Жамбыл облысы Байзақ ауданының суару жүйелерін қайта жаңарту
«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы суару каналдарын, дренаждық жүйелерін және құрылымдарын қайта құру Свекловичный МК, Айтқұл МК, Медеу МК, Сатыбалды МК» жобасындағы құрылыс жұмыстарын мердігер «Құрылыс ТЭД» ЖШС-і жүргізуде.Жұмыс жобасының соңғы нәтижесі - Жамбыл облысында орналасқан трансшекаралық Талас өзенінің бассейндеріндегі ауыл халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық өмір сүру жағдайларын қолданыстағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және жетілдіру жолымен егіннің өсуі үшін мелиоративтік жағдайлар жасау негізінде жақсарту. Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - аграрлық өндірісті индустрияландыруға және АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) өнімдерінің негізгі түрлері бойынша оның тиімділігінің өсуіне негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету. Свекловичный, Медеу, Сатыбалды каналдарын реконструкциялау және қалпына келтіру вегетациялық кезеңде суару алқабында сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты, суармалы алқаптарға су беруді ұлғайтуға мүмкіндік береді және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартады. Жамбыл облысы жағдайында суару-жоғары кепілдендірілген өнім алу факторларының бірі, өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытудың басты буыны.