«Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы «Бескемпір», «Бошмойын», «Талас-Аса» шаруашылық аралық каналдарын күрделі жөндеу және қалпына келтіру» жобасында құрылыс жұмыстарын мердігер «Реал Билдинг» ЖШС атқаруда. Бошмойын каналындағы жұмыстық жобаның соңғы нәтижесі - "Бошмойын" каналына қарастысуармалы жерлерді толық пайдалану, яғни қосымша1324 га жерді суғару және суармалы жерлердің аумағын 4809,13 га дейін жеткізу, бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.Каналды күрделі жөндеу және қалпына келтіру – оның пайдалы әрекет коэффициентін арттырады. Осы жобада ұзындығы 21 км қираған науаларды ауыстыра отырып, «Бошмойын» каналын күрделі жөнде ужәне қалпына келтіру, су тарату құдықтары мен гидропосттарды,учаскелік арналарға су шығарғыштарды жәнеолардың су өлшегіш құрылымдарын жөндеу,сондай-ақ суды ашып-жабатын қақпаларды орнату көзделген.
«21-11-2024 09: 49»«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы суару каналдарын, дренаждық жүйелерін және құрылымдарын қайта құру Өтеміс ШАК жүйесі» жобасының құрылыс жұмыстарын мердігер «ҚазАтакент Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Жұмыс жобасының соңғы нәтижесі–тозығы жеткен суару жүйесін қайта жаңарту арқылы судың шығынын болдырмау. 28 км құрайтын каналға реконструция жүргізіп, ұзақ уақыт күрделі жөндеу жүргізілмеген, көптеген құрылымдарқираған, суды ашып-жабатын қақпалары, көтергіштері жоқ, ал көбінде бар жұмыс істемейтін күйдегі құрылымдар қайта салынып 3500 га суармалы алаңды қайта айналымға қосу.
«20-11-2024 15: 10»