Сапар барысында ол Достық магистралды каналының жағдайымен танысып, Жетісай, Мақтаарал аудандарында суармалы су тапшылығын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.
Толығырақ … «07-02-2022 17: 24»«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не (бұдан әрі – Департамент) ҚС 10 кВ кабельдік желілерінің зақымдалғаны туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-Энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік істі қарау барысында «Astana City Engineering» ЖШС Нұр-сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, И.Омаров көшесі мен Е-312 көшесі қиылысында орналасқан "Inju City" ТК салынып жатқан объектісіне дейін жылу трассасының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны анықталды. Монтаждау жұмыстары "Астана-АЭК" АҚ және 10 кВ кабель желілері иелерінің келісімінсіз жүргізілуде, бұл 2015 жылғы 30 наурыздағы №246 тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидасының 242 тармағын, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу және осындай аймақтардың шекарасында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше жағдайлары қағидаларының 20-тармағын бұзу болып табылады.
Толығырақ … «04-02-2022 17: 14»