Жаңалықтар


«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті» ММ кейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілуімен келесідей жұмыс жобалары бойынша көпшілік тыңдалымдардың өткізілетіндігі туралы хабарлайды
Қаңтар 1, 1970
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті» ММ кейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілуімен келесідей жұмыс жобалары бойынша көпшілік тыңдалымдардың өткізілетіндігі туралы хабарлайды
  • «БҚО Орда топтық су құбырын қайта жаңғырту 1-кезек»;
  • «БҚО Орда топтық су құбырын қайта жаңғырту 1-кезек»;
  • «БҚО Камен топтық су құбырындағы ауыз суды өңдеу бойынша станса кешенінің құрылысы».
Көпшілік тыңдалымдар 2018 жылғы желтоқсанның « 07 » сағ 15.00-де БҚО Орал қ. Х.Чурин көшесі, 119Н1 мекен-жайында орналасқан «Уралводпроект» ЖШС-нің 2-қабатындағы конференц-залда өткізіледі. Мүдделі тұлғалар жұмыс жобалардың «Қоршаған ортаны қорғау» тарауымен Орал қ. Полевая көшесі, 1Д 4 қабат мекен-жайында орналасқан «СПС» ЖШС-де танысуға болады. Тел 8(7112)24-07-58; Е-mail: too_sps@mail.ru Мүдделі жұртшылықтың пікірлері «Қазсушар» РМК-ның www.Qazsu.kz интернет-ресурсында және Астана қ. Орынбор көшесі 8, №3 корпус «Министрлер үйі» әкімшілік ғимаратында орналасқан Тапсырыс берушінің Е-mail:beketaev.s@minagri.gov.kz электронды нұсқада жарияланатын болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі келешекке кемел жоспар құрды
Қаңтар 1, 1970
Ауыл шаруашылығы министрлігі келешекке кемел жоспар құрды
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының аясында былтырғы жылдың қорытындылары және саланы дамытудың негізгі міндеттері жарияланды. Бейнеконференц байланыс арқылы жүргізілген шараға облыстық әкімдіктердің, агробизнес және қоғам өкілдері қатысты. Агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті жүктелді. Бұл мәселені шешу үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрлері өз баяндамаларында АӨК-ті дамытудың басты қадамдарына назар аударды: – қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру; – сауда нарықтарын кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту; – мемлекеттік бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру; – салық төлемдерін жетілдіру; – аграрлық ғылым, білім беру және білім тарату жүйесін реформалау; – агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру; – технологияның қол жетімділігі; – билологиялық ресурстарды оңтайлы басқару; – су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру. Осылайша, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін қолданыстағы қаржы құралдарын жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қолхаттары сияқты жаңа құралдарды енгізу арқылы жеке қаржыландыруды тарту жоспарлануда. Бұдан басқа, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ біртіндеп агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін одан әрі қаржыландыру үшін несиелік серіктестіктер, ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, лизингтік компанияларды қаржыландыруға ауысады. Сондай-ақ, тиімсіз субсидиялар қысқартылып, салық салу жүйесі жетілдірілетін болады, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, саланы техникалық қайта жарақтандыру жүргізіледі. Сауда нарығын кеңейту және ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттауды дамыту мақсатында, мақсатты өнімдер нарығының тізімі әзірленетін болады. Басымдықты сауда нарығындағы шет мемлекеттердегі Қазақстандық елшіліктерде ауыл шаруашылығына жауапты атташе-өкіл лауазымын ашу жоспарланып отыр. Көлік және логистиканы дамыту, органикалық өнімді өндіруді арттыру, ауылшаруашылық ынтымақтастығы бойынша жұмыс жалғасады. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыру шекара аудандарында ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау бекеттерін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Ішкі нарықты қорғау мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес техникалық реттеу жүйесін жаңғырту, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін және қадағалауын «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша, ветеринарлық қызметтің тігінен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру жоспарланып отыр. Өзгерістер аграрлық ғылымға, білім беруге және білім тарату жүйесіне әсер етеді. Ғылым агробизнестің қажеттіліктерін тікелей мемлекеттік қаржыландырудан ғылыми-зерттеулерге арналған кәсіпкерлік бірлестіктердің шығындарын өтеу және жұмыс берушілерді мамандар даярлауға көшу есебінен жүзеге асырады. Аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау, оқу бағдарламаларын жаңарту және агроөнеркәсіптік кешендегі озық тәжірибені тарату, бұдан басқа, ауылдық мамандықтар бойынша оқыған түлектердің гранттары бойынша ауылдық жерлерде міндетті үш жылдық жұмыс істеуді енгізу жоспарланып отыр. Маңызды бағыттардың бірі агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру болып табылады. Мұнда ең басты күтілетін мәселе нақты фермерлік шаруашылықтар мен «ақылды фермалар» элементтерін енгізуге басты назар аударылатын болады. Бірінші кезеңде біз геопозицялық, вегетативтік, агрохимиялық, гидрогеологомелиоративтік және метеорологиялық қабаттарымен электрондық карта орындарын жасау қажеттілігін көріп отырмыз, – деді бірінші вице-министр А. Евниев. Өнеркәсіпті цифрландыру мемлекеттік заңдар мен қадағалаудың сенімділігін арттырады, жоғары технологияларды енгізуге