Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

 «Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы суару каналдарын, дренаждық жүйелерін және құрылымдарын қайта құру Свекловичный МК, Айтқұл МК, Медеу МК, Сатыбалды МК» жобасындағы құрылыс жұмыстарын мердігер «Құрылыс ТЭД» ЖШС-і жүргізуде.Жұмыс жобасының соңғы нәтижесі - Жамбыл облысында орналасқан трансшекаралық Талас өзенінің бассейндеріндегі ауыл халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық өмір сүру жағдайларын қолданыстағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және жетілдіру жолымен егіннің өсуі үшін мелиоративтік жағдайлар жасау негізінде жақсарту. Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - аграрлық өндірісті индустрияландыруға және АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) өнімдерінің негізгі түрлері бойынша оның тиімділігінің өсуіне негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету. Свекловичный, Медеу, Сатыбалды каналдарын реконструкциялау және қалпына келтіру вегетациялық кезеңде суару алқабында сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне байланысты, суармалы алқаптарға су беруді ұлғайтуға мүмкіндік береді және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартады. Жамбыл облысы жағдайында суару-жоғары кепілдендірілген өнім алу факторларының бірі, өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытудың басты буыны.

 

«18-11-2024 08: 50»

2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысы «Қазсушар» филиалы сегіз су торабы мен Егінсу су қоймасында жөндеу жұмыстарын аяқтады. Тағы сегіз нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы айдың соңына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

«06-11-2024 16: 00»

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Жетісу облысының «Қазсушар» филиалы  пайдалану жолдары мен гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту, инертті және жанар-жағармай материалдарын дайындау, бөгеттерді қалпына келтіру және каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын жүргізеді.

«06-11-2024 15: 51»