Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


9 шілдеде Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі

Cалтанатты іс-шара Экология министрлігінде өтті.

Жарияланған күні мен уақыты: 08.07.2022, 17:30

Еліміз үшін су шаруашылығы мамандығының маңызы ерекше. Қазақстанның су әлеуеті көбінесе көрші елдерден келетін су ағынына, сондай-ақ климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты. Бірақ күндіз-түні вегетациялық кезеңдерде жұмыс істейтін су мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында фермерлер дақылдарды көп шығынсыз суару кезеңінен өтеді.

Сондықтан, су кәсібі құрметті, қарапайым және өте маңызды. Су шаруашылығы саласының қызметкерлері елдің су ресурстарын пайдалануды есепке алумен, жоспарлаумен және басқарумен, оларды ластану әрі сарқылудан қорғаумен, су шаруашылығы жүйелерін пайдаланумен айналысады. Осылайша, олар адамдардың күнделікті өмірінде, ауыл шаруашылығы саласында, жалпы ел экономикасында үлкен рөл атқарып, су арқылы әрбір үй мен кәсіпорынға өмір тіршілік нәрін береді. Оның үстіне бұл салада отбасылық әулеттер де аз емес.

Мемлекет басшысы су саласын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Бірқатар стратегиялық міндеттер қойылды. Баршаға белгілі, Президент суармалы жер көлемін 2030 жылға дейін ағымдағы 1,6 млн.гектардан 3 млн. гектарға дейін ұлғайту жөнінде тапсырма берді. Бұл, ең алдымен, жұмыс орындары, елдің азық-түлік қауіпсіздігі.

Республикада осы жылдар бойы су ресурстарын тиімді басқару бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында елдің әртүрлі өңірлеріндегі топтық су құбырлары жөнделді, жаңа су қоймалары, арналар мен гидротехникалық құрылыстар қалпына келтіріліп, салынуда, гидротехникалық құрылыстарды басқаруды, су ресурстарын бөлуді, есепке алуды және мониторингілеуді цифрландыру және автоматтандыру енгізілуде. Экология министрлігі сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыруда, оның шеңберінде 2025 жылға қарай суару кезіндегі шығынды 4 км3-ке қысқарту, өнеркәсіпте таза су алу көлемін 1,3 км3-ке азайту белгіленген.

Бұдан бөлек, елдің су заңнамасы, су шаруашылығы үшін кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі жетілдірілуде, су ресурстары мен су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми орталық құрыла отырып, ғылыми әлеует дамытылуда.

Мерекеге орай Экология министрі Серікқали Брекешев су шаруашылығы саласының ардагерлерін, қызметкерлері мен еңбек ұжымдарын құттықтап, оларға мықты денсаулық, амандық және күрмеуі қиын еңбектеріне табыс тіледі. Ерекше көзге түскен қызметкерлер құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға, сондай-ақ «Су шаруашылығының ардагері» және «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгілеріне ие болды.