Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Үкіметте су саясатының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды

Жарияланған күні мен уақыты: 21.05.2022, 17:10

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Су кеңесінің отырысын өткізді, онда бір мемлекеттік органға сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету функцияларын біріктіру мәселелері, сондай-ақ Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазіргі таңда мемлекеттік су саясатын іске асыру түрлі мемлекеттік органдардың құзырында екенін атап өтті.

Осылайша, азаматтарды және экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану мен қорғауға қатысты функциялар үш министрлікке — Экология, геология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктелген.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне су ресурстарын басқаруға, су бұруға, азаматтар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ су экожүйелерін қолдауға байланысты негізгі функцияларды қосу ұсынылады.

Толығырақ: https://primeminister.kz/kz/news/ukimette-su-sayasatynyn-tiimdiligin-arttyru-maseleleri-karaldy-214278