Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ САБАҒЫ ӨТТІ

Жарияланған күні мен уақыты: 28.01.2022, 17:08

ҚР төтенше жағдайлар министрлігің бастамасымен көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жөнінде сабақ өтті. Оған Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев, комитеттің бассейн инспекциялары мен «Қазгидромет» РМК өкілдері қатысты.

 

Сабақ барысында Қазгидромет болжамына сәйкес тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларындағы қауіпсіз көлемдерді анықтау бойынша Су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларының жұмыс тәжірибесі айтылды. Бұдан бөлек, су тасқыны қаупі бар елді мекендердегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, олардың қатерден қорғалу деңгейі туралы талқыланды. Өз кезегінде Мақсат Аяшев атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

 

Айта кетейік, елімізде 300-ден астам үлкенді-кішілі су қоймасы бар. Оның 86-сы Қазсушар кәсіпорнына тиесілі. Қазір Су ресурстар комитеті Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе су тасқына қарсы шараларды жүзеге асырып жатыр.