Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Қоғамдық талқылаулар өткізу туралы

Жарияланған күні мен уақыты: 17.08.2022, 17:40

Құрметті әріптестер!

2022 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірленіп жатқан жаңа Су кодексінің жобасы шеңберінде су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың қоғамдық талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік қадағалауды енгізу су заңнамасын бұзушылықтардың салдарын болдырмауды, анықтауды, жолын кесуді және жоюды, соның салдарынан су қатынастарының барлық субъектілері үшін әділ және тең сумен қамтамасыз етуге жағдай жасауды көздейді.

БАҚ-ты аккредиттеу ағымдағы жылғы 18 тамызда сағат 16:00-ге дейін жүргізіледі.

Ақпарат алу және тіркеу телефондары:  8-771-968-4080

Іс-шараны өткізу күні мен орны: 2022 жылғы 19 тамыз. Алтын Орда бизнес-орталығы, Мангілік ел даңғылы 8, 13-қабат, акт залы

Уақыты: сағат 15:00-де

Онлайн және офлайн режимдерде қатысуға болады.