Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Қазсушар» кәсіпорынының «Қ.Сәтбаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында №57 канал астындағы су өткізу құбырларын және №56 канал арнасын тазартты. №55 канал маңындағы тоғандардағы ойпаттарды бітеу және қоршау бөгеттерін нығайту, сондай-ақ №54а каналындағы бөгет жотасында жөндеу жұмыстарын жүргізді.

№58 канал астындағы №123 су өткізетін құбырды тазарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, қазан айының соңына дейін №63а каналының астындағы №128 құбырды жөндеу жоспарланып отыр.

 

«21-10-2024 14: 37»

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Жарма ауданындағы Шар су қоймасының бөгетін бетондап жатыр. Құрылыс жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

 

«18-10-2024 14: 11»

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Мақтаарал ауданындағы К-18 каналында механикалық тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 190 шақырым болатын каналдың 44 шақырымы тазартылды.  Айта кету керек, жыл басынан Мақтаарал ауданында 130 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазартылды.

«16-10-2024 13: 58»