Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Автоматтандыру жүйелерін өндірушілермен кездесу өтті

Жарияланған күні мен уақыты: 15.04.2022, 15:50

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына су үнемдеу технологиялары мен суды есепке алудың цифрлық жүйелері туралы Жолдауын орындау және елдегі су тапшылығының алдын алу мақсатында "Қазсушар" РМК суару желісін автоматтандыру жоспарын іске асыруда.

 

Жобаның мақсаты Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы магистральды және шаруашылықаралық арналарда су есептеуде автоматтандыруды енгізу.

 

Осыған байланысты Rubicon (Австралия), GWB (Германия) және Owen (Ресей) сияқты компания өкілдерімен ашық арналардағы суды есепке алуды автоматтандыру жүйелерінің өндірушілерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында кәсіпорынның суару желісін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі перспективалық жоспарлары талқыланды, сондай-ақ өндірушілер ұсынған "Қазсушар"мекемесінің су объектілерінде оларды қолдану мүмкіндігін қарау үшін су ресурстарын автоматтандырудың техникалық шешімдері қаралды.