Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Б. А. Кемелбеков
"Қазсушар" РМК бас директоры
Сіздерді біздің құзыретіміздегі маңызды және қызықты тақырыптар мен мәселелерді талқылауға шақырамын.
Әрбір сұрақ біздің назарымызда!

Жаңалықтар

Жамбыл облысы Байзақ ауданының суару жүйелерін қайта жаңарту

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы суару каналдарын, дренаждық жүйелерін және құрылымдарын қайта құру Өтеміс ШАК жүйесі» жобасының құрылыс жұмыстарын мердігер «ҚазАтакент Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Жұмыс жобасының соңғы нәтижесі–тозығы жеткен суару жүйесін қайта жаңарту арқылы судың шығынын болдырмау. 28 км құрайтын каналға реконструция жүргізіп, ұзақ уақыт  күрделі жөндеу жүргізілмеген, көптеген құрылымдарқираған, суды ашып-жабатын қақпалары, көтергіштері жоқ, ал көбінде бар жұмыс істемейтін күйдегі құрылымдар қайта салынып 3500 га суармалы алаңды қайта айналымға қосу.

 

«20.11.24»

Жамбыл облысы Байзақ ауданының суару жүйелерін қайта жаңарту

 «Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы суару каналдарын, дренаждық жүйелерін және құрылымдарын қайта құру Свекловичный МК, Айтқұл МК, Медеу МК, Сатыбалды МК» жобасындағы құрылыс жұмыстарын мердігер «Құрылыс ТЭД» ЖШС-і жүргізуде.Жұмыс жобасының соңғы нәтижесі - Жамбыл облысында орналасқан трансшекаралық Талас өзенінің бассейндеріндегі ауыл халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық өмір сүру жағдайларын қолданыстағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және жетілдіру жолымен егіннің өсуі үшін мелиоративтік жағдайлар жасау негізінде жақсарту. Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - аграрлық өндірісті индустрияландыруға және АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) өнімдерінің негізгі түрлері бойынша оның тиімділігінің өсуіне негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету. Свекловичный, Медеу, Сатыбалды каналдарын реконструкциялау және қалпына келтіру вегетациялық кезеңде суару алқабында сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты, суармалы алқаптарға су беруді ұлғайтуға мүмкіндік береді және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартады. Жамбыл облысы жағдайында суару-жоғары кепілдендірілген өнім алу факторларының бірі, өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытудың басты буыны.

 

«18.11.24»

Шығыс Қазақстан облысы «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жөндеу жұмыстарын аяқтады

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы «Қазсушар» филиалы сегіз су торабы мен Егінсу су қоймасында жөндеу жұмыстарын аяқтады. Тағы сегіз нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы айдың соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

«06.11.24»
КазВодХоз сандармен
Су көлемі және жалпы ГТС саны 77%
Саны су пайдаланушылардың 54%
Тоқтатылған алаң (РО - дан) 39%
Суармалы алаң (Басқа) 39%

Пайдалы сілтемелер