Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан филиалы «Ақсуат өндірістік учаскесінің инженер-гидротехнигі» бос лауазымына конкурс жариялайды.

Жарияланған күні мен уақыты: 27.09.2024, 08:53 Мақала авторы: kazvodhoz

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- түйіндеме

- конкурсқа қатысу туралы өтініш,

- жеке куәлік,

- диплом,

- еңбек кітапшасы,

- әскери билет (болған жағдайда),

- 075 нысанды медициналық анықтама,

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама,

- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы,

- бетпе-бет сұхбаттасу кезінде ПТР-талдауы немесе вакцинация паспорты болуы қажет. 

 

Инженер-гидротехник лауазымына қойылатын функционалдық міндеттер:

-       Пайдалану ережелеріне сәйкес су шаруашылығы жүйелеріндегі судың тартылуын, есепке алынуын және үлестірілуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

-       Су пайдаланудың жылдық жоспарының құрылуын және оның орындалуын қадағалауды ұйымдастырады, сонымен қатар, су пайдаланушыларға су беру мен суды қабылдау журналдары мен актілерін ресімдейді, су тарту және су бөлу орындарының су өлшегіш құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етеді, су қоймаларының, гидротораптардың жұмыс кестесін құрады, оның сақталуын қадағалайды;

-        Мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын паспорттауды басқарады, статистикалық және жедел құжаттарды дайындайды, суармалы жерлердің көлемін жыл сайын бақылап отырады;

-       Гидромелиоративтік бекеттердің және жабдықтардың техникалық жағдайы туралы актінің, жөндеу жұмыстарын орындауға өтінімнің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;

-       Техникалық пайдалану ережелерінің, қауіпсіздік техникасының және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

-       Гидрометриялық бекеттердің және жабдықтардың сақталуын бақылауды, су реттеушілердің жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;

-       Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды паспорттаудың жиынтық қорытындысының, техникалық жағдай мен теңгерімдік құнның жиынтық ведомосінің, гидробекеттер мен жабдықтардың ақау ведомосінің жасалуын қамтамасыз етеді.  

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары техникалық білім  (жұмыс өтіліне талап қойылмайды) немесе орта техникалық білім мен мамандық бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1 мекенжайы бойынша немесе voda_2004@mail.ru электронды мекенжайына ұсынылуы керек. Анықтама телефоны: 8/7232/51-89-21, 8-705-522-92-87 

Жұмыс орны: ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау Ережелері негізінде өткізіледі.