Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Су тасқыны бойынша негізгі болжам

Қазгидромет өңдеген "NASA" жерсеріктерінің ЖҚЗ суреттері негізінде, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 65%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда.

Жарияланған күні мен уақыты: 03.03.2022, 17:18

Ал 2021 жылдың қазан-қараша айларында жүргізілген маршруттық зерттеулердің нәтижелері бойынша, астық егетін өңірлердің басым аумағында, қыста кетер алдында ылғал қорының тапшылығы байқалды.

Солайша, республиканың солтүстігі мен орталығында, 2022 жылдың 1 наурызындағы гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулердің деректері бойынша жасалған, ылғал қорының күтілетін көлемі, осы өңірлерде су тасқынына дайын болу қажеттігін көрсетеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қар қоры мен жауған жауын-шашын мөлшері туралы деректер бойынша су аз болады деп болжануда.

✔️ Бұл және көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі бойынша ақпарат, біздің сайтымызда ашық қолжетімділікте. Оны келесі сілтеме бойынша біле аласыздар 

https://kazhydromet.kz/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz/2022