Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз


Warning: Undefined array key 20 in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 46

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан филиалы «Күршім өндірістік учаскесінің инженері» бос лауазымына конкурс жариялайды.

Жарияланған күні мен уақыты: 27.09.2024, 09:12 Мақала авторы: kazvodhoz

Warning: Undefined array key 3 in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 95

Warning: Attempt to read property "value" on null in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 95

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш

2) Түйіндеме (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

3) Еркін түрде жазылған өмірбаян

4) Білім туралы құжаттардың көшірмелері

5) Еңбек кітапшасының көшірмесі

6) 075/у белгіленген нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама

7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама

8) Білім туралы қосымша ақпарат (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланым туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ, бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтан мінездеме және т.с.с.)

 

Инженер-гидротехник лауазымына қойылатын функционалдық міндеттер:

-       Пайдалану ережелеріне сәйкес су шаруашылығы жүйелеріндегі судың тартылуын, есепке алынуын және үлестірілуін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

-       Су пайдаланудың жылдық жоспарының құрылуын және оның орындалуын қадағалауды ұйымдастырады, сонымен қатар, су пайдаланушыларға су беру мен суды қабылдау журналдары мен актілерін ресімдейді, су тарту және су бөлу орындарының су өлшегіш құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етеді, су қоймаларының, гидротораптардың жұмыс кестесін құрады, оның сақталуын қадағалайды;

-        Мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын паспорттауды басқарады, статистикалық және жедел құжаттарды дайындайды, суармалы жерлердің көлемін жыл сайын бақылап отырады;

-       Гидромелиоративтік бекеттердің және жабдықтардың техникалық жағдайы туралы актінің, жөндеу жұмыстарын орындауға өтінімнің уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді;

-       Техникалық пайдалану ережелерінің, қауіпсіздік техникасының және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

-       Гидрометриялық бекеттердің және жабдықтардың сақталуын бақылауды, су реттеушілердің жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;

-       Мелиоративтік жүйелер мен құрылыстарды паспорттаудың жиынтық қорытындысының, техникалық жағдай мен теңгерімдік құнның жиынтық ведомосінің, гидробекеттер мен жабдықтардың ақау ведомосінің жасалуын қамтамасыз етеді.  

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары техникалық білім  (жұмыс өтіліне талап қойылмайды) немесе орта техникалық білім мен мамандық бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 99/1 мекенжайы бойынша немесе voda_2004@mail.ru электронды мекенжайына ұсынылуы керек. Анықтама телефоны: 8/7232/51-89-218-705-522-92-87 

Жұмыс орны: ШҚО, Күршім ауданы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау Ережелері негізінде өткізіледі.  


Warning: Undefined array key 0 in /var/www/html/templates/j4starter/html/com_content/article/news.php on line 201