Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Жамбыл облысында вегетация маусымына дайындық туралы

Өңірде су тапшылығын алдын алу мақсатында салалық мекемелер барлық ықтимал шараларды қабылдауда. Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен "Қазсушар" РМК бас директоры Алтай Елжасов жұмыс сапары барысында танысты.

Жарияланған күні мен уақыты: 03.05.2022, 16:59

Қордай ауданында ол "Қосу АҚ" және "Объедененный" магистралды каналдарының жағдайымен танысты, онда "Еуропалық Қайта Құру және даму банкі"қаражаты есебінен қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 1,2 км құрайтын "Қосу Ак" каналы толық жөндеуден өтті. Сонымен қатар, ұзындығы 975 м "Объедененный" каналында жұмыстар 54% - ға орындалған. Алтай Елжасов осы жылдың соңына дейін екі арнаның қайта жаңарту жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

 

Меркі ауданында "Қазсушар" РМК Бас директоры өткен жылдың желтоқсан айында басталған 46 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарының барысын тексерді. Болжам бойынша, 46 ұңғымадан Батыс Үлкен Шу каналына 2,7 текше метр су келіп түседі, бұл 2700 гектар егіс алқабын суаруға мүмкіндік береді. Жалпы, Бас директор жер асты суларын ұтымды пайдалану жөніндегі жұмысқа оң баға беріп, оны басқа аудандарда да жүргізу қажеттігін атап өтті.

 

Байзақ ауданында Алтай Елжасов Мырзатай ауылындағы "Белқожа" каналын қайта құру жұмысымен танысты. "СМУ Бурводстрой" ЖШС мердігер компанияға жөндеу жұмыстарын жылдамдату тапсырылды.

 

Сондай-ақ Алтай Елжасовтың қатысуымен халықаралық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Жамбыл облысында Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) қаражаты есебінен 34 объектіде ирригациялық каналдарды, су бұру жүйелерін және құрылыстарды реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кездесуге мердігерлер, "Қазсушар" РМК Жамбыл облыстық филиалының басшылары, жобалардың авторы, техникалық қадағалау өкілдері және "СЕСТ Инжиниринг"ЖШС халықаралық консультанты қатысты. А.Елжасов мердігерлерге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

 

Халықаралық даму банктері (ЕҚДБ, ДДБ) есебінен жүргізіліп жатқан Жамбыл облысындағы су объектілерінің құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысы Жамбыл облысының әкімдігінде де қаралды. Кеңеске Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, "Қазсушар" РМК бас директоры Алтай Елжасов, "Қазсушар" РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаев және салалық басқармалардың басшылары қатысты.

Өңір әкімі атап өткендей, вегетация кезеңінде су үздіксіз берілуі керек. Сондай-ақ, кездесу барысында су қоймаларын толтыру және суармалы су беру мәселелері қаралды. Бүгінгі таңда су қоймаларын толтыру деңгейі 85-90% құрайды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша су қоймаларының қысқы-көктемгі маусымға дайындығын бақылауды жүзеге асыру, ЕҚДБ көмегімен іске асырылатын жобаларды түзету бойынша жұмыстарды шұғыл аяқтау, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, вегетация кезеңінде қажетті су қорларын қалыптастыру, қолда бар су қорын ұтымды және үнемді пайдалану бойынша шараларды қабылдау бойынша тапсырмалар берілді.

 

Сондай-ақ, вегетациялық кезеңге дайындық аясында "Қазсушар" РМК Жамбыл облыстық филиалының балансындағы каналдар қоқыстан, кірден және арамшөптерден тазартылып, гидроқұрылыстарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өзендерде судың жетіспеуіне байланысты жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аз ғана суаруды қажет ететін дақылдарды егу қажеттілігі, сондай-ақ ылғал үнемдеу технологияларын қолданудың маңыздылығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, фермерлерге ауыспалы егіс технологиясын қатаң сақтай отырып, суармалы жерлерде агротехникалық және мелиорациялық жұмыстарды жүргізу және ұсақ тауар өндірушілерді ірі кооперативтерге немесе қауымдастықтарға біріктіру қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді.

 

Анықтама үшін:

Жоспарға сәйкес, вегетациялық кезеңде суару үшін Жамбыл облысында 1284 млн текше метр су қажет. Бұл ретте жерүсті су ресурстарының 80% - ы вегетация кезеңінде Жамбыл облысына Қырғызстан Республикасынан трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы түседі.

Биыл таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қар қоры мен жауын-шашын жылдық нормадан төмен болды. Сондықтан 2022 жылдың вегетациялық кезеңінде барлық көздерден 880 миллион текше метр көлемінде су алу және ауданы 120 мың гектар егістікті суару жоспарлануда.