ынталандырады, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырады, олардың ашықтығы мен фермерлерге қол жетімділігі, бірнеше рет сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Су секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру, апатты жағдайдағы су қоймаларын қайта құру, сондай-ақ суармалы жерлердің инфрақұрылымын қалпына келтіру, топтық су құбырларын қайта құру және салу бойынша шаралар қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, вице-министр Р. Құрманов  2017 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қорытындылары туралы баяндады. Әрі қарай алқа отырысы сұрақ-жауап форматына айналып, оның барысында аймақ өкілдері қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Анықтама үшін: 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% -ға артып, 4,1 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуі 29% -ды, тамақ өнімдері өндірісінде 32% -ды құрады. Сонымен бірге мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 3,9% -ға (1,8 триллион теңге), өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру 2,2% -ға (2,3 трлн. теңгеге) өсті. Азық-түлік тауарларын өндіру кезеңінде 4,1% -ға артып, 1,5 трлн. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикада малдың санын өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда төмендегідей түрлермен ұлғайту үрдісі байқалады: ІҚМ – 5,2% -ға 6,745,4 мың бас, қойға – 0,8% -ға 16 018,8 мың бас, жылқы – 6,0% -ға 2 395,0 мың бас, құстар – 8,8% -ға 40 102,1 мың бас, түйе – 4,6% -ға 188,4 мың бас құрады. Ет өндіру 5,9% -ға артып, 1 017,6 мың тоннаны, сиыр сүтін – 3,0% -ға 5,459,4 мың тоннаны, тауық жұмыртқасын – 7,3% -ға 5,085,2 млн.данаға дейін өсті. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңделген сүт пен кілегей сүті 2,0% -ға (472,4 мыңнан 481,9 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбе – 4,0% (24,2-ден 25,2 мың тоннаға дейін), сары май – 7,9% (15,6-дан 16,8 мың тоннаға дейін), сүт өнімдері 1,4% -ды құрады. ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаменті тел. 8(7172) 555-765 minagripress@gmail.com
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды
Қаңтар 1, 1970
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен Арман Қайратұлы Евниев ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Евниев А.Қ. 1968 жылы 21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтында (1990) ғалым-агроном мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын (2001), Қарағанды «Болашақ» университетін (2002) тәмамдады. Еңбек жолын 1985 жылы совхозда қарапайым жұмысшы болып бастады. 1990-1994 жж. Солтүстік Қазақстан облысында «Степной» кеңшарының агрономы, бас агрономы болып жұмыс істеді. 1994-1999 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Мәскеу ауданында ХХV Партсъезд атындағы «Жаңаөзен» ЖШС-де директор қызметін атқарған. 1999-2000 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі аппаратында кеңесші және бөлім меңгерушісі, Парламент Мәжілісі аппаратында Экономикалық реформа және жергілікті даму комитетінің Хатшылында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 2002-2005 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры болды. 2005-2006жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды. 2007-2008жж. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары. 2008-2010 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі. 2011 жылы «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК төрағасының орынбасары; 2011 жылы «Қазақстандық АӨК бойынша іскерлік кеңес» Ассоциациясының төраға орынбасары; 2013-2016 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды. 2016-2017жж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымында болды. «Құрмет» орденінің иегері. ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 mcx.gov@gmail.com
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Қаңтар 1, 1970
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы 1969 жылы 23 тамызда Алматы облысында туған. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтын (1991), Қазақ қой шаруашылығы ғылыми – зерттеу технологиялық институтында аспирантураны бітірген (1994). Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, тамақ қауіпсіздігі бойынша PhD. Еңбек жолын 1991 ж. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтында бастаған. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми – зерттеу технологиялық институтында түрлі қызметтерді атқарды. В 1998-2000 жж. «Еңбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша бас технолог қызметін атқарды. В 1996-2001 жж. Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру бойынша селекционер-зоотехник, ғылыми консультант қызметтерінде болды. 2001-2007 жж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы, мал шаруашылығы технологиясы факультетінде оқу бойынша деканның орынбасары қызметінде болды. 2007-2011 жж. «Crown Central Asia» ЖШС-де мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінде коммерциялық директор, директор қызметтерін атқарды. 2011-2012 жж. «КазАгроӨнім» АҚ Басқарушы директоры болып істеген. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға ат салысқаны үшін» 2 дәрежелі медалімен марапатталды. ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 mcx.gov@gmail.com
Жемқорлыққа жол жоқ
Қаңтар 1, 1970
Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі Су ресурстары Комитетінің «Казсушар» РМК-ың ұжымымен және оның аймақтық бөлімшелерімен кездесті.

