Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы «Бескемпір», «Бошмойын», «Талас-Аса» шаруашылық аралық каналдарын күрделі жөндеу және қалпына келтіру»

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы «Бескемпір», «Бошмойын», «Талас-Аса» шаруашылық аралық каналдарын күрделі жөндеу және қалпына келтіру» жобасында құрылыс жұмыстарын мердігер «Реал Билдинг» ЖШС атқаруда. Бошмойын каналындағы жұмыстық жобаның соңғы нәтижесі - "Бошмойын" каналына қарастысуармалы жерлерді толық пайдалану, яғни қосымша1324 га жерді суғару және суармалы жерлердің аумағын 4809,13 га дейін жеткізу, бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.Каналды күрделі жөндеу және қалпына келтіру – оның пайдалы әрекет коэффициентін арттырады. Осы жобада ұзындығы 21 км қираған науаларды ауыстыра отырып, «Бошмойын» каналын күрделі жөнде ужәне қалпына келтіру, су тарату құдықтары мен гидропосттарды,учаскелік арналарға су шығарғыштарды жәнеолардың су өлшегіш құрылымдарын жөндеу,сондай-ақ суды ашып-жабатын қақпаларды орнату көзделген.

Жарияланған күні мен уақыты: 21.11.2024, 09:49