеруі сол қаражаттың аясында субсидия алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Егер бұрын сиыр еті бойынша субсидияны 175 шаруашылық алса, бүгінгі таңда субсидиямен қамту 522 шаруашылықты немесе 100 пайызды құрайды, сүт бойынша субсидия алушылар 2 есеге, яғни 269-дан 532 шаруашылыққа дейін, қой еті бойынша субсидия алушылар 1,3 есеге, яғни 180-нен 234 шаруашылыққа дейін, жүн бойынша субсидия алушылар 3,6 есеге, яғни 50-ден 180 шаруашылыққа дейін ұлғайды.

Сондай-ақ қой етін субсидиялау сұранысқа көбірек ие қозы етімен алмастырылды.

Жұмыс істеп тұрған жүн өңдеу кәсіпорындарының жүктемесінің аз болуына байланысты тек жұқа ғана емес, жартылай жұқа жүндерді де субсидиялау қарастырылды.

Бұрын құс еті бойынша субсидия 3 деңгейге байланысты норматив бойынша төленсе, қазір ондай деңгей бесеу. Бірақ, талаптар азайған. Егер бұрын кұс фабрикалары 1,5 мың тонна өндірісі қуатымен субсидия алып келсе, қазір талап 1,0 мың тоннаға дейін төмендетілді. Ал 15,0 мың тоннадан аса құс етін өндіретін ірі құс фабрикаларында норматив бір келі үшін 70 теңгеден 80 теңгеге артты.

Мемлекеттік бағдараламаларды жүзеге асырудың негізгі қадамдарының бірі – шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперацияларына тарту.

«АӨК-тің ел экономикасының жаңа қозғаушы күші болып қалыптасуына байланысты ауыл шаруашылығы кооперативтері зор мәнге ие. Өйткені, онда аграрлық саланы және ауылдарды дамытудың үлкен әлеуеті бар. Кооперация – бұл ауылдың болашағы», – деді А.Мырзахметов.

Барлық 160 ауылдық аймақтағы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді біріктіру үшін семинарлар өткізіліп, 224 ауылдық окург әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары білім алды, бірыңғай тегін Call-Center және кооперация мәселесі бойынша кеңес алу үшін fermers.kz порталы құрылды, ауылшаруашылық кооперативтері үшін кепілсіз және бастапқы жарнасыз модулді сүт қабылдау және қасап пунктерінің сызбасы енгізілді, сондай-ақ кооператив мүшелері үшін несиелерді кепілдендіру механизмі қарастырылды.

Ауыл шаруашылығы кооперацияларын қолдау үшін биылғы жылы 52 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша 27 млрд. теңге және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы – 25 млрд. теңге. Егер Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2017-жылы 326 кооператив құру жоспарланған болса, енді оның санын 467-ге жеткізу жоспарланып отыр.

30 мамырға дейін 286 бірлік тіркелсе, оның 102-сі сүт дайындау бойынша, 181-і ет өндіру және дайындау бойынша тіркелді. 20136 бас ірі қараға арналған отбасылық мал бордақылау алаңдары мен 51 жылыжай салынды. Ауылшаруашылық өнімдерінің тауар өндірісіне 40 мыңнан аса ЖҚШ мен шағын фермерлік шаруашылықтар тартылды.

Ветеринария мен фитосанитария қауіпсіздігі мәселелеріне де баса мән берілуде.

Айталық, Қазақстан ағымдағы жылғы 25 мамырда қалған 5 облыс (ШҚО, ОҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда) үшін аусылдан таза аймақ мәртебесін алды. Осы шешімге Халықаралық эпизоотиялық бюроға мүше 180 елдің делегаттары дауыс берді.
Халықаралық эпизотикалық бюро, бұл мал және өсімдік өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Фитосанитария саласы бойынша ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өңделетін болжамды көлем 48,8 млн. гектарды құрады, оның ішінде үйірлі шегіртке қарсы өңделетін алаң 1,6 млн. гектар.

Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында 500 мың гектар алаң марокколық шегірткеге қарсы өңделді, бұл ағымдағы жоспардан 180 мың гектарға немесе 55%-ға артық.

Елбасының АӨК өнімдерінің экспорт көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Министрлікпен келесідей жұмыстар атқарылды.

Иран еліне салқындатылған қой еті мен тірі қойларды тасымалдауға арналған ветеринариялық сертификаттар жобалары келісілді және салқындатылған қой етінің экспорты бойынша жұмыс жүргізілуде. Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі қара мал мен ұсақ малды, тауық жұмыртқасын тасымалдауға арналған ветеринариялық сертификаттарға қол қойылды.
Сонымен қатар, Израил және Сауд Арабиясының ветеринария қызметтерімен қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспортына жол ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазірдің өзінде Қытай нарығына қазақстандық балық пен балық өнімдерін, асыл тұқымды жылқы тұқымдас жануарларды, бал мен бал ара шаруашылығы өнімдерін экспорттауға болады. Маусым айында мұздатылған қой етінің экспорты бойынша хаттамаға қол қою жоспарланып отыр, сонымен бірге аталған елге тауарлы жылқыларды тасымалдау шарттары келісілуде.
Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір міндеті – су қорларын пайдаланудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар, тұрақты және жайылма суармалы ауылшаруашылық жерлерінің дамуына қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету, жер өңдеу жағдайын жақсарту және өнеркәсіптегі су тұтыну тиімділігін арттыра отырып суармалы инфрақұрылымды қалпына келтіру.

Суармалы жерлерді қалпына келтіру мақсатында Ислам даму банкімен және Еуропалық қайта құру және даму банкімен 205 мың гектар жерді қалпына келтіру және айналымға тарту үшін 103,4 млрд. теңге сомасына келісімге қой қойылды.
Есеп беру кездесуі кезінде Министр тұрғындарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Мұндай ашық сұхбатқа негізделген кездесулер қатысушылардың өз мәселелерін, ұсыныстарын ведомства басшысына тікелей айта алуымен тиімді әрі сындарлы.

Сонымен қатар фермерлер жүргізіліп отырған саясатқа, шағын шаруашылықтарды қолдауға, ауыл экономикасын көтеруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламаға өз алғыстарын білдірді.

Былтыр Ауыл шаруашылығы министрінің есеп беру кездесуінде тұрғындардан 1200-ден аса сұрақ келіп түскен. Биыл Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануымен жүйелі сұрақтар мен мәселелер өз шешімін табуда.

0

Leave a Reply

Предлагаем Вам задавать свои вопросы, оставлять свои пожелания, делиться мнением.