       А.ж. 26 желтоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі Су ресурстары Комитетінің «Казсушар» РМК-ың ұжымымен және оның аймақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесуге 300-ге жуық қызметкер қатысты.

      Департамент басшысының міндетің атқарушы Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басты шаралар жайлы түсіндірді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мониторинг жүргізу, қаржылық бақылау шаралары - сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі механизмдері болып табылатындығын атап өтті.

        Кездесу барысында бейнероликтер көрсетілді және барлық сұрақтарға жауап берілді.

«Қазсушар» РМК объектілері бойынша ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу конкурсының критерийлерін, параметрлерін және болашақ талаптарын талқылауға қатысу үшін  ШАҚЫРУ
Қаңтар 1, 1970
«Қазсушар» РМК объектілері бойынша ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу конкурсының критерийлерін, параметрлерін және болашақ талаптарын талқылауға қатысу үшін ШАҚЫРУ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК барлық жобалау және консалтингілік ұйымдарды тұрақты суландыру бойынша сұранысқа ие жерлерін қалпына келтіру, Қазақстан Республикасы Алматы облысы аймағы бойынша апатты су қоймаларды қайта жаңғырту және жаңаларды салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурстардың критерийлерін, параметрлерін және болашақ талаптарын талқылауға қатысуға шақырады. Жиналыс 2017 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де, индекс-010000, Астана қаласы, Иманов көш., 50 үй, ҚР АШМ СРК «Қазсушар» РМК 5-қабатында мәжіліс залында өткізіледі, электрондық пошта: kense@qazsu.kz Қосымша: 1 парақта.   ИНФОРМАЦИЯ  О  ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРЕДЛОЖЕНИЯХ по РГП "Казводхоз" Байланыс телефондары: Искакова Айгуль Оспановна ұялы телефон: 8 702 420 33 86 қала телефоны:  8 727 371 80 06
«Қазсушар» РМК объектілері бойынша ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу конкурсының критерийлерін, параметрлерін және болашақ талаптарын талқылауға қатысу үшін ШАҚЫРУ
Қаңтар 1, 1970
«Қазсушар» РМК объектілері бойынша ТЭН мен ЖСҚ әзірлеу конкурсының критерийлерін, параметрлерін және болашақ талаптарын талқылауға қатысу үшін ШАҚЫРУ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ШЖҚ РМК барлық жобалау және консалтингілік ұйымдарды тұрақты суландыру бойынша сұранысқа ие жерлерін қалпына келтіру, Қазақстан Республикасы бойынша апатты су қоймаларды қайта жаңғырту және жаңаларды салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ Есіл өзенінің арнасын түзулеу және тереңдету үшін конкурстардың критерийлерін, параметрлерін және болашақ талаптарын талқылауға қатысуға шақырады. Жиналыс 2017 жылғы 4 қыркүйекте сағат 10:00-де, индекс-010000, Астана қаласы, Иманов көш., 50 үй, ҚР АШМ СРК «Қазсушар» РМК 5-қабатында мәжіліс залында өткізіледі, электрондық пошта: kense@qazsu.kz Қосымша: 1 парақта.  ИНФОРМАЦИЯ О ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРЕДЛОЖЕНИЯХ по РГП "Казводхоз"  Байланыс телефондары: Құлжанов Мағауя Абдреевич ұялы телефон: +7-775-398-61-17 қала телефоны:  +7 (7172)37-46-17

Managed by Immediate XRise