Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Жамбыл облысында вегетациялық кезең табысты өтуде

Фермерлер сумен жеткілікті көлемде және уақытылы қамтамасыз етілуде, деп хабарлады "Қазсушар" РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев. Бұған көктемгі жауын-шашынның қажетті деңгейіне жету ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның тұрақты, жүйелі жұмысы да ықпал етеді.

Жарияланған күні мен уақыты: 23.08.2022, 17:22

Вегетация кезеңінде аймақтағы шаруалар үшін қажетті су көлемі 505 миллион текше метрді құрайды.

 

Биылғы жылдың суару маусымына қарай су қоймаларында су жинау кестеге сәйкес жүргізілді. Вегетациялық кезеңде облыстың 9 ірі су қоймасында орташа есеппен 90,3% су, ал 105 шағын су қоймасында 72,3% су жинақталған. Ол егіс алқаптарына жоспар бойынша - күн сайын, жергілікті шаруашылықтардың қажеттіліктеріне сәйкес беріледі.

 

Бұдан басқа, "Қазсушар" РМК филиалы су беру мен жинақтаудың қолданыстағы жүйелерін қайта құру және жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Еуропа Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) тиісті жобасы аясында бүгінде 6 мердігер ұйым жұмыс істейді.

 

Бүгінгі таңда облыста каналдар, ұңғымалар мен науалар жөнделді, үш ауданда ирригациялық және дренаждық жүйелер жаңғыртылуда. Сондай-ақ, 2 су қоймасын күрделі жөндеу бойынша бюджетке өтінім берілді, деп атап өтті филиал директоры Қазыбек Бедебаев.

 

Сонымен қатар, оның айтуынша, облыстың бірнеше ауданында ұңғымаларды игеру жұмыстары басталды. Бұл суару маусымында жер үсті суларының тапшылығы бар аудандарда қосымша 275 миллион текше метр су жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.