2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы «Қазсушар» филиалы сегіз су торабы мен Егінсу су қоймасында жөндеу жұмыстарын аяқтады. Тағы сегіз нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы айдың соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.