Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Есқұла, Қаскелең және Соколов топтық су тартқыштарын салу және реконструкциялау туралы

Аталған су тартқыштарын салу және қайта жаңарту бекітілген жұмыс кестесінде көрсетілгендей заңға сәйкес, тапсырыс беруші – ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл туралы «Қазсушар» РМК баспасөз қызметі кейбір БАҚ-та аталған жобалардың құрылыс жұмыстарының кешігу себептері туралы ақпаратқа жауап ретінде хабарлайды.

Жарияланған күні мен уақыты: 15.07.2022, 17:36

Қаскелең және Соколов топтық су құбырларының құрылысы 2018 және 2020 жылдары пайдалануға берілді. Соколов топтық су құбырына қатысты жалпы жобаны іске асыру 2 кезеңге бөлінді. Қайта құрудың 1-кезеңі 2018 жылы пайдалануға берілді, оны жүзеге асыру 2011 жылы басталған.            Жобаны іске асыру барысында мердігерлер 187,1 км магистральдық су тартқышты, сондай-ақ сорғы станцияларын салды. Бұл 12,5 мың халықтан тұратын 18 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік.

 

Сондай-ақ, Комитет 2018 жылдан бастап "Соколов топтық су құбырын реконструкциялау және 2-ші кезеңге қосылған ауылдық елді мекендердің таратушы желілерін салу" жобасын іске асыруда. Жобаның мақсаты сумен қамтамасыз ету және 14 ауылдық елді мекеннің өмір сүру сапасын жақсарту.

 

Өткен жылы «Қазбайлық Астана» ЖШС әзірлеген жұмыс сызбалары мен сметалық құжаттарында едәуір қателіктер кеткені белгілі болды. Яғни, жобаны жүзеге асыру және оны егжей-тегжейлі зерделеу барысында жұмыс сызбаларында да, сметалық құжаттарда да, оқылықтарға жол берілгені анықталды. Сондықтан Комитет 2021 жылы мердігер мекемемен шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты келісім-шартты біржақты тәртіппен бұзды. Мұндай жұмыс қарқынмен жобаны толық жүзеге асыру мүмкін емес.

 

Бұдан соң қателіктер түзетіліп, былтыр қарашада мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Бүгінгі күні медігер түзетілген жобалау-сметалық құжаттаманы бермеген. Осыған байланысты қазіргі уақытта олармен сот процесі жүргізілуде. Аяқтағаннан кейін Комитет жаңа жеткізушіні (бас мердігерді) анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді жариялайды. Нысанды аяқтау келесі жылдың соңына жоспарланып отыр.

 

Қаскелең топтық су құбырына қатысты нысанның құрылысы 5 кезеңнен тұратынын хабарлаймыз, оның ішінде 2020 жылы "Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең топтық су құбырының құрылысы 1-ші іске қосу кешені (құрылыстың 1-кезегі)"нысаны аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі танда Қаскелең қаласының шекарасы бөлінгенге дейін халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде.     

 

Қалған төрт жоба бойынша құрылыс басталған жоқ. ҚР ҚН сәйкес 1.02-03-2011 "құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және оның құрамы", егер жобалау құжаттамасы бекітілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылыс басталмаса, онда ол ескірген болып есептеледі. Сонымен қатар, қолданыстағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтіргеннен кейін пайдаланылуы мүмкін, яғни осы жобаларға түзетулер ретінде мыналарды енгізу қажет. Бүгінгі таңда екі жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды:

1) "Алматы облысы Қарасай ауданында Қаскелең топтық су құбырының құрылысы құрылыстың I кезеңі (2 іске қосу кешені) түзету"

2) "Алматы облысы Қарасай ауданында Қаскелең топтық су құбырының құрылысы құрылыстың I кезеңі (3 іске қосу кешені) түзету"

Осы жылы аталған жобаларды іске асыруға 100 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

 

            Бұдан бөлек, Ұлытау облысындағы Жезқазған қаласын сумен қамтамасыз ететін Есқұла су тартқышы биыл пайдалануға беріледі. Оның құрылысы 2010 жылы басталған. Су құбырының бағытын өзгерту мен шахтаның опырылуының анықталған қауіпті аймағын айналып өту қажеттілігіне байланысты жобаға бірнеше рет түзетулер енгізілді. Былтыр жоба форс-мажорлық жағдайларға байланысты аяқталмады (қытай шекарасынан техникалық жабдықтың кешігіп жетуі, яғни, сорғы станцияларының жұмысын реттеуге арналған жабдық). Осыған байланысты игерілмеген қаражат бюджетке қайтарылды. Нысанды биыл пайдалануға беру үшін 2022 жылға арналған бюджетті нақтылау аясында 537,5 миллион теңгеге қолдау көрсетілді.

 

            Бүгінгі күні мердігерлер әрқайсысының көлемі 10 000 м3 екі резервуарды, ӘЖ 6 кВт, НС-3 көтергішті және алаңішілік желілерді қалпына келтіру жұмыстары бойынша жұмыстарды орындады. Сондай-ақ, ҮҚЖ жабдықтары мен электр жабдықтары бар 3-ші көтергіш сорғылар орнатылды. Сонымен қатар, 72 км магистралды су құбыры төселді. Осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

 

 

Бүгінгі күні Сәтбаев қаласы мен Жезді кентінднгі 73 мың адам сумен толық қамтамасыз етілген, Жезқазған қаласы үшін учаске тестілік режимде су беруге дайын. Сондай-ақ, 2021 жылы 2 нысан аяқталып пайдалануға берілді. Бұл Есқұла су тартқышының учаскесін ауыстыру және бас су тартқышты қайта жаңарту жобасы. Аталған жобалардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Комитеттің үнемі   бақылауында.

           

Қорытындылай келе, БАҚ өкілдерін ресми ақпарат алу үшін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті мен "Қазсушар"РМК –ның баспасөз қызметіне жүгінуге шақырамыз. Біз әрқашан сындарлы ынтымақтастыққа ашықпыз!