Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Жер жөндеу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізгені үшін «Astana City Engineering» ЖШС-ті әкімшілік жауапкершілікке тарту

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) ҚС 10 кВ кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Astana City Engineering» ЖШС Нұр-сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, И.Омаров көшесі мен Е-312 көшесі қиылысында орналасқан "Inju City" ТК салынып жатқан объектісіне дейін жылу трассасының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны анықталды. Монтаждау жұмыстары "Астана-АЭК" АҚ және 10 кВ кабель желілері иелерінің келісімінсіз жүргізілуде, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 242 тармағын, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайлары қағидаларының 20-тармағын бұзу болып табылады.

Жарияланған күні мен уақыты: 04.02.2022, 17:14

Осыған байланысты Департамент , ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, электр желілеріне жауапты ұйымның келісімінсіз электр желілерін қорғау аймақтарында монтаждау, жер жұмыстарын жүргізгені үшін «Astana City Engineering» ЖШС-ті Кодекстің 305-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияның заңды өкілі бұл құқық бұзушылықпен келісті, осыған байланысты әкімшілік іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды. Айыппұл төленді.

Департамент барлық жеке және заңды тұлғаларға электр желілері жанында қазба және құрылыс-монтаждық жұмыс жасаған кезде Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын және Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын сақтау керектігін ескертеді.

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы

бойынша аумақтық департаменті» ММ