Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Кирово-Чижинский канал

Реконструкция объектісі – Кирово-Чижинский каналы жалпы алғанда облыстың бес ауданының (Байтерек, Ақжайық, Жанғалин, Тасқала, Қазталов) аумағын алып жатыр және облыс орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 190 км қашықтықта орналасқан.

Жарияланған күні мен уақыты: 16.08.2024, 10:05

«Қазсушаруа» РМК «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің» құзырындағы мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №196 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері туралы» қаулысына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру арқылы құрылған.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласы (сферасы) бойынша уәкілетті органның функциясын Кәсіпорынға қатысты «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті» атқарады.

«Қазсушаруа» РМК-ның негізгі қызметінің нысаны – республикалық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын пайдалану, күтіп ұстау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суаруға және ауыз суға арналған су беру. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Кәсіпорынның балансында тұрған күрделі мақсаттағы гидротехникалық құрылыстар мен су қоймалары, басты су құбырлары және басқа да су шаруашылығы нысандарын күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.